Солтүстік Қазақстан облысының демографиялық мәселелері: оларды қалай шешуге болады?

20.03.2025

Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында еліміздің Президенті оңтүстік және солтүстік өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздік туралы атап өтті.

Солтүстік өңірлердің ішінде Солтүстік Қазақстан облысы демографиялық даму мәселесіне бәрінен көп тап болады. Соңғы он жыл ішінде (2014-2024жж.) өңірдегі халық саны 8,7%-ға қысқарды. Қостанай облысында халық саны салыстырмалы түрде 6,3%-ға, Шығыс Қазақстан облысында 3,3%-ға төмендеді.

Экономикалық зерттеулер институтының есептеулеріне сәйкес, өңірдегі қазіргі демографиялық жағдайды сақтай отырып, халық саны 2030 жылы 488 мың адамға, 2035 жылы 454 мың адамға дейін азаюы мүмкін.

Облыста елдің басқа өңірлерінде сияқты урбанизация процесі жүріп жатыр. 10 жылдық кезеңде облыстың қала халқы 6,2%-ға артты, ауыл халқы 19,7%-ға қысқарды. Аудандар бойынша халықтың азаюы 18,3% және 28% аралығында өзгереді.  

Өңірде еңбекке қабілетті жастағы халықтың үлесі де төмендейді (65,1%-дан 59,3%-ға дейін) және қарт (зейнеткер) халықтың үлес салмағы (13,7%-дан 19,4%-ға дейін) артады. Еңбекке қабілетті жастағы тұрғындарға демографиялық жүктеме оңтүстік өңірлермен салыстырғанда төмен. Алайда, оңтүстік және батыс өңірлерде жүктеменің басым бөлігі балаларға қатысты, бұл алдағы еңбек ресурстарының әлеуетін көрсетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында балалар мен қарттардың демографиялық жүктемесі бір деңгейде.

Балалардың демографиялық жүктемесі 1000 адамға шаққандағы 325,1-ден 1000 адамға шаққандағы 358,3-ке дейін, егде жастағы тұрғындар 1000 адамға шаққандағы 210,6-дан 1000 адамға шаққандағы 327,1-ге дейін өсті. Қолайсыз демографиялық үрдістер сақталған жағдайда егде жастағы халықтың жүктемесі артады.

Солтүстік Қазақстан облысы халықтың табиғи кемуі байқалатын жалғыз өңір болып табылады. Халықтың табиғи азаюы қалалық жерлерде 2020 жылдан, ауылдық жерлерде 2018 жылдан бері байқалады.  Айта кету керек, өңірдегі жалпы туу коэффициенті 2023 жылы 1,82 құрады (бір әйелге шаққандағы 2,1 туудан төмен), бұны халық санын оның көбею деңгейінде сақтау үшін нені "жеткіліксіз" деп санауға болады.

Бала туудың төмендеуі еңбекке қабілетті және репродуктивті жастағы халықтың көші-қон ағынымен де байланысты. ҚР СЖжРА ҰСБ 2013-2023 жж. статистикалық деректеріне сәйкес, өңір көші-қон есебінен 54 542, оның ішінде 40 549 адам еңбекке қабілетті жастағы адамнан айырылды. 

Облыс халқы тек елден тыс жерлерге ғана емес, сондай-ақ өңірден тыс жерлерге де қоныс аударады. Облыстағы өңіраралық көші-қон сальдосы басқа өңірлердің пайдасына 30 780 адамды, оның ішінде 24 441 адам еңбекке қабілетті жастағы адамды құрады.

Өңірлер бөлінісіндегі өңіраралық көші-қон Солтүстік Қазақстан облысы Астана мен Ақмола облысы үшін едәуір дәрежеде көші-қон "доноры" болып табылатынын көрсетеді. Оңтүстік өңірлерден көші-қон ағындары ағынның орнын толтыру үшін әлі жеткіліксіз.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысындағы демографиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды өңірдің тартымдылығын арттыруға шоғырландыру қажет:

  • кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау, мысалы, индустриалды парктер құру, стартаптарға салықтық жеңілдіктер немесе субсидиялар беру;
  • инфрақұрылым мен туризмді дамыту: жолдарды, көлік желілерін жақсарту, өңірдің туристік брендін ілгерілету. Экотуризм мен агротуризмді насихаттау қажет;
  • Солтүстік Қазақстан облысын өмір сүруге, жұмыс істеуге және демалуға тартымды орын ретінде белсенді ілгерілету.

Мемлекет басшысы сондай-ақ жергілікті оқу орындарының еңбек нарығының қажеттіліктеріне икемділігінің маңыздылығын өңір үшін еңбек ресурстар тапшылығын шешудің бір жолы ретінде атап өтті.

 

Жетекші сарапшы

Тулешова Шынар



Қарау саны: 24
Сақталған: 20.03.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!