Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық қатынастар
28.03.2025
ҚР Стратегиялық даму және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 4,1 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6,4%-ға төмен. Қазақстанның Өзбекстанға экспорты 2,8 млрд АҚШ долларын, ал Өзбекстаннан Қазақстанға импорты 1,3 млрд АҚШ долларын құрады.
Қазақстан Өзбекстанның ең ірі сыртқы сауда серіктестерінің үштігіне кіреді, оның республиканың жалпы тауар айналымындағы үлесі 6,5% құрайды. 2021 жылдан бері екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды шамалы құлдырау мен әсерлі өсу сәттерімен тұрақты деп сипаттауға болады. Осылайша, 2022 жылы өзара сауда көлемі 24,3%-ға төмендеді, ал 2023 жылы көрсеткіш 52,3%-ға өсті. 2021 жылдан 2024 жылға дейін Өзбекстаннан Қазақстанға импорттың негізгі позициялары жер үсті көлігінің бөліктері мен керек-жарақтары, жабдықтар мен механикалық құрылғылар, жеміс-көкөніс өнімдері, сондай-ақ кендер болып табылады. Алайда, 2022 жылы импорттың едәуір бөлігі бау-бақша өнімдеріне, керамикалық өнімдер мен пластмассаларға және олардан жасалған бұйымдарға тиесілі болды. 2023 жылы импорт көлемі шанақ импортын ұлғайту есебінен айтарлықтай көрсеткіштерге жетті, жеткізілім 299 млн АҚШ долларына жетті. 2024 жылы бұл көрсеткіш 205 миллион АҚШ долларына дейін төмендеді. Соңғы
4 жылда Өзбекстанға қазақстандық экспорттың негізін бидай, темірден немесе
легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар, күнбағыс майы мен ұн
құрайды. 2022 жылы экспорттың төмендеуін негізгі позицияларды (бидай, ұн, ет)
жеткізу көлемінің төмендеуімен және темір жартылай фабрикаттар экспортының
толық болмауымен түсіндіруге болады. 2023 жылы экспорттың өсуін 268 млн АҚШ
доллары сомасына темір жартылай фабрикаттар бойынша елеулі мәмілелермен
негіздеуге болады. Экспорт көлемінің шамалы төмендеуі 2024 жылы байқалады, бұл
негізгі позициялардың жеткізілімінің төмендеуін, соның ішінде бидай экспортының
314 миллион долларға және темір жартылай фабрикатының 94 миллион долларға
төмендеуін көрсетеді.
Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық
пулына сәйкес, қазіргі уақытта елімізде өзбек инвесторларының қатысуымен келесі
инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда:
2024 жылы шағын
тораптық әдіспен "Chevrolet Enix" автомобильдерін өндіру жөніндегі
инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Жобаның құны 33,7 млрд теңгені құрады,
Қостанай облысында 400 жаңа жұмыс орны құрылды.
Қарау саны: 85 |
|
|