Қазақстан мен Словения арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 105,7 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,2%-ға төмен. 2021-2022 жылдары өзара тауар айналымының көлемі 9,2%-ға, ал 2023 жылы 70,2%-ға өсті.

Импорттың
негізгі бөлігін 2021 жылдан 2024 жылға дейін дәрі-дәрмектер мен қан сияқты
фармацевтикалық өнімдер құрайды.
2023 жылы Словениядан импорттың елеулі
өсімі
сұрыптау, елеу,
бөлу және т.б. жабдықтарының
11 миллион АҚШ долларына, сондай-ақ 10 миллион АҚШ долларына құрама құрылыс құрылымдарын жеткізудің артуымен түсіндіріледі. Бұл ретте, 2024
жылы Қазақстан 66 млн АҚШ долларына
дәрілік заттар әкелді.

2021-2023 жылдар аралығында Қазақстаннан Словенияға экспорт тұрақты төмендеуімен сипатталады. 2023 және 2024 жылдары экспорттың негізгі позициясы фармацевтикалық тауарлар болып қала береді. 2021 жылы ең көп экспорт 7,3 миллион АҚШ доллары көлеміндегі ферроқорытпаларға тиесілі болды, бұл ретте, 2022 жылы бұл 2 миллион АҚШ доллары көлеміндегі көмірге тиесілі болды. 2024 жылы экспорттың едәуір өсімі байқалды, осылайша, дәрілермен қатар, Қазақстан желімделген фанераларды, панельдерді, тамақ өнімдерін және қарақұмықты жеткізді.

Жалпы алғанда, Қазақстан мен
Словения арасындағы сауда көлемі аз, бірақ тұрақты көлеммен сипатталады. 2021
жылдан 2023 жылға дейінгі экспорттық-импорттық ауытқуларға қарамастан, 2024
жылы жағдай едәуір
жақсарып келеді.
Қазақстан негізінен фармацевтикалық өнімдерді импорттайды, бұл ретте, экспорттық
позициялар жекелеген ірі жеткізілімдерге қатты тәуелді. 2023 жылы тауар
айналымының өсуі көбінесе бір сауда-саттыққа байланысты, бұл өзара сауда
номенклатурасын кеңейту және жаңа өсу нүктелерін іздеу қажеттілігін көрсетеді.