Қолданбалы демография: ол неліктен маңызды?

04.04.2025

Демографиялық ғылымдар жүйесіндегі компоненттердің бірі - "Қолданбалы демография". Демографтардың анықтамасы бойынша "Қолданбалы демография" – бұл әлеуметтік-экономикалық жоспарлауда, қала құрылысында және адамдардың өміріне қатысты басқа салаларда есептеулер мен практикалық шешімдер қабылдауды негіздеу үшін халық пен демографиялық процестер туралы деректерді қолдану".

Демографиялық факторлар келесі негізгі салаларда үлкен назар аударуды қажет етеді:

Еңбек нарығы. Қазіргі уақытта экономиканы жаңғырту жағдайында толыққанды жұмыс істейтін еңбек нарығын құру маңызды мәнге ие. Бұл мәселеде демографиялық фактор өте маңызды рөл атқарады. Елде туу деңгейі 2005 жылдан бастап жоғарылайды. Тиісінше, алдағы жылдары еңбек нарығына еңбек ресурстарының үлкен ағыны күтіледі.

Бұл жағдайда жаңа жұмыс орындарын құру және елдің демографиялық дивидендін тиімді пайдалану басым міндет болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылым. Әлеуметтік инфрақұрылым құрылысын жоспарлау кезінде әрдайым өңірдің демографиялық дамуының болжамды көрсеткіштерін ескеру қажет. Бұл белгілі бір объектінің дамуын дұрыс және уақтылы жоспарлауға көмектеседі.

Демографиялық жағынан қолайлы оңтүстік, батыс өңірлердегі және республикалық маңызы бар қалалардағы маңызды мәселе - тұрғын үй объектілерін, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарын уақтылы дамыту.

Денсаулық сақтау. Қазақстан - ТМД елдерінің бірі, бұнда халықтың жас құрылымы салыстырмалы түрде жас болып саналады. Бірақ елдің демографиялық даму үрдісі халықтың орта жасының ұлғаюы, егде жастағы адамдардың үлесінің артуы және нәтижесінде халықтың қартаю процесі дамиды.

Халықтың қартаюы жағдайында денсаулық сақтауды дамыту бірнеше маңызды бағыттарды қамтитын кешенді тәсілді талап етеді:

  • егде жастағы адамдарға дәрігерлердің қолжетімділігін арттыру, соның ішінде егде жастағы адамдарға арналған орталықтар мен көшпелі медициналық қызметтер құру;
  • мамандандырылған қарттар үйлерін қоса алғанда, ұзақ мерзімді күтімге жағдай жасау, сондай-ақ аурулар мен жарақаттардан кейін емделушілерге оңалту қызметтерін жақсарту;
  • медицина қызметкерлерін егде жастағы адамдармен жұмыс істеудің арнайы дағдыларына, соның ішінде психологиялық қолдауға, созылмалы ауруларға көмектесуге және басқа да көптеген аспектілерге үйрету.

Әлеуметтік қамсыздандыру. Демографияда демографиялық жүктеме сияқты көрсеткіш есептеледі. Демографиялық жүктеме коэффициенті – өнімсіз халықтың қоғамға жүктемесін көрсететін халықтың жас құрылымының жалпыланған сандық сипаттамасы. Ол үлкейтілген жас топтары санының әртүрлі қатынастарымен анықталады: балалар (0-15 жас), қарттар (64 (61) жас және одан асқандар), еңбекке жарамды (16-63 (60) жас).

Күтілетін демографиялық өзгерістердің экономикалық және әлеуметтік салдарын бағалау тұрғысынан бір еңбекке жарамды адамға демографиялық жүктеменің өзгеруі ерекше маңызды, себебі бұл - оның демографиялық құрылымына негізделген қоғамның мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін көрсететін негізгі сипаттама.

Белгілі бір мерзімге бюджеттік жоспарлау кезіндегі маңызды мәселе - балалар санының немесе қарттар санының еңбекке жарамды жастағы адамдар санына қандай қатынасы.

Жалпы, демографиялық деректер, демографиялық зерттеу нәтижелері, демографиялық өсудің болжамды көрсеткіштері:

  • еңбекке жарамды халықтың саны мен құрамын, еңбек нарығының перспективаларын айқындауға;
  • аумақтың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын әзірлеуге/түзетуге;
  • әлеуметтік сала объектілерін дамыту мен орналастыруды жоспарлауға;
  • халықтың медициналық қызмет көрсетудің нақты нысандарына перспективалық қажеттілігін айқындауға;
  • әлеуметтік қамсыздандыру шығындарын болжауға;
  • халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының тауарлар мен қызметтерге ықтимал қажеттіліктерін анықтауға көмектеседі.

 

Тулешова Шынар

жетекші сарапшы



Қарау саны: 188
Сақталған: 19.04.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!