Қолданбалы демография: ол неліктен маңызды?
04.04.2025
Демографиялық ғылымдар жүйесіндегі компоненттердің бірі - "Қолданбалы демография". Демографтардың анықтамасы бойынша "Қолданбалы демография" – бұл әлеуметтік-экономикалық жоспарлауда, қала құрылысында және адамдардың өміріне қатысты басқа салаларда есептеулер мен практикалық шешімдер қабылдауды негіздеу үшін халық пен демографиялық процестер туралы деректерді қолдану".Демографиялық факторлар келесі негізгі салаларда үлкен назар аударуды қажет етеді: Еңбек нарығы. Қазіргі уақытта экономиканы жаңғырту жағдайында
толыққанды жұмыс істейтін еңбек нарығын құру маңызды мәнге ие. Бұл мәселеде демографиялық фактор өте
маңызды рөл атқарады. Елде туу деңгейі 2005 жылдан бастап жоғарылайды.
Тиісінше, алдағы жылдары еңбек нарығына еңбек ресурстарының үлкен ағыны күтіледі.
Әлеуметтік инфрақұрылым. Әлеуметтік инфрақұрылым құрылысын жоспарлау кезінде әрдайым өңірдің
демографиялық дамуының болжамды көрсеткіштерін ескеру қажет. Бұл белгілі бір
объектінің дамуын дұрыс және уақтылы жоспарлауға көмектеседі.
Денсаулық сақтау. Қазақстан - ТМД елдерінің бірі, бұнда халықтың жас құрылымы салыстырмалы
түрде жас болып саналады. Бірақ елдің демографиялық даму үрдісі халықтың орта
жасының ұлғаюы, егде жастағы адамдардың үлесінің артуы және нәтижесінде
халықтың қартаю процесі дамиды. Халықтың
қартаюы жағдайында денсаулық сақтауды дамыту бірнеше маңызды бағыттарды
қамтитын кешенді тәсілді талап етеді:
Әлеуметтік қамсыздандыру. Демографияда демографиялық жүктеме сияқты көрсеткіш есептеледі. Демографиялық жүктеме коэффициенті – өнімсіз халықтың қоғамға жүктемесін көрсететін халықтың
жас құрылымының жалпыланған сандық сипаттамасы. Ол үлкейтілген жас топтары
санының әртүрлі қатынастарымен анықталады: балалар (0-15 жас), қарттар (64 (61) жас
және одан асқандар), еңбекке жарамды (16-63
(60) жас).
Белгілі бір мерзімге бюджеттік жоспарлау кезіндегі
маңызды мәселе - балалар санының немесе қарттар санының еңбекке жарамды жастағы
адамдар санына қандай қатынасы. Жалпы, демографиялық деректер, демографиялық зерттеу
нәтижелері, демографиялық өсудің болжамды көрсеткіштері:
Тулешова
Шынар жетекші
сарапшы
Қарау саны: 757 |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|