2025 жылғы 2 сәуірде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) шағын және орта кәсіпорындарды (бұдан әрі-ШОК) қаржыландырудың 2025 жылға арналған негізгі көрсеткіштеріне онлайн сессия өткізді. Іс-шараға халықаралық сарапшылар, мемлекеттік құрылымдардың, қаржы ұйымдарының және кәсіпкерлік қоғамдастықтардың өкілдері қатысты. Талқылау шағын және орта бизнесті қаржыландыру саласындағы жаһандық үрдістерді талдауға және оның тұрақтылығын арттыруға бағытталған шараларға арналды.
ЭЫДҰ
өкілі Лючия Кусмано: "2023 жылы венчурлық капитал 34%-ға қысқарып, 2022
жылы басталған төмендеу үрдісін жалғастырды. Алайда, 2024 жылы көлемдер аз өсім
көрсетті, осылайша, 2025 жылға арналған болжамдар оптимистік сипатқа ие
болды", - деп атап өтті. Сонымен қатар, ШОК арасында мәселелік
кредиттердің өсуі 2023 жылы 17 ел мұндай қарыздар үлесінің ұлғаюын тіркеді, бұл
төмендеудің көпжылдық үрдісінің ықтимал өзгеруін көрсетеді.
Талқылау аясында үкіметтер
секторды белсенді қолдауды жалғастырды. Қысқа мерзімді шаралардың қатарына мемлекет
кепілдік берген несиелер мен бизнестің осал сегментіне көмек кіреді. Ұзақ
мерзімді перспективада институционалдық инвесторлармен ынтымақтастық және жасыл
және терең технологиялар сияқты стратегиялық бағыттарды қаржыландыру арқылы
венчурлық экожүйені дамытуға баса назар аударылады.
Мэтт Эдей: «Макроэкономикалық
және геосаяси белгісіздік несиелеу шарттарына қысым жасайды, бұл ШОК-тің
қаржыландыруға қол жетімділігін шектейді», - деп қосты. Сонымен қатар,
инфляцияны тұрақтандыру және сауда шиеленісін төмендету болашақта жағдайды
жақсарта алады. Көптеген елдер қысқа мерзімді қолдау құралдарын, соның ішінде
мемлекеттік несие кепілдіктерін және осал топтарға арналған мақсатты шараларды
пайдалануды жалғастырып келеді. Сондай-ақ ұзақ мерзімді тетіктер - венчурлық
капитал қорларына қатысу, тұрақты қаржыландыруды дамыту және "жасыл"
технологиялар және цифрлық трансформация сияқты стратегиялық бағыттарға
инвестицияларды ынталандыру белсенді дамып жатыр.
Іс-шара соңында инновациялық
қаржы тетіктері арқылы ШОК-тағы инвестициялық белсенділікті қайта бастау
тақырыбында талқылау өтті. Қатысушылар инвестициялар ағынын ынталандырудағы
финтехтің, ESG тәсілдерінің және мемлекеттік саясаттың рөлі туралы пікір
алмасты, сондай-ақ шағын бизнестің болашақта дамуы үшін тұрақты қаржылық құрылымды
құру қажеттілігін талқылады.
Осылайша, басым міндет - шағын
және орта кәсіпорындардың тұрақты және әртүрлі қаржыландыру көздеріне қол
жеткізуін қамтамасыз ету. ЭЫДҰ мемлекеттердің, қаржы институттары мен
инвесторлардың бірлескен күш-жігері арқылы ғана ШОК-ті дамыту үшін қолайлы
жағдайлар жасауға болатынын атап көрсетеді. Бұл тәсіл олардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға, инновацияларды ынталандыруға және жаһандық деңгейде
тұрақты экономикалық дамуға ықпал етеді.