Экономикалық зерттеулер институты елді мекендерге арналған Өңірлік стандарттар жүйесін (ӨСЖ) мониторингтеу мәселелеріне арналған онлайн семинарлар топтамасын жалғастырады.
Кезекті семинар 3 сәуірде Батыс
Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының өкілдері үшін; 8 сәуірде Абай,
Ұлытау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері үшін өткізілді.
ӨСЖ - бұл елді мекендердің типіне
(қала, ауыл) және халық санына байланысты халықтың объектілермен және
көрсетілетін қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етілу деңгейін айқындауға
мүмкіндік беретін құрал.
Жүйе 12 негізгі бағытты қамтиды: білім
беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, демалыс
және бос уақыт, көлік, жол және инженерлік инфрақұрылым, қауіпсіздік, экология,
инфокоммуникация, тұрмыстық және сервистік қызметтер.
Қатысушыларға әрбір бағыт бойынша,
сондай-ақ әрбір объект бөлінісінде қамтамасыз етуді есептеу
әдістемесі егжей-тегжейлі түсіндірілді, түйінді көрсеткіштер талқыланды,
деректерді жинау және талдау процесінде дәлдікті, жеделдікті және ашықтықты
арттыруға мүмкіндік беретін ӨСЖ мониторингін автоматтандыру жөніндегі
пилоттық жоба ұсынылды.
Семинар аясында қатысушылар ӨСЖ сәйкес
объектілермен және қызметтермен қамтамасыз ету мониторингін жақсартуға
бағытталған бірқатар ұсыныс жасады.