Мемлекет Басшысы тартылатын инвестициялардың өсу қарқыны мен көлемінің төмендеуіне жол бермеу мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеуді тапсырды
11.04.2025
2025 жылғы 10 сәуірде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке дағдарысқа қарсы жоспарды шұғыл әзірлеуді тапсырып, энергия ресурстары бағасының төмендеуі және басталған тарифтік соғыстар аясында елдегі ағымдағы экономикалық жағдай бойынша кеңес өткізді.
Президент Дональд Трамп 2025 жылғы 2 сәуірде жариялаған АҚШ жаңа сауда баждарын енгізгеннен кейін жағдай күрделене түсті. Осы шаралар шеңберінде Қазақстан үшін 27% мөлшерінде баж салығы белгіленді, бұл Орталық Азия (10%) және Еуропалық Одақ (20%) сияқты басқа елдер үшін тарифтерден едәуір асып түседі. Сараптамалық бағалауларға сәйкес, жаңа тарифтер АҚШ-қа қазақстандық
экспорттың шамамен 5%-ына әсер етті. Қазақстандық тауарлардың негізгі
бөлігі Трамптың Жарлығымен қарастырылған ерекшеліктер болды. Қазақстаннан
құны 1,9 млрд АҚШ доллар тауарлардың келесі санаттары алып тасталды:
Қазақстан үшін 27% мөлшерінде АҚШ белгілеген жаңа тарифтік шараларға құны 95,2 млн АҚШ долл. тауарлардың келесі санаттары түсті:
2024 жылы Қазақстанның сыртқы саудасы оң серпінді
көрсетті. Жалпы тауар айналымы $141,4 млрд құрады, 2023 жылмен
салыстырғанда 1,3%-ға өсті. Экспорт 3,1%-ға өсіп, 8 81,6 млрд-қа
жетті, ал импорт 1%-ға қысқарып, $59,8 млрд құрады. Сыртқы сауданың профициті 2023 жылғы $18,7 млрд-пен салыстырғанда $21,8 млрд-қа дейін
өсті.
Тарифтердің
өсуі туралы хабарландырудан кейін мұнай бағасының динамикасы (Brent) келесідей: Қазақстанға шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны 2024 жылы $17,2 млрд құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 28,5%-ға аз. Негізгі инвестор елдер:
Қарау саны: 137 |
|
|