Институт облыстық экономика басқармалар басшыларына әдістемелік семинар өткізді

11.04.2025

А.ж. 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі және "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшыларымен бірлесіп, облыстық экономика басқармаларының басшылары мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдеріне арналған Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес елді мекендерді объектілермен және қызметтермен қамтамасыз ету жөнінде әдіснамалық семинар өткізді.

Іс-шараға өңірлерден және орталық салалық мемлекеттік органдардан 100-ге жуық өкіл қатысты.

Өңірлік стандарттар жүйесі (ӨСЖ) Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру шеңберінде өңірлердің орнықты дамуын қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру құралы ретінде әзірленді. ӨСЖ негізгі мақсаты - базалық мемлекеттік қызметтер мен инфрақұрылымға қол жеткізудегі теңсіздікті қысқарту.

2019 жылғы сәуірде бекітілген бірқатар министрліктердің бірлескен бұйрығы елді мекендер халқының типі мен санына байланысты объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етудің ең төменгі қажетті деңгейін бекітті.

2023 жылы жүйеге бірқатар өзгерістер енгізілді - енгізілетін объектілер мен қызметтердің тізбесі кеңейтілді, қалалардың түрлері бойынша жіктемесі енгізілді, объектілер 12 бағыт бойынша құрылымдалды (білім беру, денсаулық сақтау, көлік, инженерлік инфрақұрылым және басқа да салаларды қоса алғанда).

2025 жылы жаңа Бюджет кодексі елдің, жекелеген өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму өлшемшарттарын ескере отырып, сондай-ақ мемлекеттік және өңірлік даму жоспарлары, инфрақұрылымдық стандарттар және Өңірлік стандарттар жүйесі негізінде бюджеттік шығыстарды жоспарлауды көздейді.

Осыған байланысты семинар қатысушыларына ӨСЖ шеңберіндегі бағыттар мен бағыт объектілері бойынша қамтамасыз етуді есептеу әдістемесі ұсынылды, сондай-ақ жалпы өңірлер бойынша да, жекелеген елді мекендер бойынша да қамтамасыз ету деңгейінің тиісті есептеулері көрсетілді.

Өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардан ӨСЖ сәйкес қамтамасыз етуді есептеу әдістемесін тәжірибе жүзінде қолдану, оны жетілдіру және одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар алынды.

Сондай-ақ, мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесіндегі "Өңірдің цифрлық картасы" функционалы шеңберінде ӨСЖ мониторингін автоматтандыру мәселелері талқыланды.

 



Қарау саны: 112
Сақталған: 11.04.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!