Ұлытау облысының 2022-2023 жылдардағы бюджет кірістері

18.04.2025

2022 жылғы 8 маусымда құрылған Ұлытау облысы бюджетінің кірістері 2022 жылы 69,9 млрд теңгені (жергілікті бюджеттердің барлық кірістерінің 0,6%), 2023 жылы 169,2 млрд теңгені (жергілікті бюджеттердің барлық кірістерінің 1,2%) құрады.

Салық түсімдері 2022-2023 жылдары Ұлытау облысының бюджет кірісінен орта есеппен 47,0%-ды құрайды. Олар 2022 жылы 29,1 млрд теңгені (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салық түсімдерінен 0,6%), 2023 жылы 88,6 млрд теңгені (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салық түсімдерінен 1,5%) құрады.

Ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторы ұйымдарының түсімдерін қоспағанда, заңды тұлғалардан КТС-тан түсімдер 2022 жылы 1,0 млрд теңгені (Ұлытау облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 3,6%), 2023 жылы 3,4 млрд теңгені (Ұлытау облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 3,9%) құрады.

ЖТС-тан түсімдер 2022 жылы 15,2 млрд теңгені (Ұлытау облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінің 52,3%), 2023 жылы 35,2 млрд теңгені (Ұлытау облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 39,7%) құрады.

Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер 2022 жылы 7,0 млрд теңгені (Ұлытау облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 24,1%), 2023 жылы 26,7 млрд теңгені (Ұлытау облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 30,1%) құрады.

Меншік салығынан түсімдер (мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, бірыңғай жер салығы) 2022 жылы 3,4 млрд теңгені (Ұлытау облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 11,8%), 2023 жылы 12,8 млрд теңгені (Ұлытау облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 14,4%) құрады.

Қалған салықтардан түсетін түсімдер (заңды маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны және (немесе) оған уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын ішкі салықтар, өзге де салықтар, міндетті төлемдер) 2022 жылы 2,4 млрд теңгені (Ұлытау облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 8,2%), 2023 жылы 10,5 млрд теңгені (Ұлытау облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 11,9%) құрады.

2022-2023 жылдары Ұлытау облысының бюджет кірістерінен орта есеппен 51,4%-ды құрайтын трансферттер түсімдері 2022 жылы 39,7 млрд теңгені (жергілікті бюджеттерге барлық трансферттер түсімдерінен 0,7%), 2023 жылы 77,9 млрд теңгені (жергілікті бюджеттерге барлық трансферттер түсімдерінен 1,1%) құрады.

Ұлытау облысы бюджетінің барлық кірістерінен орта есеппен 1,0%-ды алатын салықтық емес түсімдер 2023 жылы 0,7 млрд теңгені (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салықтық емес түсімдерден 0,5%), 2023 жылы 1,8 млрд теңгені (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салықтық емес түсімдерден 0,9%) құрады.

0,5% мөлшеріндегі ең аз үлесті құрайтын негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2022 жылы 0,4 млрд теңгені (жергілікті бюджеттерге негізгі капиталды сатудан түскен барлық түсімдерден 0,2%), 2023 жылы 0,8 млрд теңгені (жергілікті бюджеттерге негізгі капиталды сатудан түскен барлық түсімдерден 0,5%) құрады.



Қарау саны: 38
Сақталған: 19.04.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!