Ақмола облысы: Өңірлік стандарттар жүйесінің қамтамасыз етілу деңгейі

22.04.2025

2024 жылдың нәтижелері бойынша Ақмола облысының Өңірлік стандарттар жүйесіне (бұдан әрі - ӨСЖ) сәйкес объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етілуі 67,2%-ға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,55 п.т. жоғары (65,7%).

Облыс қалаларында қамтамасыз ету деңгейі 88,1%-ды құрап, 2023 жылғы көрсеткіштен (87,2%) 1,0 п.т. дерлік асып түсті. 

Ауылдық жерлерде қамтамасыз ету 66,9%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1,6 п.т. өсті (65,3%).

Ақмола облысында, қалалар мен ауылдарда 2022-2024 жылдардағы ӨСЖ объектілерімен және қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейінің динамикасы

Облыстық маңызы бар Көкшетау қаласында қамтамасыз ету деңгейі 91,3% құрады (2023 жылдың қорытындысы бойынша – 89,9%).

Көкшетау қаласында білім беру саласын қамтамасыз ету деңгейі 96% құрады.

Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, Көкшетауда жұмыс істейді:

  • 23 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп;
  • 45 мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме;
  • 4 қосымша білім беретін мемлекеттік мекеме;
  • 5 мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі (ТжКБ).

Соның ішінде:

  • күрделі жөндеуді талап етеді: 6 мектеп, 2 мектепке дейінгі мекеме және 1 қосымша білім беру мекемесі.
  • материалдық-техникалық базамен жеткіліксіз қамтылған:23 мектеп, 27 мектепке дейінгі мекеме және 4 қосымша білім беру мекемесі.

Сонымен қатар, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Көкшетау қаласында 2 жалпы білім беретін мектеп пен 2 мектепке дейінгі мекеме салу қажеттілігі бар.

 

2-суретте ӨСЖ 12 бағытының әрқайсысы бойынша Көкшетау қаласының қамтамасыз етілу деңгейі көрсетілген.

2023-2024 жылдары 12 бағыт бөлінісінде Көкшетау қаласының ӨСЖ объектілерімен және қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейінің динамикасы

Ақмола облысы барлық қалалар бойынша қамтамасыз етудің жоғары орташа деңгейін көрсетеді (Көкшетау қаласы - 91,3%, Степногорск қаласы - 95%, Ақкөл қаласы - 93,3%, Державинск қаласы - 91,2%, Щучинск қаласы - 89%, Макинск қаласы - 88,6%, Атбасар қаласы - 87%, Қосшы қаласы - 85,4%, Степняк қаласы - 84,4%, Есіл қаласы - 82,2%, Ерейментау қаласы - 82,1%).

Алайда, көрсеткіштері 85%-дан төмен Ерейментау, Есіл және Степняк сияқты елді мекендерге назар аударған жөн. Жақсартуды талап ететін бағыттар: денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, көлік, ТКШ саласының объектілері.

Жоғарыда айтылғандай, Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша қамтамасыз ету 66,9%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1,6 п.т. ұлғайды (65,3%).

Ақмола облысында 589 АЕМ-нің небәрі 19 АЕМ-і ғана ауылдық округтердің орталықтары немесе тірек ауылдық елді мекендер болып табылады, олар 95%-дан жоғары ӨСЖ объектілерімен және қызметтерімен қамтамасыз етілгенін көрсететінін атап өткен жөн. 

2024 жылдың қорытындысы бойынша ӨСЖ сәйкес объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары Ақмола облысының АЕМ тізбесі

Ескертпе:

АОО – ауылдық округ орталығы

Та – тірек ауыл

Са – серік ауыл

 

Ақмола облысы ауылдарының ӨСЖ жүргізілген мониторингінің нәтижесінде Әлеуметтік сала объектілерінің инфрақұрылымын құру мен кеңейтуге елеулі қажеттілік анықталды.

Бүгінгі таңда Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы объектілерді салу қажеттілігі сезіледі.

 

Директордың орынбасары

Мукушева Динара

 






Қарау саны: 49
Сақталған: 22.04.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!