Электр желісінің инфрақұрылымын дамыту жеткізу тізбегіндегі қиындықтарға тап болады
22.04.2025
Электр желісінің инфрақұрылымын кеңейту және жаңарту энергияның сәтті өтуі үшін компоненттер мен білікті кадрларды жеткізу тізбегіндегі маңызды шектеулерді еңсеруді талап етеді.
2025 жылғы наурызда Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) электр желілеріне арналған жабдықтардың әлемдік жеткізу тізбегінің жағдайына арналған "Болашақтың электр желілерін құру" ("Building the Future Transmission Grid") есебі шықты. Есепте әлемнің әртүрлі елдерінде электр энергиясына сұраныстың тез өсуі аясында туындайтын мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылған. Трансформаторлар мен кабельдердің қымбаттауы мен жеткізуді елеулі кешіктіру қазірдің өзінде-ақ электр желілерін дамытуға үлкен кедергі келтіреді. Есепте анықталған қиындықтарды жеңу үшін үкіметтер мен бизнеске арналған нақты нұсқаулар келтірілген. Авторлардың пікірінше, шұғыл және келісілген шараларсыз таза энергияға жаһандық көшу және климаттық мақсаттарға қол жеткізу баяулауы мүмкін. Электр энергиясына әлемдік сұраныс жыл сайын
шамамен 4%-ға артып келеді және жеделдеуін жалғастырады. Бұл өсім өнеркәсіптің дамуына, электр
көліктерінің таралуына және жаңартылатын энергия көздерін кеңінен енгізуге
байланысты. Соңғы онжылдықта бүкіл әлем бойынша шамамен
1,5 млн км жаңа электр желісі салынды. Бұл ретте, қолданыстағы желі жаңа энергия көздерін енгізу
қарқынымен ілесіп үлгермейді. 2024 жылдың соңында 1650 ГВт күн және жел жобалары әлі де желіге
қосылмады.
Жеткізу
тізбегіндегі елеулі шектеулер білікті қызметкерлер тапшылығынан туындайды, бұл
салаға қысымды күшейтеді. Қазірдің өзінде-ақ желілер секторында 8 млн жуық адам
жұмыс істейді және 2030 жылға қарай қосымша кемінде 1,5 млн жұмыскер қажет
болады. Қолданыстағы трансформаторлар мен кабельдер өндірісі 2029 жылға дейін
толық жүктелген. Жаңа өндірістерді салу үшін төрт жылға дейін уақыт қажет. Осы жағдайға
байланысты көптеген компаниялар компоненттерді сатып алу туралы ұзақ мерзімді
келісімдерге көшуге мәжбүр. Мысалы, Еуропада қазір бес жылға дейін немесе одан
да көп уақытқа созылатын ұзақ мерзімді негіздемелік келісімдер жиі қолданылады.
Мұндай келісімдер бағалар мен жеткізу мерзімдерін тұрақтандыруға мүмкіндік
береді. Өндірушілер артып
келе жатқан сұранысқа жауап бере отырып, өндірістік қуатын белсенді түрде
кеңейте бастады. Prysmian компаниясы 2027 жылға дейін кабель өндіру қуатын
ұлғайтуға 2 млрд доллар инвестиция салуды жоспарлайды. Hitachi компаниясы
трансформаторларды өндіруге арналған жаңа қуаттарға 1,5 млрд доллар инвестиция
туралы мәлімдеді. Трансформаторлар өндірісін кеңейту бойынша осындай жоспарлар туралы
Schneider Electric және Siemens Energy комапниялары да хабарлады. Алайда, бұл
инвестициялардың нәтижелері бірнеше жылдан кейін, яғни 2026 жылға дейін ғана байқалады.
Құжат бар
мәселелерді шешудің нақты шараларын ұсынады. Электр желілерін дамытудың ұзақ
мерзімді және ашық жоспарларын құру - маңызды қадам. Жобаларды кешіктіру
мерзімін азайту үшін рұқсат беру рәсімдерін жеңілдету ұсынылады. Сондай-ақ
қолданыстағы желілік инфрақұрылымның тиімділігін арттыру үшін цифрлық
шешімдерді белсенді енгізу қажет. Маңызды шара - компоненттерді өндірушілерді
әртараптандыруды және өндірісті оқшаулауды қолдау. Цифрлық
технологияларды пайдалану жаңа қуатқа деген қажеттілікті азайтып, бұрыннан бар
инфрақұрылымды барынша пайдалануға мүмкіндік береді. Нақты уақытта мониторингтеу
және басқару технологияларын енгізу желінің өнімділігін жақсартады және оның
өткізу қабілетін арттырады. Цифлық екітармақ сияқты заманауи шешімдер
сенімділікті едәуір арттырады және операциялық шығындарды азайтады. Мұндай
шаралар жеткізу тізбегіндегі қысымды да төмендетеді. Қазақстан,
көптеген елдер сияқты, өзінің электр желілік инфрақұрылымын кеңейту және
жаңғырту кезінде шектеулерге тап болады. Жоғары вольтты электр қуатын беру
деңгейінде KEGOC ұлттық операторының инфрақұрылымды қолдау және дамыту
жоспарлары мен мүмкіндіктері бар, ал тарату желілері деңгейінде тозу және жаңғырту
мәселелері жүйелі тәсілді талап етеді. Білікті кадрлар тапшылығы ескірген
желілерді жаңарту және жаңа энергия көздерін біріктіру қарқынын, әсіресе шалғай
және ауылдық жерлерде, шектейді. Трансформаторларды, қуат жабдықтарын және
кабельдерді жеткізуді едәуір кешіктіруге, жеткізу тізбегіндегі жаһандық
үзілістерге байланысты, сондай-ақ жаңа жаңартылатын энергия көздерін электр
желісіне қосу жобаларын жүзеге асыруға әсер етеді. Сонымен қатар, қолданыстағы
инфрақұрылымның едәуір бөлігі кеңес заманында салынған және мемлекет пен жеке
сектор арасында үлкен ресурстар мен үйлестірілген іс-қимылдарды талап ететін
күрделі жаңартуды қажет етеді. Дегенмен, қазіргі
жағдай Қазақстан үшін стратегиялық мүмкіндіктер ашады. Біріншіден, ел электр
желілері үшін компоненттердің — трансформаторлар, кабельдер, тіректер мен
сандық жабдықтардың жергілікті өндірісін дамыта алады, бұл сыртқы
жеткізілімдерге тәуелділікті азайтады және жұмыс орындарын ашады. Екіншіден, Қазақстан
қолданыстағы желілердің тиімділігін арттыру үшін, соның ішінде цифрлық
қосарланған және нақты уақыттағы мониторингтеу жүйелерін енгізу үшін ЖИ
базасындағы цифрлық технологиялар мен шешімдерді пайдалана алады. Бұл
инвестициялық жүктемені азайтуға және ЖЭК енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Қазақстанның трансшекаралық желілер немесе "жасыл" энергия
экспорты сияқты халықаралық кооперациялық бастамалар мен жобаларға қатысуы
экономикалық серпін беріп, озық технологиялардың елге берілуіне ықпал етуі
мүмкін. Жаһандық
трендтер климаттық мақсаттарға жету үшін электр желісінің инфрақұрылымына
инвестициялардың одан әрі өсуінің сөзсіз екендігін көрсетеді. Ол үшін жеткізу
тізбегінің ағымдағы мәселелерін дереу шешу және өндірістік қуаттылықты арттыру
қажет. Қазірдің өзінде-ақ желілік инфрақұрылымға және компоненттер өндірісіне
белсенді инвестиция салатын елдер мен компаниялар болашақта стратегиялық
артықшылыққа ие болады.
Қарау саны: 58 |
|
|