Қазақстандағы ЭЫДҰ стандарттары: жасыл өсу индикаторлары
22.04.2025
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) әзірлеген жасыл өсу көрсеткіштері (OECD Green Growth Indicators, GGI) - қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды ескере отырып, орнықты экономикалық даму саласындағы ілгерілісті өлшеуге бағытталған аналитикалық жүйе.
Бұл тәсіл алғаш рет 2011 жылы енгізілді, содан бері ол - ЭЫДҰ-ның көп елінде және әріптес мемлекетінде экологиялық бағдарланған экономикалық саясатты қалыптастыру үшін іргетас. Индикаторлар 4 блокқа біріктірілген:
Соңғы жылдары стандартты қолдану аясында ЭЫДҰ елдерінде елеулі жетістіктер
тіркелді, бұл құралдың тиімділігін және оның тәжірибелік қолданысын растайды. Атап
айтқанда, ЭЫДҰ мәліметтері бойынша, соңғы екі онжылдықта мүше елдерде орнықты
даму саласындағы инновациялық белсенділіктің тұрақты өсімі байқалды: экологиялық
маңызды технологиялар саласындағы патенттер саны 3 есе артты, бұл экономиканың
"жасыл" секторының белсенді дамуын және тиісті салалардың бәсекеге
қабілеттілігінің өсуін көрсетеді[2]. Тұрақты энергетикаға инвестициялар көлемін ұлғайту - тағы бір маңызды
жетістік. Осылайша, 2024 жылы төмен көміртекті энергетикалық технологияларға
және тиісті инфрақұрылымға жаһандық инвестициялар төртінші жыл қатарынан
дәстүрлі энергия көздеріне салынған инвестициядан асып түсіп, шамамен 2 трлн
АҚШ долл. жетті. Бұл ретте, барлық инвестициялардың шамамен 75%-ы
жеке секторға тиесілі, бұл бизнестің жасыл трансформация процестеріне жоғары
қатысуын көрсетеді[3].
Бұл жетістіктер GGI стандартын қолдану жасыл трансформацияны сәтті
ілгерілетуге ықпал ететінінің және ұлттық тұрақты даму стратегияларын әзірлеу
үшін сенімді негізінің маңызды дәлелі екенін атап өткен жөн. Қазақстан ЭЫДҰ серіктесі ретінде жасыл өсу индикаторларын қолдануға
белсенді қатысады. Қазақстанда он жылдан астам уақыттан бері әрекет ететін
"Жасыл" экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру
шеңберінде еліміз OECD Green Growth Indicators стандартының қолданылуын
көрсететін елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Жалпы энергия теңгеріміндегі
жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 4,5%-ға жетті, өндіріс қалдықтарын
қайта өңдеу деңгейі 25%, ал тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу 39%
құрады. Тұжырымдамада белгіленген мақсаттарды іске асырудың ең тиімді құралдарының
бірі - өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарының ең жақсы қолжетімді
техниканы қолдануы. 2021-2023 жылдар аралығында Халықаралық жасыл технологиялар
және инвестициялық жобалар орталығы ТОП-50 қатарынан ірі кәсіпорындардың
қызметін қамтитын 16 салалық анықтамалық әзірледі. 2027 жылға дейін өңдеу өнеркәсібі, сумен жабдықтау, қалдықтарды
кәдеге жарату және мал шаруашылығы кәсіпорындары үшін тағы 16 құжат
дайындау жоспарланды[5]. Өңірлік деңгейде де маңызды көрсеткіштерге қол жеткізілді:
Осылайша, ЭЫДҰ-ның жасыл өсу индикаторлары - елдерге өздерінің экологиялық
саясатының тиімділігін бағалауға және деректерді негізделген шешімдер қабылдау
үшін пайдалануға мүмкіндік беретін орнықты дамудың тиімді құралы. Осы бастамаға
қатыса отырып, Қазақстан экономиканы жасыл трансформациялау мәселелеріне жүйелі
түрде жақындауға және халықаралық стандарттар негізінде талдамалық әлеуетті
арттыруға мүмкіндік алды.
Қарау саны: 27 |
|
|