Түркістан облысы бюджетінің 2021-2023 жылдардағы кірістері
10.04.2025
Түркістан облысы бюджетінің 2021-2023 жылдардағы кірістері 2021 жылғы 876,4 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттердің барлық кірістерінен 10,0%) 2023 жылғы 1,4 трлн теңгеге дейін (ұқсас) бір жарым есе өсті. Түркістан облысының барлық кірістерінен елеулі үлесті құрайтын трансферттер
түсімдері –
2021-2023 жылдары орта есеппен 85,9%, 2021 жылғы
757,6 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге берілетін барлық трансферттер
түсімдерінен 15,9%) 2023 жылғы 1,2 трлн теңгеге дейін (жергілікті
бюджеттерге берілетін барлық трансферттер түсімдерінен 16,3%) бір
жарым есе ұлғайды. Облыстың барлық кірістерінің орта есеппен 10,7%
құрайтын салық түсімдері 1,6 есе
– 2021 жылғы 94,7 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық
салық түсімдерінен 2,6%) 2023
жылғы 149,1 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық
салық түсімдерінен 2,5%) өсті. Ірі
кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді
қоспағанда, заңды тұлғалардан КТС түсімдері 14,3%-ға - 2021 жылғы 10,9 млрд теңгеден (Түркістан
облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен
11,5%)
2023 жылғы 12,5 млрд теңгеге дейін (Түркістан облысының бюджетіне
түсетін барлық салық түсімдерінен 8,4%) өсті. ЖТС
түсімдері
1,7 есе - 2021 жылғы 34,8 млрд теңгеден (Түркістан
облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен
36,8%)
2023
жылғы 59,3 млрд теңгеге дейін (Түркістан облысының бюджетіне түсетін
барлық салық түсімдерінен 39,7%) өсті. Әлеуметтік
салықтан түсетін түсімдер 56,4%-ға - 2021
жылғы 29,4 млрд теңгеден (Түркістан облысының бюджетіне түсетін
барлық салық түсімдерінен 31,0%) 2023
жылғы 46,0 млрд теңгеге дейін (Түркістан облысының бюджетіне түсетін
барлық салық түсімдерінен 30,8%) өсті.
Қалған
салықтардан түсетін түсімдер (заңды
маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны және (немесе) оған уәкілетті мемлекеттік
органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын тауарларға,
жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын ішкі салықтар, өзге де
салықтар, міндетті төлемдер) 4,4 есе – 2021 жылғы 2,8 млрд теңгеден (Түркістан
облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен
2,9%)
2023 жылғы 12,2 млрд теңгеге дейін (Түркістан облысының бюджетіне
түсетін барлық салық түсімдерінен 8,2%) өсті. Облыс бюджеті кірісінің орта есеппен 2,2%-ын құрайтын негізгі
капиталды сатудан түсетін түсімдер 43,9%-ға - 2021
жылғы 13,7 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге негізгі капиталды сатудан түскен барлық
түсімдерден 6,8%) 2023
жылғы 19,7 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге негізгі капиталды сатудан түскен барлық
түсімдерден 10,8%) ұлғайды.
Осы облыс кірістерінің ең аз үлесін -
орта есеппен 1,2% қалыптастыратын салықтық емес түсімдер 61,8%-ға - 2021 жылғы 10,4 млрд теңгеден (жергілікті
бюджеттерге түсетін барлық салықтық емес түсімдерден
8,7%)
2023 жылғы 16,8 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге түсетін
барлық салықтық емес түсімдерден 8,2%)
ұлғайды.
Қарау саны: 2 |
|
|