Шығыс Қазақстан облысы бюджетінің 2021-2023 жылдардағы кірістері

24.04.2025

Шығыс Қазақстан облысы бюджетінің 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңдегі кірістері 17,3%-ға - 2021 жылғы 587,5 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттердің барлық кірістерінен 6,7%) 2023 жылғы 485,9 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттердің барлық кірістерінен 3,6%) азайды.

Трансферттер түсімдері Шығыс Қазақстан облысы кірістерінің басым бөлігін алады аталған кезең бойынша орта есеппен 64,6%. Олар 20,1%-ға – 2021 жылғы 387,0 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге трансферттердің барлық түсімдерінен 8,1%) 2023 жылғы 309,4 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге трансферттердің барлық түсімдерінен 4,3%) төмендеді.

Шығыс Қазақстан облысының барлық кірістерінен орта есеппен 31,3% құрайтын салық түсімдері 3,8%-ға – 2021 жылы 170,8 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салық түсімдерінен 4,7%) 2023 жылғы 164,4 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салық түсімдерінен 2,7%) азайды.

Ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан КТС түсімдері 22,4%-ға – 2021 жылы 25,6 млрд теңгеден (Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 15,0%) 2023 жылы 31,3 млрд теңгеге дейін (Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 19,1%) өсті.

ЖТС түсімдері 2,7%-ға – 2021 жылы 61,9 млрд теңгеден (Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 36,2%) 2023 жылы 63,6 млрд теңгеге дейін (Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 38,7%) ұлғайды.

Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер 3,7%-ға – 2021 жылы 46,5 млрд теңгеден (Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 27,2%) 2023 жылы 44,8 млрд теңгеге дейін (Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 27,3%) төмендеді.

Мүлік салығынан түсетін түсімдер (мүлік салығы, жер салығы, көлік салығы, бірыңғай жер салығы) 38,8%-ға – 2021 жылы 21,9 млрд теңгеден (Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 12,8%) 2023 жылы 13,4 млрд теңгеге дейін (Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 8,1%) төмендеді.

Қалған салықтардан түсетін түсімдер (заңды маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны және (немесе) оған уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын ішкі салықтар, өзге де салықтар, міндетті төлемдер) 24,4%-ға – 2021 жылы 15,0 млрд теңгеден (Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 8,8%) 2023 жылы 11,3 млрд теңгеге дейін (Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 6,9%) азайды.

Облыс кірістеріне орта есеппен 2,9% үлес қосатын негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 3,4 есе – 2021 жылы 23,1 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге негізгі капиталды сатудан түскен барлық түсімдерден 11,4%) 2023 жылы 6,9 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге негізгі капиталды сатудан түскен барлық түсімдерден 3,8%) азайды.

Шығыс Қазақстан облысы бюджеті кірісінің орта есеппен 1,2%ын құрайтын салықтық емес түсімдер 21,0%-ға – 2021 жылы 6,7 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салықтық емес түсімдерден 5,6%) 2023 жылы 5,3 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салықтық емес түсімдерден 2,6%) төмендеді.



Қарау саны: 70
Сақталған: 06.05.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!