Ақтөбе облысы: Өңірлік стандарттар жүйесінің қамтамасыз етілу деңгейі

25.04.2025

2024 жылғы алдын ала деректерге сәйкес, Ақтөбе облысының Өңірлік стандарттар жүйесінің (ӨСЖ) объектілерімен және қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейі 67,1% құрады, бұл 2023 жылғы нәтижемен салыстырғанда 2,3 п.т. төмен (69,3%). Қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейі облыстық маңызы бар қалаларда — 90,9 %, ал ең төмен деңгейі — ауылдық елді мекендерде — 54% тіркелді.

Қалалар бөлінісінде ӨСЖ қамтамасыз етілу деңгейі: Ақтөбе қаласында – 90,9%, Алға қаласында – 85,7%, Хромтау қаласында – 86,1%, Ембі қаласында – 83,5%, Шалқар қаласында – 82,4%, Темір қаласында – 82,8%, Қандыағаш қаласында – 81,2 %.

Облыстық маңызы бар Ақтөбе қаласында білім беру саласындағы қамтамасыз ету 98,4% құрайды. Қалада 89 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның 6-ы күрделі жөндеуді қажет етеді, 1-і апатты жағдайда; бұл ретте, тағы 15 мектеп салу қажеттілігі бар. Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы саны – 153, оның 3-і күрделі жөндеуді қажет етеді. Қосымша білім беру ұйымдары - 84, оның 2-і жөндеуді талап етеді; сонымен қатар, қалада 70 жеке мекеме жұмыс істейді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (ТжКБ) – 28, оның біреуі жөндеуді талап етеді; бұдан басқа, 15 жеке ТжКБ бар.

Ақтөбе қаласының денсаулық сақтау саласындағы қамтамасыз етілуі 99,4% құрайды. Қалада 186 медициналық мекеме бар, барлығы Интернет желісіне қосылған; алайда, кадрлар тапшылығы бар. Облыстық маңызы бар қаладағы әлеуметтік сала да қамтамасыз етудің жоғары көрсеткіштерін көрсетеді: әлеуметтік қамсыздандыру - 93,2%, мәдениет және спорт - 89,8%, бос уақыт пен демалыс - 100%, көлік инфрақұрылымы - 97,9%.

Ақтөбе қаласының "Жол инфрақұрылымы" саласындағы қамтамасыз ету 72,6% құрайды. Жолдардың жалпы ұзындығы 655 км құрайды, оның 363 км қанағаттанарлықсыз жағдайда; тағы 193 км қала ішілік жол салу қажеттілігі бар. Жол жарығымен қамтамасыз ету деңгейі — 85 %.

Ақтөбе қаласының "Инженерлік инфрақұрылым" саласындағы қамтамасыз ету 60,8% құрайды. Орталықтандырылған сумен жабдықтау небәрі 20,3% қамтиды; су құбыры желілерінің тозу дәрежесі 54,3% құрайды. Желілердің жалпы ұзындығы — 543 км, оның ішінде 294,6 км ауыстыруға мұқтаж. Су бұру жүйесі бойынша қамтамасыз ету деңгейі 37,4% құрайды; бұл ретте, 2204 км кәріз желілерінен 819 км ауыстыруды қажет етеді. Кәріз-тазарту құрылысының тозу дәрежесі 80% құрайды. Ақтөбе қаласын жылумен жабдықтау саласында ӨСЖ бойынша қамтамасыз ету деңгейі 17,9% құрайды, 260,6 км желінен 150,1 км ауыстыру қажет, олардың тозу дәрежесі - 57,6%. Газбен жабдықтау бойынша қамтамасыз ету 94,1% құрайды.

Қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету саласында Ақтөбе қаласының қамтамасыз етілу деңгейі 85,2% құрайды. Алайда, қамтамасыз етудің жоғары деңгейіне қарамастан, учаскелік полиция пункттері бойынша кадрлар тапшылығы 33% құрайды.

Сонымен қатар, өртке қарсы қызметтің 4 бөлімшесін салу қажеттілігі бар. Қолданыстағы 8 нысанның 5 і мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейді.

Инфокоммуникациялық инфрақұрылым бойынша Ақтөбе қаласы бойынша қамтамасыз ету деңгейі 94% құрайды.



Аудан орталықтары және аудандық маңызы бар қалалар

Ақтөбе облысында 15 аудан орталығы мен аудандық маңызы бар қала бар. Осы елді мекендерде ӨСЖ қамтамасыз етілуінің орташа деңгейі 84,2% құрады.

Білім беру саласында қамтылу 92,6%-ға, денсаулық сақтау саласында 97%-ға жетті. Бұл ретте, жұмыс істеп тұрған 39 медициналық мекеменің 7-і жөндеуді қажет етеді, тағы 7-і материалдық-техникалық базамен жабдықтауды талап етеді.

Мәдениет және спорт саласындағы қамтамасыз ету деңгейі 94,4% құрады, бұл ретте, 3 жаңа нысан салу қажеттілігі сақталды. Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету 91,4% құрайды, алайда, қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету әлі де төмен.

Жол инфрақұрылымы 72,9%-ға, оның ішінде кентішілік жолдар 61,7%-ға қамтамасыз етілген. 949 шақырымдық автомобиль жолдарының 470,5 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда; қосымша тағы 404 шақырымды салу қажет. Жолдарды жарықтандыру деңгейі 79,5% құрайды.

Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 79,1%-ға жетті. Алайда, орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету небәрі 53,7% құрайды. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 1 291,8 километрді құрайды, оның 340,7 километрі – 35,5% тозуына байланысты ауыстырылуға жатады.





Ауылдық округтердің орталықтары және тірек ауылдық елді мекендер

Ақтөбе облысында 130 ауылдық округ орталығы мен тірек ауылдық елді мекен бар. Өңірлік стандарттар жүйесінің (ӨСЖ) қамтамасыз етілуінің орташа деңгейі бұнда 82,3% құрайды.

Білім беру саласындағы қамтамасыз ету деңгейі 91,7%-ға жетеді. Өңірде 133 мектеп жұмыс істейді, бұл ретте, кадрлардың орташа тапшылығы 7,4% құрайды.

Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету 71,9 %, ал елді мекендер ішіндегі жолдармен қамтамасыз ету 55,7% құрайды. Осы елді мекендерде орналасқан 1 108,9 км автожолдың 700 км қанағаттанарлықсыз жағдайда. Қосымша 1 475,3 км жаңа жол салу талап етіледі.

19 ауылда өртке қарсы қызмет бөлімшелеріне қажеттілік бар. Инфокоммуникация саласында 8 елді мекенде пошта байланысы бөлімшелері, ал 19 елді мекенде Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік жоқ.



Ауылдық елді мекендер

Ақтөбе облысында 173 басқа да ауылдық елді мекен бар, онда ӨСЖ-мен қамтамасыз етудің орташа деңгейі 54% құрайды.

"Білім беру" саласындағы қамтамасыз ету деңгейі 66,6% құрайды. 95 ауылдық елді мекенде халық саны 200 адамнан аз екенін атап өткен жөн.

Денсаулық сақтау объектілерімен қамтамасыз ету 69,5% құрайды.

Осы елді мекендерде жұмыс істейтін 135 медициналық мекеменің 49-ы жөндеуді қажет етеді. Сондай-ақ, 51 жаңа медициналық мекеме салу қажеттілігі бар.

86 елді мекенде Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік, ал 28 елді мекенде ұялы байланыс жоқ.

Ақтөбе облысында ауылдық округтердің орталықтары мен тірек ауылдары болып табылатын 311 АЕМ-нің тек 5-і ғана ӨСЖ объектілерімен және қызметтерімен 95%-дан жоғары қамтамасыз етілгенін көрсеткенін атап өткен жөн.


2024 жылдың қорытындысы бойынша ӨСЖ сәйкес объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары Ақтөбе облысының АЕМ тізбесі

Ескертпе:

АОО – ауылдық округ орталығы

ТА – тірек ауыл

 

Осылайша, Ақтөбе облысының ауылдық және қалалық елді мекендері арасындағы ӨСЖ қамтамасыз ету деңгейіндегі алшақтық 15,7% құрайды: ауылдық жерлерде қамтамасыз етудің орташа деңгейі 66,7%, қалаларда 82,4% құрайды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында Өңірлік стандарттар жүйесінің объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етілуі деңгейінде едәуір аумақтық теңсіздік сақталады: ең жоғары көрсеткіштер облыстық және аудандық маңызы бар қалаларға тән, бұл ретте, ауылдық елді мекендерде қамтамасыз ету төмен.

 

Аға сарапшы

Жанерке Рахман



Қарау саны: 55
Сақталған: 26.04.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!