Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы экономикалық қатынастар

25.04.2025

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 545,2 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда (636,5 млн АҚШ долл.) 14,3%-ға (91,3 млн долл.) төмен.

Қазақстанның қарастырылып отырған бағыт бойынша тауар айналымы тұрақсыз динамиканы көрсетеді:

2022 жылы 925,1 млн АҚШ долл. дейін ең жоғары өсім байқалды (2021 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өсті), бұл сұраныс пен баға конъюнктурасының жоғарылауымен байланысты. 

2023 жылы 288,8 млн АҚШ долл. едәуір төмендеу орын алды (2022 жылға қатысты -31,2%).

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы Экспорт-Импорт (2021-2024 жж.), млн АҚШ долл.

Осы бағыт бойынша экспорт 2021 жылдан 2024 жылға дейін құбылмалы динамиканы көрсетеді:

2022 жылы экспорттың күрт өсуі байқалды — 469,4 млн АҚШ долларынан 916,2 млн АҚШ долларына дейін (+95%), бұл сыртқы сұраныстың уақытша өсуіне немесе қолайлы баға жағдайына байланысты болуы мүмкін.

2023 жылы экспорт 615,1 млн долларға дейін төмендеді (2022 жылға қатысты -32,9%), бұл нарықты тұрақтандыру немесе жеткізілімдерді қысқарту аясында болуы мүмкін.

2024 жылы 527,8 млн долларға дейін төмендеу байқалады (2023 жылға қатысты -14,2%).

Осылайша, 2022 жылғы рекордтық өсуден кейін экспорт екінші жыл қатарынан біртіндеп төмендеді, бұл сату нарықтарын әртараптандыру және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік позицияларды нығайту қажеттілігін көрсетуі мүмкін.

Қазақстаннан Ауғанстанға экспорттың негізгі тауарлары: бидай немесе бидай-қара бидай ұны - 317,1 млн. АҚШ долл. (60,1% үлеспен), бидай - 42,4 млн. АҚШ долл. (8%), легирленбеген болаттан суықтай илектелген жалпақ прокат - 24,4 млн. АҚШ долл. (4,6%), легирленбеген болаттан ыстықтай илектелген жалпақ прокат - 21 млн. АҚШ долл. (4%), күнбағыс майы - 19,4 млн. АҚШ долл. (3,7%), кептірілген бұршақ дақылдары - 18 млн. АҚШ долл. (3,4%), табиғи газ - 17,7 млн. АҚШ долл. (3,4%), минералды аралас тыңайтқыштар - 15,3 млн. АҚШ долл. (2,9%), зығыр тұқымдары - 15,3 млн. АҚШ долл. (2,9%), легирленбеген болаттан жалпақ жалатылған прокат - 10,3 млн. АҚШ долл. (2%).

Осылайша, 2024 жылы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы рекордтық деңгейден кейін экспорттық белсенділіктің үздіксіз төмендеуі аясында қысқарды. Осыған қарамастан, Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен мен металлургия өнімдерінің басым болуымен экспорттың тұрақты құрылымын сақтайды, ал Ауғанстаннан импорт шамалы және негізінен азық-түлік пен минералды ресурстарға шоғырланған. Екіжақты сауданы тұрақтандыру және одан әрі өсіру үшін экономикалық дипломатияны жандандыру, экспорттық номенклатураны әртараптандыру және логистикалық инфрақұрылымды дамыту талап етіледі.

Ауғанстанға ҚР экспортының негізгі тауарлары

Ауғанстаннан Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары: су, оның ішінде минералды және газдалған, қантпен - 13,3 млн. АҚШ долл. (76,5% үлеспен), табиғи стеатит, тальк - 1,9 млн. АҚШ долл. (11,2%), жүзім, жаңа піскен немесе кептірілген - 1,3 млн. АҚШ долл. (7,7%), бағалы (гауһар тастардан басқа) және жартылай бағалы тастар, өңделген немесе өңделмеген, сұрыпталған немесе сұрыпталмаған, бірақ тізілмеген, өңделмеген немесе бекітілмеген; сұрыпталмаған асыл тастар (гауһар тастардан басқа) және жартылай асыл тастар - 160,7 мың АҚШ долл. (0,92%), тұрмыстық қажеттіліктерге арналған алюминийден бұйымдар және олардың бөліктері - 85,7 мың АҚШ долл. (0,49%), өзге де жаңа піскен жемістер - 69,9 мың АҚШ долл. (0,4%), кептірілген жемістер, жаңғақтар немесе кептірілген жемістер қоспалары - 56,8 мың АҚШ долл. (0,33%), нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер - 56,3 мың АҚШ долл. (0,32%).

Ауғанстаннан ҚР импортының негізгі тауарлары

Инвестициялар

2024 жылдың соңына Ауғанстаннан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының көлемі 25,5 млн АҚШ долл. құрады.  50-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді (негізінен сауда саласында).

2021 жылғы ақпанда Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістан Термез-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар Трансафган темір жолының құрылысы бойынша жол картасына қол қойды. 2022 жылдан бастап Қазақстан жобаға қосылу ниеті туралы мәлімдеді.

2023 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге ауқымды келісімшарттар жасалды және АӨК өнімдерін қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Қазақстандық делегацияның жуырдағы сапары барысында құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілген жаңа сауда үйлері ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттары (транзит, сауда, банктер, денсаулық сақтау және білім беру) бойынша өзара инвестицияларды жандандыруға ықпал ететін болады. Ауғанстанның табиғи ресурстар кен орындарын, әсіресе мұнай-газ кен орындарын бірлесіп игеру саласындағы ынтымақтастық дамиды. Ауғанстан қазақстандық автомобильдерді, сондай-ақ темір жол құрылысына арналған материалдарды алады, бұнда Қазақстан 500 млн.долл. инвестиция салуға ниетті. Сондай-ақ, Қазақстан Интернет желісін кеңейту бойынша көмек көрсетеді.

Ауғанстанда ел билігі инвесторларға инвестиция салу үшін тартымды жағдайлар мен бизнесті жүргізу үшін түрлі артықшылықтар беруге дайын. Мысалы, өңдеу секторында және тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істейтін шетелдік кәсіпорындар техника сатып алуға салынатын салықтан босатылады. Инвесторлар банктік шоттар ашып, табыс салығы бойынша жеңілдіктер ала алады. Ауғанстан үшін басым секторлар - энергетикаға, автомагистральдар мен теміржолдарға, сондай-ақ телекоммуникацияларға инвестициялар.

 




Қарау саны: 33
Сақталған: 26.04.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!