Қазақстандағы орнықты даму туралы мектеп эссе конкурсының жеңімпаздары жарияланды

28.04.2025

Жүздеген шабыттандыратын идея, ондаған ерекше тәсіл және бір ортақ ұмтылыс – әлемді жақсарту. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ БҰҰ Даму бағдарламасымен және БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорымен бірлесіп, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Қазақстан оқушылары арасында орнықты даму тақырыбындағы эссе конкурсының жеңімпаздарын мақтанышпен ұсынады.

Ағымдағы жылғы 18 ақпан және 3 наурыз аралығында үшінші Ерікті ұлттық шолуды дайындау шеңберінде, 7-12 сынып оқушылары арасында республикалық эссе конкурсы өткізілді, оған еліміздің барлық өңірлерінен 600-ден астам жұмыс келіп түсті.

Астана қаласы барлық қатысушылардың 52,02%-ын жинап, конкурста барынша белсенділік танытты. Сондай-ақ, өз үлестерін Түркістан және Қостанай облыстары 8,36%, Павлодар облысы 7,01%, Шығыс Қазақстан облысы 5,39% да қосты. 4%-ға дейінгі үлеспен өңірлер - Абай, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы.

Келіп түскен эсселерді талдау мектеп оқушылары әділеттілік пен тиімді институттар құру мәселелеріне көбірек көңіл бөлетінін көрсетті – жұмыстардың 11,02%-ы осы тақырыпқа арналды. Екінші орында эссенің 9,95%-ын жинаған денсаулық пен әл-ауқат тақырыбы болды. Климаттың өзгеруі мәселесі де үлкен қызығушылық тудырды: Қатысушылардың 9,14%-ы өз жұмыстарын қоршаған ортаны қорғауға және өзгерістерге бейімделуге арнады. Сол сияқты, 9,14%, қоғам дамуының негізгі факторы ретінде сапалы білім беруге арналған эсселердің үлесін құрады. Жауапты тұтыну және өндіріс тақырыбына қатысушылардың 8,06%-ы назар аударды. Барлық жұмыстардың 6,18%-ы арналған кедейлікті жою тақырыбы үздік 6 басымдықты аяқтады.

Оқушылардың жұмыстары орнықты даму тақырыптарын қабылдаудың өңірлік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Мысалы, Алматы қаласының оқушылары өңірлік теңгерімсіздік мәселелеріне, ал Атырау облысының қатысушылары әлеуметтік теңсіздік мәселелерін шешуге баса назар аударды. Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары су ресурстарын қорғауға және экожүйелерді қорғауға арналған жұмыстарымен ерекшеленді.

Конкурстық комиссия жұмыстарды салмақ коэффициенттерін ескере отырып бекітілген критерийлер негізінде бағалады. Орындау сапасына (5 балға дейін, салмағы – 30%), мәтіннің бірегейлігіне (10 балға дейін, салмағы – 30%), мақсаттар мазмұнына сәйкестігіне (10 балға дейін, салмағы – 20%) және эмоциялық әсерге (5 балға дейін, салмағы – 20%) назар аударылды.

Конкурс қорытындысы бойынша 90% және одан жоғары балл жинаған 14 оқушы Ұлттық экономика вице-министрінің алғыс хаттарымен және идеялардың бірегейлігі, тәжірибелік ойлау және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан жеке үлесін анық түсінгені үшін ЮНИСЕФ-тен бағалы сыйлықтармен марапатталды:


  1. Адина Болат, 100%, «Breaking Barriers. Why Gender Equality is a revolution, not just a goal?», Астана қаласы, № 30 мектеп-гимназиясы

Эссе гендерлік теңсіздік, әсіресе стереотиптер әйелдерге STEM және көшбасшылықта өздерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін Қазақстанда инновациялар мен экономикалық дамуды тежейтінін атап көрсетті. Руанда мен Бангладештің мысалдары әйелдердің қатысу күшінің дәлелі ретінде келтірілді. Автор ойлауды өзгертуге, әйелдерді қолдауға және барлығына бірдей мүмкіндіктер беруге шақырады.


  1. Аружан Өміртайқызы, 100%, «Қоқыс қалдықтарына жаңа дем беру – жарқын болашақтың кепіл», Астана қаласы, Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі

Эссе Қазақстандағы қоршаған ортаның ластану, әсіресе қалдықтарды тиімсіз басқаруға байланысты мәселеге арналды. Автор елімізде жыл сайын шамамен 4,5 млн. тонна қоқыс түзілетінін, бұл ретте, небәрі 23,9% ғана қайта өңделетінін, ал әр тұрғынға жылына 200 кг-нан астам қалдық тиесілі екенін атап өтті. Жеке мысалдар мен эмоциялық тәжірибелер арқылы қайта өңдеу мәдениетін, экологиялық білім беруді және барлық деңгейдегі ынтымақтастықты дамыту маңызы атап өтілді. Ата-бабаларымыз қалдырған табиғи мұра үшін болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікке ерекше назар аударылды.


  1. Платон Ткач, 97%, «Ресурсы не бесконечны: конец эпохи изобилия», Қостанай облысы, Мәншүк Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектеп

Эсседе орнықты тұтынудың стандартты және сонымен бірге тиімді тетігі – ірі ұйымдар үшін де, жеке азаматтар үшін де шамадан тыс тұтыну салығын енгізу ұсынылды. Автор ұсынған бастамалар - электр энергиясы мен суды пайдалануға квоталар енгізу, қайта өңдеуші компанияларға жеңілдіктер беру, сондай-ақ қалдықтарды сұрыптауға және қайта өңдеуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жүйесін әзірлеу.


  1. Эмилия Алиева, 95%, «Мой кирпичик в фундамент чистого будущего: вклад в жизнь без мусора», Астана қаласы, №47 мектеп-гимназиясы

Автор қолжетімді және саналы қадамдардан басталатын орнықты өмір салтына апаратын жолды көрсетеді – пластиктен бас тарту, қалдықтарды сұрыптау, көп рет пайдалануға болатын сөмкелер мен құтыларды пайдалану. Эмилияның пікірінше, әдеттерге айналған күнделікті әрекеттер тұрақты ойлауды қалыптастырады.


  1. Айбар Илеуов, 95%, «Әлемді қалай жақсырақ етуге болады?», Қостанай облысы, Валерьянов негізгі мектебі

Жұмыста әлеуметтік инклюзия мен ынтымақтастықтың маңызы атап көрсетілді. Эсседе автордың жеке оқиғасы ерекше орын алады: Айбар ол шаруашылықта және аулада көмектескен өз ауылының қарт адамы туралы жылы лебізімен сөз қозғады. Бұл мысал қарапайым игі істер өзара түсіністік пен сенім ортасын қалыптастырудың тамаша үлгісін көрсетеді.


  1. Малика Бегдаутова, 94%, «Коқыссыз өмір – таза болашақ», Қостанай облысы, Мәншүк Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектеп

Жұмыс "Zero Waste" тұжырымдамасын қозғады, сатып алу кезінде көп рет қолдануға болатын сөмкелерді пайдалануға, пластиктен бас тартуға және көп рет қолдануға болатын ыдыс-аяққа ауысуға шақырды. Қалдықсыз өмір сүру маңызы, әр адамның қоршаған ортаны қорғауға жеке жауапкершілігі, сондай-ақ қайта өңдеу мен қайта пайдалану маңызы атап өтілді.


  1. Айжан Толеген, 94%, «Болашақта қандай мамандықтар әлемді өзгертеді», Астана қаласы, Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейі

Автор цифрландыру және жасанды интеллект жағдайында да туризмді адам-гидтерсіз, экскурсия жетекшілерінсіз, турларды ұйымдастырушыларсыз елестету мүмкін емес екенін атап көрсетті. Бұл мамандықтар өзекті болып қала береді, өйткені олар туристер үшін тірі тәжірибе жасайды. Қазақстан өзінің бай мәдени және табиғи мұрасымен үлкен әлеуетке ие, ал археологиялық және этнотуризм сияқты бағыттар жаңа мүмкіндіктер ашады.


Келесі үш қатысушы өз эсселерін тиімді институттар құру, бейбітшілік пен әділеттілікті қамтамасыз ету тақырыбына арнады.

  1. Жадыра Төреғазы, 92%, «Соғыс пен қақтығыстарсыз әлем. Әр адам әлемді қалай мейірімді ете алады?», Абай облысы, Ақтайлақ би атындағы орта мектеп

  2. Наргиз Еркебаева, 91%, «Соғыс пен қақтығыссыз әлем», Астана қаласы, №111 орта мектеп

  3. Ернат Ғалымжан, 91%, «Мир без войн и конфликтов Как каждый человек может сделать мир добрее?», Астана қаласы, Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясы

Үш эссені әрқайсымыздан басталатын қақтығыссыз әлем идеясы біріктіреді. Жадыра бала кезінен мейірімділікке, төзімділікке және өзара көмекке тәрбиелеу маңызын, сондай-ақ білім мен сыни ойлаудың рөлін ерекше атап көрсетті. Наргиз жеке жауапкершілікке назар аударып, ол үшін мейірімділіктің құндылығы туралы ойландырған Шәкәрім Құдайбердіұлы «Анық пен Танық» кітабынан мысал келтірді. Ернат жанжалдардың себептері - әділетсіздік пен теңсіздік туралы ой қозғады және сыйластық, диалог және әділеттілікке ұмтылыс арқылы өзгерістерге шабыттандырды.


  1. Мадина Дилшадова, 90%, «Устойчивое развитие будущего», Түркістан облысы, Сабыр Рахимов атындағы жалпы білім беретін мектеп

Жұмыс орнықты даму тек экология ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік әділеттілік, білімге, медицинаға және лайықты еңбекке қолжетімділік екенін де атап көрсетті. Алдыңғы қатарлы елдердің мысалында Мадина технологиялық ілгеріліс табиғатқа күтім жасаумен қатар жүруі мүмкін екенін, ал нақты өзгерістер әркімнің жеке жауапкершілігінен басталатынын да көрсетті.


Келесі екі оқушы өз жұмысын гендерлік теңдік мәселелеріне арнады.

  1. Дария Жунусова, 90%, «Равные возможности для всех», Қостанай облысы, Покровка негізгі орта мектебі

  2. Дария Давидюк, 90%, «How can we ensure that boys and girls have equal rights and opportunities?», Астана қаласы, Tamos Space School

Екі қатысушы да гендерлік теңдіктің маңызды тақырыбын көтеріп, әділетті қоғамға апаратын жол әрқайсымыздан басталатынын атап көрсетті. Дария Жунусова білімге тең қолжетімділікке, мамандық таңдау еркіндігіне және теңдікке саналы көзқарасты қалыптастырудағы отбасының, мектептің және заңнаманың рөліне баса назар аударды. Дария Давидюк стереотиптермен күресу және ұлдар мен қыздарға тең құқықтар мен мүмкіндіктерді, соның ішінде тең жалақы мен қоғамның қолдауын қамтамасыз ету қажеттілігін атап көрсетті.


  1. Рамина Уразбаева, 90%, «Планетаға қауіп төніп тұр», Астана қаласы, №32 мектеп-гимназиясы

Автор адам әрекетінен туындаған қауіп-қатерге назар аударды: ормандарды кесу, ауа мен мұхиттардың ластануы, ресурстарды шамадан тыс пайдалану және пластикалық қалдықтардың көбеюі. Рамина жауапты тұтынудың, жаңа жасыл технологияларды дамытудың және әркімнің жеке іс-әрекетінің маңызын атап көрсетті.


Сондай-ақ, комиссия өз ойларын қолжетімді жеткізіп, орнықты дамуды қамтамасыз ету тақырыбына креативті көзқарас таныта алған қатысушылардың жекелеген жұмыстарын да атап өтті. Осыған байланысты "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма Төрағасының атынан 32 оқушыға сертификаттар табыстау туралы шешім қабылданды:


  1. Әлихан Насыпқан, Астана қаласы, Smart Technological School

  2. Алина Шукашева, Түркістан облысы, Сәкен Сейфуллин атындағы №20 мектеп-гимназиясы

  3. Виктория Цымбалаш, Қостанай облысы, Чандақ негізгі орта мектебі

  4. София Балиева, Астана қаласы, №71 мектеп-лицейі

  5. Жасмин Квинт, Қостанай облысы, Приречное жалпы білім беретін мектебі

  6. Санджар Қармыс, Ақтөбе облысы, облыстық мамандандырылған физика-математика лицей-интернаты

  7. Анастасия Шерер, Қостанай облысы, №2 Денисов жалпы білім беретін мектебі

  8. Томирис Садыкова, Астана қаласы, №96 мектеп-гимназиясы

  9. Жасмин Жангелдина, Астана қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Binom мектеп-лицейі

  10. Айару Жеңіс, Астана қаласы, № 71 мектеп-лицей

  11. Айханым Оралбек, Астана қаласы, №69 мектеп-гимназиясы

  12. Жасмин Ислам, Батыс Қазақстан облысы, №5 жалпы білім беретін мектеп

  13. Аян Аймагамбетов, Шығыс Қазақстан облысы, Ю.А.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі

  14. Гришик Саргсян, Шығыс Қазақстан облысы, Ю.А.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі

  15. Ариана Кенесбек, Астана қаласы, А.Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы

  16. Амира Бекбер, Астана қаласы, №75 мектеп-гимназиясы

  17. Ильсана Закаева, Шығыс Қазақстан облысы, Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі

  18. Аяла Курсабаева, Астана қаласы, Smart Technological School

  19. Алия Амангельдина, Астана қаласы, Қаныш Сәтбаев атындағы Binom мектеп-лицейі

  20. Ания Аманова, Астана қаласы, Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейі

  21. Нұрай Асхат, Астана қаласы, №79 мектеп-лицейі

  22. Адия Аушакимова, Павлодар облысы, дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернаты

  23. Данеля Бекмамбетова, Астана қаласы, №89 мектеп-лицейі

  24. Іңкәр Дүйсен, Астана қаласы, "Флагман" физика-техникалық лицейі

  25. Аяулым Каблан, Түркістан облысы, С.Сейфуллин атындағы №29 жалпы білім беретін мектеп

  26. Гульназ Чиназбек, Түркістан облысы, Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы білім беретін мектеп

  27. Ақтоты Фархатқызы, Шығыс Қазақстан облысы, "Жетіарал мектеп-балабақшасы" кешені

  28. Ролан Туспаи, Алматы қаласы, №8 мектеп-гимназиясы

  29. Аяжан Тілеубекова, Шығыс Қазақстан облысы, Қ.Сәтбаев атындағы Шеңгелді мектеп-бөбекжай кешені

  30. Анастасия Ахметшина, Қостанай облысы, Валерьянов негізгі мектебі

  31. Кәусар Шалқар, Астана қаласы, Қаныш Сәтбаев атындағы Binom мектеп-лицейі

  32. Сергей Ли, Алматы қаласы, І.Есенберлин атындағы №25 гимназия


Ұйымдастырушылар жұмыстың жоғары деңгейін, қатысушылардың қазіргі заманның жаһандық мәселелеріне шынайылығы мен саналы көзқарасын ерекше атап көрсетеді. Конкурс өскелең ұрпақтың әлеуетін ашудың маңызды тұғырнамасына айналды. Үздік идеялар үшінші Ерікті ұлттық шолудың мазмұндық бөлігіне енгізіледі, бұл қазақстандық оқушылардың дауысын шабыттандыратын үлгі ретінде халықаралық кеңістікте шығаруға мүмкіндік береді.

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ ҚР Ұлттық экономика министрлігімен, Оқу-ағарту министрлігімен, БҰҰДБ пен ЮНИСЕФ-пен бірге барлық қатысушыларға, педагогтерге және ата-аналарға белсенді қолдау, ынта және білім мен идеялардың күшіне сенімі үшін алғыс білдіреді. Бәріміз бірге орнықты болашақ құрамыз.





Қарау саны: 101
Сақталған: 29.04.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!