«Өңірлер: апта оқиғалары» (2025 жылғы 21-27 сәуір)
30.04.2025
Жамбыл облысы. ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің Жамбылдағы көшпелі отырысы барысында су саласы мен ветеринариялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды. Отырысқа облыс әкімі Е.Карашукеев, бірқатар министрліктердің өкілдері, шаруа қожалықтарының, Су шаруашылығы және ирригация ҚазҒЗИ, сондай-ақ салалық бірлестіктердің басшылары қатысты.
Өңірде су ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып жатқаны туралы айтылды. Атап айтқанда, 203 каналды қайта жаңарту және күрделі жөндеу жоспарланды. 2024 жылы су үнемдеу технологиялары пайдаланылатын алқаптардың ауданы 15,4 мың гектарға ұлғайтылды, облыс бойынша жалпы көрсеткіш 55,4 мың га құрады. Ауылдық жерлердегі ветеринарлық мамандардың жалақысы 2023-2024 жылдары 30%-ға өсті. Биыл 40 ауылдық ветеринариялық пункт үшін ғимараттар салу жоспарланды, жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жылға тағы 30 ғимарат салу жоспарланды. Нәтижесінде облыстың барлық 160 ветеринариялық пункт үй-жайлармен толық қамтамасыз етіледі. Сапар аясында мәжілісмендер өңірдің агроқұрылымдары мен су шаруашылығы нысандарына барды.
Түркістан облысы. Түлкібас ауданында еліміз үшін ең маңызды өндірістік жобалардың бірі - "Саутс-Ойл" ЖШС құны 180 млрд.теңге "Састөбе" инновациялық кешені" зауыты салына бастады. Өндіріс ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Өнімді шетелге экспорттау жоспарланды. Жобада экологиялық таза, заманауи өндірістік технологиялар пайдаланылады.
Жетісу облысы. 2025 жылдың соңына дейін өңірдің барлық елді мекендері орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылады, 694,2 мың адам тұратын 331 елді мекен қамтылады. Бүгінгі таңда сумен жабдықтау қызметтеріне қала халқының 100%-ы және ауыл тұрғындарының 99,5%-ы қол жеткізеді. 2022-2024 жж. облыста 420,5 км су құбыры желілері қайта жаңартылды, 24 елді мекенде ауыз судың сапасы жақсарды. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға Бесағаш, Бірлік (Қаратал ауданы), Бибақан және Тоқжайлау (Алакөл ауданы), Қаратал ауданының Көпбірлік ауылдары қосылды. Ауыз судың сапасы мәселесі Текелі қаласында да шешілді. Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында ұзындығы 178,6 км сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жалғасты. Алакөл ауданы Лепси ауылын сумен жабдықтау мәселесі бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алакөл ауданы Бибақан ауылында жаңа су құбыры салынды. Ағымдағы жылы өңірде сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта құру бойынша 18 жоба іске асырылып жатыр. Орталықтандырылған сумен жабдықтау 2604 адам тұратын тағы 4 ауылда - Қоңыр (Алакөл ауданы), Ұмтыл (Қаратал ауданы), Көпалы (Ақсу ауданы) және Жиделі (Панфилов ауданы) жүргізіледі.
Қарағанды облысы. Өңір экономикасы оң динамиканы көрсетеді. Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда экономиканың өсу қарқыны 12,9% құрады. Өнеркәсіп өнімі 1,1 трлн теңге сомасына өндірілді (өткен жылдың сәйкес кезеңіне +15,1%). Өсім машина жасау, металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп және азық-түлік өндірісі есебінен қамтамасыз етілді. Тау-кен өнеркәсібінде көлемнің 12,7%-ға ұлғаюы байқалды.
Тұрғын үй құрылысында жыл басынан бері 54 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Әлеуметтік осал санаттар үшін бастапқы нарықта пәтерлер сатып алынады. Облыс әкімі Е.Булекпаев инвестициялар тартуға және жұмыс орындарын құруға баса назар аударып, жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Алматы облысы. Өңірде ауқымды газдандыру бағдарламасын іске асырылып келеді. Жамбыл ауданы Қазыбек бек ауылында газ тарату желілерінің іске қосылуы - соңғы маңызды оқиғалардың бірі. Бұл - жай ғана инфрақұрылымдық жоба емес, бұл - мыңдаған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Газдың пайда болуымен шағын бизнесті дамытуға, өндіріс ашуға, инвестиция тартуға мүмкіндік бар. Бұл - орнықты даму мен жұмыспен қамтуға бағытталған қадам. Газ тек Қазыбек беке аулында ғана болмайды - жүйе жақын маңдағы тағы бес ауылды да қамтиды. Газ құбырының құрылысы 2023 жылғы желтоқсанда басталып, кесте бойынша 26 ай берілсе де, 2024 жылдың соңына дейін мерзімінен бұрын аяқталды. Жобаның жалпы құны 4,2 млрд. теңгені құрады.
Өңірді газдандыруды 2030 жылға дейін толық аяқтау жоспарланды.
Солтүстік Қазақстан облысы. Өңірдің стратегиялық инвестициялық бастамаларын қолдауда Қазақстанның Даму Банкі маңызды рөл атқарады. ҚДБ елдің өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік дамуының жетекші орталықтарының бірі және металлургияда, тамақ өнеркәсібінде және ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуде кең мүмкіндіктері бар облыс кәсіпорындарының экономикалық дамуына, экспорттық әлеуетін кеңейтуге және жаңғыртуға ықпал етеді. Осы қаржы институты келесі кәсіпорындарға қолдау көрсетті: "Қызылту ұн тарту комбинаты" ЖШС, "Масло-дел Петропавл" ЖШС, «BioOperations» ЖШС. Бұл өндірістерде барлығы 800-ден астам адам жұмыс істейді. ҚДБ экспорт алдындағы қаржыландыруды ұсынады, соның арқасында өңір кәсіпорындарының өнімдері Қытай, Ресей, Ауғанстан, Эстония, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Бельгия, Латвия, Ұлыбритания және Швейцария сияқты елдерге жеткізіледі.
Астана. Астана қаласында қоғамдық көлік жолаушыларының ағыны рекордтық деңгейге жетті: жолаушылардың тәуліктік ағыны 1,0 млн. сапарды құрады, ал қала халқының саны - 1,544 млн. адам.
Күн сайын қала көшелеріне 105 бағыт бойынша 1210 автобус шығады.
Жамбыл облысы. Облыстың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралған, облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңес барысында жалпы қуаты 2 ГВт екі ірі жел электр станциясы салынады деп хабарланды. Энергия үнемдеудің және энергия тиімділігін арттырудың 6 бағыты бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Өңірде жалпы қуаты 571,3 МВт 22 жаңартылатын энергия көзі жұмыс істейді, с.і. 6 су электр станциясы, 10 жел электр станциясы және 6 күн электр станциясы. Өткен жылы Сарысу ауданында қуаты 100 МВт жел электр станциясы пайдалануға берілді, Жамбыл ауданында "AEC ASA" күн электр станциясының қуатын қосымша 20 МВт-қа арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Алдағы жылдары облыста жалпы қуаты 2 ГВт 2 ірі жобаны іске асыру жоспарланды. Атап айтқанда, Masdar компаниясы (БАӘ) Сарысу және Талас аудандарында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салады, жобаның құны - 742,0 млрд. теңге, құрылыс жұмыстары 2026 жылы басталады, 2029 жылы іске қосылады деп жоспарланды. «Total Eren» ЖШС Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт жел электр станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр. Компания жобаға 1 трлн теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта серіктестікке ауданы 52 мың га жер телімі бөлінді. Нысан 2028 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланды.
Алматы облысы. Қарасай ауданы Көкөзек ауылында Оңтүстік Кореяның KT&G корпорациясы жеке инвестициялар есебінен Қазақстанда іске асыратын алғашқы жоба - "KT&G Kazakhstan" ЖШС зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Қазіргі уақытта зауытта 130 адам жұмыс істейді, ал кәсіпорын кеңейген сайын қызметкерлер саны арта түседі. Кәсіпорындағы өндірістік процесс толығымен автоматтандырылған және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Барлық кезеңдерде - шикізатты сатып алудан бастап дайын өнімді буып түюге дейін - қатаң бақылау жүйесі әрекет етеді. Жаңа зауытты іске қоса отырып, KT&G компаниясы еуразиялық нарықта өз позициясын нығайтады және Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосады.
Ақмола облысы. Мемлекет басшысының инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын азайту бойынша тапсырмаларын іске асыру шеңберінде, Көкшетау қаласының жылу көзіндегі жөндеу жұмыстарына Үкімет резервінен шамамен 1,1 млрд теңге бөлінді. Қала объектілерін жылумен жабдықтау РК-1 (мазут) және РК-2 (көмір) қазандықтарымен жүзеге асырады. Жылумен жабдықтаудың негізгі көзі - РК-2 шаң-көмір қазандығы. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 188,7 км (магистральдық - 51 км, кварталіші - 137,7 км). Желілердің негізгі бөлігі 1977 жылдан бері пайдалануға берілді. 2024 жылы Үкімет резервінің қаражаты есебінен ұзындығы 6 км магистральдық желілерге, сондай-ақ №2 және № 3 қазандық агрегаттарына жөндеу жүргізілді. Нәтижесінде ағымдағы жылыту кезеңіндегі тозу көрсеткіші 45%-дан 43%-ға дейін төмендеді, жылу желілеріндегі технологиялық бұзушылықтар саны 62-ден 47-ге дейін төмендеді.
Түркістан облысы. Өңірде 14 индустриялық аймақ құрылды және жұмыс істейді. Биыл облыста 744 га аумақты қамтитын бес жаңа аймақ құрылды. «Жетісай» индустриялық аймағы 59 га, «Отырар» - 85 га, «Арыс» - 30 га, «Қарамұрт» - 523,9 га, «Шардара-2» - 46,1 га аумақты алады. Бұл аумақтарда 129 млрд. теңгеге 84 жобаны іске асыру жоспарланды, биыл құны 49,7 млрд. теңгені құрайтын 17 жобаны іске қосу жоспарланды.
Төлеби
ауданында ИА ашу және Түркістан қаласы
мен Ордабасы ауданында екі аймақты
кеңейту бойынша қосымша жұмыстар
жүргізіліп жатыр. Сауран ауданында
"Шағын өнеркәсіп паркі" жобасы
жүзеге асырылады, жоба аясында 152
өндірістік ғимарат салынды, 308 млрд.
теңге инвестиция тарту жоспарланды.
Бұл
бастама 6040 жұмыс орнын құруға мүмкіндік
береді.
Бүгінгі таңда 11 жоба (11 ғимарат) іске
қосылып, 790 жұмыс орны құрылды.
Ордабасы ауданында 8 га ауданда "Бадам" өндірістік паркінің құрылысы басталды. Жергілікті кәсіпкерлер бес өндірістік кәсіпорын құруға мүдделі. Сауран ауданының Иассы, Қарашық, Үшқайық, Жүйнек ауылдарында жергілікті кәсіпкерлер төрт шағын өндірістік алаңда 22 ғимарат сала бастады.
Абай облысы. Алакөл көлінің туристік әлеуетін арттыру мәселелері жөніндегі кеңесте туристік маусымға дайындық және көл жағалауының инфрақұрылымын жақсарту мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта Алакөлде 211 демалыс базасы бар, олардың жалпы сыйымдылығы - 15 мың адам, жағалауда 50-ден астам қоғамдық тамақтану орны, дүкендер, дәріханалар мен автовокзал жұмыс істейді, 116 бейнекамера орнатылды. Бірқатар мәселелер бар: қайықтар мен кетерлер үшін айлақ қажет, Арбат алаңы, субұрқақтар жаңартуға мұқтаж, киім ауыстыратын бөлмелер мен қоқыс жәшіктері жеткіліксіз. ҚТҚ шығару мәселесі де өзекті, қазіргі уақытта жаңа полигон мен тазарту құрылыстарын салуға ЖСҚ әзірленіп жатыр. Демалыс аймағын электрмен жабдықтау бойынша да мәселелер бар, қолданыстағы трансформаторлардың қуаты төмен, жаңа электр беру желілерін салу, қосымша қуат көздерін енгізу, "Семей - Жаланашкөл" бағытындағы вагондар санын ұлғайту, арнайы туристік сайтты ашу қажет. Өңірде Алакөлдің туристік әлеуетін арттыру, өңірдің тарихи және киелі жерлерін қамтитын туристік бағытты дайындау бойынша үш жылдық бағдарлама әзірленеді.
Қостанай облысы. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Қостанай қаласының онкологиялық диспансеріне заманауи жабдық - желілік үдеткіш және компьютерлік томограф (КТ) жеткізіледі. Бұл шешім онкологиялық көмектің сапасын жақсартуға және өңір тұрғындары үшін жоғары технологиялық емдеуге қолжетімділікті арттыруға бағытталған.
Желілік
үдеткіш - бұл сәулелік терапия үшін
қолданылатын жетілдірілген жабдық,
бұл
ісікке дәл әсер етуге, сау тіндердің
зақымдануын азайтуға, емдеу өлшемшарттарын
жеке реттеуге, жанама әсерлерді азайтуға
және емделушілердің
қалпына келуін тездетуге мүмкіндік
береді.
Онымен бірге заманауи КТ аппараты
орнатылады, ол ісік процесінің оқшаулануын
барынша дәл анықтауға мүмкіндік береді,
ал бұл - сәулелік емдеу жоспарын құру
үшін өте маңызды.
Бүгінгі күні емдеу 1993 және 2006 жылдары орнатылған ескірген аппараттарда жүргізіледі. Олардың ресурстары іс жүзінде таусылды, ал дәлдік пен қауіпсіздік деңгейі заманауи стандарттарға сәйкес келмейді. Өңірдегі емделушілердің шамамен 20%-ы Астананың республикалық клиникаларында немесе шетелде емделуге мәжбүр, ал енді облыс тұрғындарына заманауи жабдықта емделу жергілікті жерде қолжетімді болады. Жабдықты сатып алу және орнату бойынша жобаның құны 2,5 млрд. теңгеден асады.
Қарау саны: 60 |
|
|