2025 жылғы сәуірдегі инфляция бойынша қысқаша анықтама
02.05.2025
Елдегі тұтынушылық инфляция жеделдеп, жылдық мәнде 10,7% деңгейіне жетті. Жыл ішінде 15,7%-ға артып, ақылы қызметтер негізгі өсімді көрсетті. 2025 жылғы сәуірде елде инфляция құрады: - өткен жылғы сәуірге қатысты 10,7% (наурызда 10%);
-
ағымдағы жылғы наурызға қатысты 1,2%
(наурызда
1,3%).
Жылдық мәнде бағалар: - азық-түлік тауарларына 8,5%-ға көтерілді (1,1%); - азық-түлік емес тауарларға 8,9%-ға өсті (0,6%); - ақылы қызметтерге 15,7%-ға қымбаттады (1,9% %).
Инфляция динамикасына негізгі үлесті ақылы қызметтер қосады – 42,1% (яғни, жалпы инфляцияның 10,7%-ынан 4,5% ақылы қызметтерге тиесілі), бұл бұл соңғы жылдардағы жоғары көрсеткіштердің бірі. 2024 жылғы сәуірде ақылы қызметтердің үлесі жалпы инфляциядан 43,8% құрады.
Дәстүрлі
түрде ең көп үлес қосқан азық-түлік
тауарларының үлесі 32,9%
құрады.
2024 жылғы сәуірмен салыстырғанда, олардың
инфляцияның жалпы динамикасындағы
үлесі 2,5
п.т.
30,4%-дан 32,9%-ға дейін өсті.
Бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда,
азық-түлік тауарларының үлесі 1,6
п.т.
артты.
Азық-түлік емес тауарлардың үлесі 2024 жылғы сәуірдегі 26,0%-дан 2025 жылғы сәуірдегі 24,7%-ға дейін аздап төмендеді.
- картоп – 79%; - түйінді пияз – 63.8%; - қырыққабат - 46.8%; - күнбағыс майы – 20,8%; - минералды және ауыз су – 16,8%; - банан – 16,7%; - қызанақ – 14,1%; - кондитерлік өнімдер – 13,5%; - сиыр еті – 13,2%; - алкогольді сусындар мен темекі өнімдері – 12,7%.
Қарақұмық жармасына бағасының жылдық төмендеуі тіркелді – 15,1%, күріш – 6,9%, жұмыртқа - 5,6%. Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның ең үлкен өсімі зергерлік бұйымдар мен сағаттарға тиесілі – 27,7%-ға, жаңа жеңіл автомобильдер – 27,1%-ға, аудиовизуалды жабдық - 23,6%-ға, кілемдер және басқа еден жабындары – 14,1%-ға, киім және аяқ киім – 11%-ға, ірі тұрмыстық техника – 10,9%-ға, жиһаз және тұрмыстық заттар – 10,3%-ға. Баллондардағы сұйытылған газ 23,6%-ға, ал ағаш отын 14,6%-ға қымбаттады.
Ақылы
қызметтер саласында
кешенді
демалысты ұйымдастыру қызметтеріне
баға көтерілді
– 70,1%-ға,
байланыс
– 15,8%-ға,
шаштараздар мен жеке қызмет көрсету
мекемелерінің қызметтері – 15%-ға,
санаторийлердің қызметтері – 14,6%-ға,
денсаулық
сақтау – 14,3%-ға,
жеке автокөлік құралдарына техникалық
қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі
қызметтер – 13,3%-ға,
қоғамдық тамақтандыру – 12,7%-ға.
Теміржол жолаушылар көлігімен жол жүру
24,7%-ға,
қалалық автобуспен – 11,1%-ға, әуе жолаушылар
көлігімен
-
9,6%-ға
қымбаттады. Тұрғын үйді жалдау ақысы
15,3%-ға өсті.
Суық суға тарифтер көтерілді – 89,1%-ға, су бұру – 23,5%-ға, орталық жылыту – 18,7%-ға, қоқыс шығару – 16,2%-ға, ыстық су – 14,4%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 13,3%-ға. Қазақстанда жылдық тұтынушылық инфляция наурыздағы 10%-бен салыстырғанда, сәуірде 10,7%-ға дейін жеделдеді. Сонымен қатар, ақылы қызмет көрсету секторындағы инфляция бағаның жалпы деңгейіне едәуір қысым жасай отырып, ең үлкен үлесті алады.
Қарау саны: 42 |
|
|