2025 жылғы 25 сәуірде "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-да Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындары – Орталық Азия Университеті мен Нархоз Университетінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Институтқа
Орталық Азия Университетінің аға ғылыми
қызметкері Мадина Джунусова және Нархоз
Университетінің Гуманитарлық ғылымдар
мектебінің профессоры Мира Маулшариф
келді. Келу мақсаты - ғылыми және
қолданбалы салалардағы екіжақты
ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін
талқылау.
Кездесу
барысында тараптар бірлескен зерттеулер
жүргізуді, тәжірибеге бағдарланған
жобаларды іске асыруды, орнықты және
инклюзивті даму мәселелері бойынша
талдамалық материалдарды әзірлеуді
қоса алғанда, өзара іс-қимылдың негізгі
бағыттары бойынша пікір алмасты. Өңірлік
даму перспективаларына, сараптамалық
біліммен алмасуға, сондай-ақ өңірлер
деңгейінде әлеуметтік-экономикалық
бастамаларды ілгерілету үшін
институционалдық платформаларды
қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Академиялық
қоғамдастықпен өзара әрекеттесу -
Институттың ғылыми әлеуетті нығайтуға
және Қазақстанның орнықты дамуы үшін
тиімді шешімдер әзірлеуге ықпал ететін
басымдықтарының бірі.