«Өңірлер: апта оқиғалары» (2025 жылғы 28 сәуір - 4 мамыр)
05.05.2025
Павлодар облысы. Екібастұздың индустриялық аймағында еліміз үшін стратегиялық маңызы бар Rail Way Steel компаниясының электрометаллургиялық зауытының құрылысы басталды. Зауыт 100 га ауданда орналасады, жалпы инвестиция көлемі - 500 млрд теңге, жобалық қуаты - жылына 1 млн тонна болат. Іске қосу 2028 жылға жоспарланды, бұл ретте, 1,0 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Өндіріс заманауи экологиялық талаптарға сай болады, шығарындыларды барынша азайтатын электр доғалы пештерді пайдалану көзделеді. Өнімнің 40%-ына дейін ТМД және Еуроодақ елдеріне экспорттау жоспарланды. Дәл сол күні RailCastSystems ұста-бандаж кешені де ашылды. Жобаға салынған инвестиция көлемі 125 млрд теңгені құрады, өндірістік қуаты - жылына 88 мың теміржол бандажы, 36 мың вагон осі, 27 мың тісті доңғалақ және 9,9 мың соғылған бұйым. ТМД мен Еуропада мұндай өндірістің аналогтары жоқ.
Жетісу облысы. Биыл өңірде "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында салынып жатқан тағы 44 нысан іске қосылады. Облыста жалпы құны 12,7 млрд теңгені құрайтын 59 нысан, оның ішінде 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пункт салу көзделген. Оның ішінде өткен жылғы желтоқсанда 15 нысан аяқталды, 44 нысан ағымдағы жылға ауысады. Бұл кезеңде олардың дайындығы орта есеппен 83% құрайды. Бөлінетін қаражат көлемін ескере отырып, нысандардың бір бөлігі маусымда, ал тағы бір бөлігі тамызда аяқталады деп жоспарланды. Сонымен қатар, инженерлік-коммуникациялық желілерді салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, оған жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Дайындық деңгейі 80%-ды құрайды, барлық жұмыстарды маусымада аяқтау жоспарланды.
Жамбыл облысы. Облыстың 2025 жылдың I тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары өңір әкімдігі алқасының кеңейтілген отырысында қаралды. Экономиканың өсуі 14,5%-ды құрады, бұл ретте, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста, саудада, көлікте және байланыста едәуір өсім байқалғаны атап өтілді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 289,1 млрд теңгені, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 38,1 млрд теңгені, негізгі капиталға инвестицияның көлемі 120,5 млрд теңгені (+37,1% ж/ж) құрады. 38,1 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді, 147,9 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. 2 515 пәтерлік 52 көппәтерлі үйдің құрылысы жалғасып жатыр. Тауар айналымы 200,8 млрд теңгені құрады. Бөлшек сауда 31,6%-ға, көтерме сауда 2,8%-ға өсті. Сонымен бірге, бірқатар аудандарда (Байзақ, Жамбыл, Талас және т.б.) негізгі көрсеткіштер бойынша артта қалу байқалды. Облыста қылмыс пен ЖКО өсуіне назар аударылды. Қарағанды облысы. Silk Road Electronics қарағандылық компаниясы және Samsung Electronics оңтүстік кореялық корпорациясы кір жуғыш автомат машиналар өндірісін жергідікті деңгейде жүзеге асыру бойынша стратегиялық әріптестік туралы келісім жасасты. Саран зауытының базасында өндірістің әрбір кезеңі мұқият бақыланатын Samsung қатаң стандарттарына сәйкес келетін зияткерлік кір жуғыш машиналарды шығару жолға қойылады. Өнімдер инновациялық функциялар мен шешімдерді ұсына отырып, энергия тиімділігінің, сенімділіктің және қауіпсіздіктің әлемдік талаптарына жауап береді. Өндірісті іске қосу 2025 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған. Бастапқыда барлық өнім Қазақстанның ішкі нарығына бағдарланады. Экспорттық жеткізілімдер жақын арада жоспарланбайды, алайда, келешекте шетелдік нарықтарға шығу мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.
Маңғыстау облысы. Облыс басшысы Н.Килыбай "Lester Invest Group" ЖШС бас директоры А.Ахметовпен кездесті. Кездесуде Ақтау қаласында ҚТҚ энергетикалық кәдеге жарату зауыты құрылысының инвестициялық жобасы талқыланды.
Жобаның
негізгі мақсаты - күн сайын 200 тонна
тұрмыстық қалдықты қайта өңдеп, одан
кейін жылына 26,5 млн кВтсағ электр
энергиясын өндіру. Зауытта қуаты 7 МВт
қазандық орнатылады, заманауи технологиялар
негізінде қалдықтарды қайта өңдеудің
қауіпсіз және тиімді процесі енгізіледі.
2020 жылдан 2023 жылға дейін Ақтауда жыл сайын 85 мың тоннадан 94 мың тоннаға дейін тұрмыстық қалдық жиналды, оның 75%-ы оларды энергияға айналдыру үшін жарамды.
Ақтөбе облысы. Өңір делегациясының Қытайға сапары аясында бірқатар жобаны іске асыру туралы маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді, 4 меморандумға қол қойылды. Олардың қатарында қуаты тиісінше 200 және 100 мегаватт жел электр станцияларын салу туралы, жоспарланған инвестиция көлемі 218,8 млн доллар жобаларды іске асыру туралы, орташа көміртекті легирленген болат өндіретін зауыт салу туралы, сондай-ақ Әйтеке би ауданында Бенкал мыс кен орнын игеру туралы меморандумдар бар. Сиань қаласында қол қойылған негіздемелік келісім Алға ауданында қуаты тәулігіне 5,0 мың тонна клинкер цемент зауытын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға қатысты. Жобаның құны - 220 млн. долл. Жасалған келісімдер облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жаңа перспективалар аша отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы өрбіп келе жатқан стратегиялық әріптестікке баса назар аударады.
Ақмола облысы. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметі Қосшы қаласында су құбыры жүйесінің құрылысын аяқтауға Арнайы мемлекеттік қордан 476,7 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Жобаны іске асыру халықты орталықтандырылған сумен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 50 км жуық құбыр салынды. Жалпы желілердің ұзындығы 64,1 км құрайды. Нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланды. Қолданыстағы инженерлік желі 30 мың тұрғынға есептелген. Қазіргі уақытта қалада 50 мыңнан астам адам тіркелген. 2038 жылға қарай қаланың Бас жоспарына сәйкес тұрғындар саны 150 мыңнан асуы мүмкін. Макинск қаласында да Арнайы мемлекеттік қордан бұған дейін бөлінген қаражат есебінен (606,4 млн. теңге) су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобада көзделген 72,7 км-ден 45 км бойынша жұмыстар аяқталды. Жобаны іске асыру саны 18 мың адамнан асатын қаланың барлық тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шымкент. Қошқарата өзенінің учаскесін қайта құруға 1,25 млрд теңге бөлу жоспарланды. Жұмыстар 3,5 км арнаны және жағалауларды нығайту, тоғанды қалпына келтіру, көпірлер салу, жарықтандыру және өз бетінше салынған ғимараттарды жоюды қамтиды. Тұрғындар мен экологтар ерекше қорғалатын объект мәртебесіне ие өзеннің жай-күйіне алаңдайды. Экологиялық жағдайды жақсарту және қолайлы қалалық орта құру жоспарланды.
Жамбыл облысы. Мұнда жалпы қуаты 2 ГВт екі жел электр станциясын салу есебінен жаңартылатын энергия өндірісін 5 есеге ұлғайту жоспарланды. Бір жобаны Total Open француздық компаниясы (1 трлн теңге инвестиция), екіншісін БАӘ-нен Masdar (742 млрд теңге) іске асырып жатыр. Сондай-ақ, газ турбиналық қондырғы мен жаңа ЭБЖ салу жоспарланды. Барлық жобалар шетелдік инвестициялар есебінен іске асырылады және энергия тиімділігін арттыруға және энергия тапшылығын төмендетуге бағытталған.
Алматы облысы. Біріккен Араб Әмірліктерінен Al Khaleej Sugar компаниясы - әлемдік тазартылған қант нарығының шамамен 3%-ын бақылайтын әлемдегі ең ірі автономды қант зауыты аймақтағы қант зауытын салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Жоба бойынша келіссөздер облыс әкімі М.Султанғазиевтің компанияның басқарушы директоры шейх Жамал Әл-Гурайрмен кездесуінде өтті.
Болашақ
зауыттың құрылыс орны, қант қызылшасына
арналған егіс алқаптары және сумен
жабдықтау мәселелері талқыланды.
Қонаев қаласының маңындағы жер учаскесі
логистиканың арқасында ең перспективалы
болып танылды. Сонымен қатар, сумен
жабдықтау мәселесі әлі
де ашық,
егістіктерді суарудың баламалы көздері
қарастырылып,
инвестор сумен жабдықтау бойынша оңтайлы
шешімдерді әзірлеу үшін гидрология
саласындағы елеулі консультанттарды
тартуға ниет
білдірді.
Араб компаниясы да кәсіпорынды өз энергиясымен толық қамтамасыз ету үшін жел электр станцияларын салу мұмкіндігін қарастырып жатыр.
Шығыс Қазақстан облысы. Биыл өңірдің фермерлері көктемгі егіс жұмыстарына әдеттегіден бұрын кірісті: жылы күз, қарлы қыс және мол жауын-шашын қолайлы жағдай туғызды. Жаздық дақылдарды егудің оңтайлы мерзімі мамырдың басынан аяғына дейін болжанады. Қазірдің өзінде-ақ 40 мың га астам жер өңделді. Биыл жалпы егіс алқабы - 618,1 мың га, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,8 мыңға артық, бұл 2028 жылға қарай жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін екі есеге арттыру міндетіне байланысты. Негізгі дақылдар: дәнді дақылдар және бұршақ дәнділер (252,6 мың га), майлы (224,5 мың га, с.і. күнбағыс — 206,6 мың га), жем-шөп (129 мың га), картоп (8,5 мың га), көкөністер және бақша дақылдары (3,8 мың га). 73,2 мың тонна тұқым талап етіледі, 62,7 мың тонна (98,9% шартқа сәйкес сұрыпталған тұқым) тексерілді, 10,1 мың тонна элиталық тұқым пайдалану жоспарланды. Техника паркіне 9065 трактор мен 7116 агрегат кіреді. 2025 жылы 484 бірлік сатып алу жоспарланды. Қазірдің өзінде-ақ 4 млрд. теңгеге 66 трактор мен 6 комбайн сатып алынды. Бюджеттен тұқым шаруашылығына, тыңайтқыштарға, пестицидтерге және суармалы суға 6,1 млрд теңге бағытталды. Ресурстар жеткілікті, алайда, техниканы жаңғырту және кадрларды тарту талап етіледі.
Түркістан облысы. Өңірде білім беру, жұмыспен қамту және құқық бұзушылықтың алдын алу салаларындағы жастарды қолдау шаралары талқыланды.
Өңірдің 671 мың жас тұрғынының 500 мыңнан астамы ауылдық жерлерде тұратынын атап өткен жөн. Бұл ретте, облыстағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 2%-ды құрайды, бұл - елдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Облыста жасөспірімдер қылмысының төмендеуі тіркелді. Мектептерде сенімгерлік QR-кодтар енгізілді, 127 еріктілер ұйымы және 36 еріктілер желісі жұмыс істейді.
Қостанай облысы. Арқалықта көлік, білім, мәдениет, экология және бизнесті қолдау салаларындағы негізгі жобаларды іске асырылып жатыр. Қалалық әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құны 8,3 млрд. теңгені құрайтын жоба терминал құрылысын, ұшу-қону жолағы мен перронды қайта жаңартуды қамтиды, Қостанай, Астана және Алматы қалаларына әуе рейстерін іске қосу жоспарланды. Қостанай облысы арқылы өтетін Жезқазған-Петропавл автомагистраліне жөндеу жұмыстары аяқталуға тәмамдады. Қосымша 42 км автожол мен 51 көше жөнделеді. "Жайлы мектеп" жобасы аясында құны 2,6 млрд. теңгені құрайтын 300 орынға арналған жаңа мектеп салынды, ағымдағы жылғы мамырда пайдалануға беріле отырып, мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Арқалық педагогикалық институты университет мәртебесін алды, мұнда магистратура мен докторантура бағдарламаларын іске қосу, жаңа мамандықтар ашу жоспарланды, ал студенттер контингенті 5 мыңға дейін ұлғаяды. «Бизнес-Көмек» бағдарламасы жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Жылдық 1% жеңілдікпен кредиттеу қарастырылған. 506 млн. теңгеге 11 жоба мақұлданды, 425 млн. теңгеге 9 кредит берілді. Жобалардың қатарында - асфальтбетон зауыты мен ұсақтау кешенін іске қосу.
Абай облысы. Өңірде ылғалды жабу және егіс алдындағы дайындық жұмыстары басталды. А.ж. 753 мың га артық егу жоспарланды, соның 308,5 мың га - майлы дақылдар үшін, 302 мың га - дәнді дақылдар және бұршақ дәнділер үшін. Егіс науқаны үшін 39,6 мың тонна тұқым, оның ішінде 2,1 мың тонна элиталық тұқым себілді. Тұқым шаруашылығымен үш мамандандырылған шаруашылық және бір сатушы айналысады. 63,6 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланды. Дала жұмыстарына 12,9 мың техника жұмылдырылады, олардың дайындығы 100%-ды құрайды. 27,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Наурызда 7352 тонна, сәуірде 8310 тонна жөнелтілді. Қаржыландыру «Кең дала 1» және «Кең дала 2» бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. 5,5 млрд. теңгеге 99 кредит берілді, 18 млрд. теңге қарастырылды. Қарыз сомасының 85%-ы кепілдік беру тетігі және 5%-дан аспайтын жеңілдік мөлшерлемесі көзделген.
Қарау саны: 30 |
|
|