Ажырасу - қоғамның барлық салаларына әсер ететін әлеуметтік-демографиялық процесс. Соңғы бес жылдық кезеңде (2020-2024жж.) елімізде 221 554 ажырасу тіркелді.
Елімізде
ажырасудың
келесі үрдістері
байқалады.
Бес
жылдық кезеңде елімізде
жалпы ажырасу деңгейі (1000 адамға
шаққанда) 2020 жылғы 2,56-дан 2024 жылғы
2,01-ге дейін төмендеді;
Қалалық
жерлерде ажырасу деңгейі (1000 адамға)
ауылдық жерлермен салыстырғанда жоғары.
2024 жылғы жағдай бойынша қалалық жерлерде
ажырасу деңгейі 2,39, ауылдық жерлерде
1,38 құрады;
Ажырасудың
өңірлік
ерекшеліктерінің негізгі факторларының
бірі -
мәдени
айырмашылықтар мен халықтың этникалық
құрылымы. Өңірлік
бөліністе
ажырасу
деңгейі солтүстік өңірлерде
жоғары,
оңтүстік және батыс өңірлерде
төмен.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс
Қазақстан (3,12), Қарағанды (3,11) және
Павлодар (3,09) облыстары -
ажырасу
деңгейі бойынша (1 000 адамға) көшбасшы;
Ажырасудың
жоғары үлесі 25-39 жас аралығындағы
ерлі-зайыптылар
арасында
байқалады. 2024 жылғы жағдай бойынша бұл
жаста ерлерде
58,9%, әйелдерде
57,7% ажырасты;
Статистика
көрсеткендей, ажырасу көбінесе некенің
алғашқы 9 жылында болады және бұл үрдіс
үдей
түседі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша барлық
ажырасулардан
8,1% 1 жылға дейін, 35% 1 жылдан 4 жылға дейін,
24,5% 5 жылдан 9 жылға дейін, 17% 10 жылдан 14
жылға дейін, 5,2% 15 жылдан 19 жылға дейін,
10,2% 20 жылдан
асқан некелер арасында болды;
Ажырасумен
аяқталатын некелер саны артып келеді.
2020 жылы тіркелген 100 некенің 1,8-і
ажырасумен аяқталды, 2024 жылы мұндай
некелердің үлесі 2,7%-ға дейін өсті.
Сарапшылар
мен психологтар Қазақстанда ажырасудың
көптеген себептерін атап
өтеді.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарының
мәліметтері бойынша, көбінесе некені
бұзу негіздерінің арасында бұрынғы
ерлі-зайыптылар "мінездерінің
үйлесімсіздігін"
көрсетеді.
Бұл жалпы сөз тіркесінің астарында
тұрмыстық және материалдық келіспеушіліктер,
балаларды тәрбиелеу туралы көзқарастардың
сәйкес келмеуі, ымыраға келе алмау,
баласыздық болуы мүмкін. Тәуелділіктің
әртүрлі нысандары (алкоголизм, нашақорлық,
құмар ойындар және т.б.), ерлі-зайыптылардың
біреуінің опасыздығы және отбасылық-тұрмыстық
зорлық-зомбылық - еліміздегі ажырасудың
негізгі себептері.
Жетекші
сарапшы
Шынар
Тулешова