Астана қаласы бюджетінің 2021-2023 жылдардағы кірістері
08.05.2025
Астана қаласы бюджетінің 2021-2023 жылдардағы кірістері 1,7 есеге – 2021 жылғы 703,7 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттердің барлық кірістерінен 8,0%) 2023 жылғы 1,2 трлн теңгеге дейін (жергілікті бюджеттердің барлық кірістерінен 9,0%) ұлғайды. Қаланың барлық кірістерінің орта есеппен 62,5%-ын құраған салық түсімдері 1,6 есеге - 2021 жылғы 455,3 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салық түсімдерінен 12,4%) 2023 жылғы 740,6 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салық түсімдерінен 12,3%) өсті. Ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан КТС түсімдері 43,2%-ға - 2021 жылғы 149,4 млрд теңгеден (Астана қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 32,8%) 2023 жылғы 214,0 млрд теңгеге дейін (Астана қаласы бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 28,9%) ұлғайды. ЖТС түсімдері 1,8 есеге – 2021 жылғы 148,8 млрд теңгеден (Астана қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 32,7%) 2023 жылғы 274,6 млрд теңгеге дейін (Астана қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 37,1%) өсті. Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер 1,6 есеге – 2021 жылғы 105,6 млрд теңгеден (Астана қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 23,2%) 2023 жылғы 172,8 млрд теңгеге дейін (Астана қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 23,3%) ұлғайды.
Меншік
салығынан түсетін түсімдер (мүлік
салығы, жер салығы, көлік құралдарына
салынатын салық, бірыңғай жер салығы)
17,5%-ға
-
2021
жылғы 40,8 млрд теңгеден (Астана
қаласының бюджетіне түсетін барлық
салық түсімдерінен
9,0%)
2023
жылғы 47,9 млрд теңгеге дейін (Астана
қаласының бюджетіне түсетін барлық
салық түсімдерінен
6,5%)
артты.
Қалған салықтардан түсетін түсімдер (тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын ішкі салықтар, өзге де салықтар, заңды маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны және (немесе) оған уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер) 2021 жылғы 10,6 млрд теңгеден (барлық салық салудан 2,3%) 2023 жылға 31,3 млрд теңгеге дейін (Астана қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 4,2%) 3 есеге жуық өсті. Астана қаласының барлық кірістерінің орта есеппен 32,8%-ы алатын трансферттер түсімдері 2,1 есеге - 2021 жылғы 207,5 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге берілетін барлық трансферттер түсімдерінен 4,4%) 2023 жылғы 438,2 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге берілетін барлық трансферттер түсімдерінен 6,1%) ұлғайды. Қала бюджеті кірістерінен орта есеппен 2,6% құрайтын негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2 есеге – 2021 жылғы 27,1 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге негізгі капиталды сатудан түсетін барлық түсімдерден 13,4%) 2023 жылғы 13,4 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге негізгі капиталды сатудан түсетін барлық түсімдерден 7,4%) азайды. Қаланың кірісіне орта есеппен 2,0% үлес қосатын салықтық емес түсімдер 1,6 есе – 2021 жылғы 13,8 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салықтық емес түсімдерден 11,6%) 2023 жылғы 21,9 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салықтық емес түсімдерден 10,7%) өсті.
Қарау саны: 28 |
|
|