Институтта Лондон экономика мектебінің қатысуымен өңірлік саясат бойынша семинар өтті

08.05.2025

2025 жылғы 29-30 сәуірде Экономикалық зерттеулер институтында өңірлік саясат және аумақтық даму мәселелеріне арналған екі күндік семинар өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері мен Институт сарапшылары қатысты. Іс-шараның бастамашысы - Азия даму банкі, шақырылған дәріскер — Лондон экономика мектебінің халықаралық деңгейде танылған экономикалық география профессоры, д-р Андрес Родригес-Позе.

Семинар барысында орталықсыздандырудың, институционалдық ортаның және аумақтық даму стратегияларының негізгі аспектілері қарастырылды. Жаһандық үрдістер мен халықаралық тәжірибе ахуалында Қазақстанның өңірлік дамуын талдауға ерекше назар аударылды. Қатысушылар институционалдық айырмашылықтардың мемлекеттік саясаттың сәттілігіне әсерін зерттеп, басқа елдердегі өңірлік дамудың сәтті үлгілерін талқылады.

Семинар білім алмасу, өңірлік саясаттың ғылыми-талдамалық базасын нығайту және еліміздің кеңістіктік дамуына жаңа тәсілдерді қалыптастыру үшін маңызды алаңға айналды. Алған білім орнықты аумақтық даму саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.



Қарау саны: 20
Сақталған: 08.05.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!