Атырау облысы: Өңірлік стандарттар жүйесінің қамтамасыз етілу деңгейі

12.05.2025

2024 жылы Атырау облысының Өңірлік стандарттар жүйесі (ӨСЖ) шеңберінде объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етілуі 66,0% құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда (70,3%) 4,3 п.т. төмен. Қамтамасыз етудің ең жоғары мәндері аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда 90,4%, ал ең төменгі деңгей ауылдық жерлерде 49,2% тіркелді.

Қалалар бойынша ӨСЖ қамтамасыз етілуі: Атырау қаласында 83,1%, Құлсары қаласында 89,3% құрады.

Облыстық маңызы бар қалалар

Облыстық маңызы бар Атырау қаласында білім беру саласындағы қамтамасыз ету 94,5% құрайды. Қазіргі уақытта қалада 51 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның 35-і күрделі жөндеуді және материалдық-техникалық базаны (МТБ) жинақтауға мұқтаж, 4-і апатты жағдайда тұр. Сонымен қатар, тағы 6 жаңа мектепті салу қажеттілігі бар.

Қалада 47 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, бұл ретте, олардың 7-і күрделі жөндеуді талап етеді. 16 қосымша білім беру мекемесі бар, оның 1-і МТБ-мен жабдықтауды қажет етеді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКБ) саласында 10 ұйым бар, олардың 3-і МТБ-ны жасақтауды талап етеді; сондай-ақ 4 жеке ТжКБ жұмыс істейді, бұл ретте, - тағы 2 ТжКБ жаңа мекемесін салу қажеттілігі бар.

Денсаулық сақтау саласында қамтамасыз ету 69,6% құрайды. Қалада 45 медициналық мекеме бар, олардың барлығы Интернет желісіне қосылды. Сонымен қатар, 16 нысан күрделі жөндеуді қажет етеді, сондай-ақ 19 жаңа медициналық мекеме салу қажеттілігі бар.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қамтамасыз ету 83,2% құрайды. Қалада 5 әлеуметтік қызмет нысаны жұмыс істейді, бұл ретте, кадр тапшылығы 25,7% құрайды.

"Мәдениет және спорт" бағыты бойынша қамтамасыз ету 89%-ға жетеді. Қамтамасыз етудің жоғары деңгейіне қарамастан, 1 мәдени-демалыс ұйымын, 2 театрды, 3 концерттік ұйымды, 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін (ДСК), сондай-ақ 4 спорт және жаттығу залын салу қажеттілігі бар.

Көлік инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі — 88,1%. Алайжа, қосымша 130 жаңа автобус, 5 жаңа бағыт және 150 жаңа аялдама павильоны талап етіледі.

"Жол инфрақұрылымы" бағыты бойынша қамтамасыз ету 74%-ға бағаланады. Жол желісінің жалпы ұзындығынан - 1 634,9 км, 408,7 км жағдайы - қанағаттанарлықсыз. Жол жарығымен қамтамасыз ету деңгейі — 76%.

Инженерлік инфрақұрылым бөлігінде қамтамасыз ету деңгейі 55,5% құрайды. Қала аумағының небәрі 52,1%-ы орталықтандырылған сумен қамтылған, су құбыры желілерінің тозу дәрежесі 28%-ды құрайды. 870 км сумен жабдықтау желілерінен 240 км ауыстыруға жатады.

Су бұру бойынша қамтамасыз ету небәрі 34,8%-ды құрайды, бұл ретте, 298 км кәріз желілерінен 179 км ауыстыруға мұқтаж. Тазарту құрылыстарының тозу дәрежесі 60%-ды құрайды. Газбен жабдықтау бойынша қамтамасыз ету деңгейі — 38,4%.

Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласына келетін болсақ, қамтамасыз ету небәрі 49,9%-ды құрайды. Учаскелік полиция пункттері бойынша қамтамасыз ету 91,6%-ға, алайда, кадр тапшылығы 29%-ға дейін жетеді. Өртке қарсы қызметтің екі бөлімшесін салу қажеттілігі де бар.

Ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым бойынша Атырау қаласы бойынша қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайды.


Аудан орталықтары және аудандық маңызы бар қалалар

Атырау облысының аумағында 7 аудан орталығы мен аудандық маңызы бар қала бар. Осы елді мекендер бойынша Өңірлік стандарттар жүйесі (ӨСЖ) шеңберінде объектілер мен көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз етудің орташа деңгейі 90,4%-ды құрады.

Білім беру саласында қамтамасыз ету 93,3%-ға дейін жетті. Қазіргі уақытта 35 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның 15-і жөндеуге мұқтаж, ал тағы 13-і материалдық-техникалық базаны қосымша жабдықтауды талап етеді.

Денсаулық сақтау объектілері бойынша қамтамасыз ету деңгейі 96,9%-ды құрайды. Аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда 14 медициналық мекеме жұмыс істейді, олардың 4-і күрделі жөндеуге жатады; бұл ретте, барлық нысандар материалдық-техникалық базаны жинақтауды талап етеді етеді.

Мәдениет және спорт секторында қамтамасыз ету 94,1%-ды құрайды. Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету 84,5% деңгейінде тіркелді, алайда, қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету төмен деңгейде қалып отыр небәрі 32,5%.

Жол инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 80,3%-ды, соның ішінде кентішілік жолдар 78,2%-ды құрайды. Автожолдардың жалпы ұзындығы 810,7 км, соның ішінде 249,8 км жағдайы - қанағаттанарлықсыз. Сонымен қатар, тағы 210,6 км жол салу қажет. Жолдарды жарықтандыру деңгейі 82,4%-ды құрайды.

Инженерлік инфрақұрылым ең аз қамтамасыз етілген – оның деңгейі 66,1%-ды құрайды. Орталықтандырылған сумен жабдықтау мәселесі ерекше өткір тұр, ол бойынша аумақтың 42,9%-ы ғана қамтамасыз етілген. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы — 887,56 км, соның ішінде 305,5 км ауыстыру қажет.


Ауылдық округтердің орталықтары және тірек ауылдық елді мекендер

Атырау облысында 63 ауылдық округ пен тірек ауылдық елді мекен орталығы бар. Осы елді мекендердегі Өңірлік стандарттар жүйесі (ӨСЖ) бойынша объектілер мен қызметтердің орташа қамтамасыз етілу деңгейі 85,5%-ды құрайды.

Білім беру саласында қамтылу 93%-ға дейін жетеді. Ауылдық жерлерде 75 мектеп жұмыс істейді, оның 35-і жөндеуді қажет етеді.

Денсаулық сақтау саласындағы қамтамасыз ету деңгейі 96,9%-ды құрайды. Жұмыс істеп тұрған 62 медициналық мекеменің 9-ы күрделі жөндеуді талап етеді, сондай-ақ 7 жаңа денсаулық сақтау нысанын салу қажеттілігі бар.

Жол инфрақұрылымы бойынша қамтамасыз ету 65%-ды құрайды. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығынан (1 140,5 км) 352,5 км жағдайы - қанағаттанарлықсыз. Бұл ретте, тағы 364,2 км жаңа жол салу қажет.


Ауылдық елді мекендер

Атырау облысында 84 басқа ауылдық елді мекен бар, бұнда Өңірлік стандарттар жүйесінің (ӨСЖ) объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етілуінің орташа деңгейі небәрі 49,2%-ды құрайды. 42 елді мекенде халық саны 200 адамнан аспайтынын айта кеткен жөн.

Ақпараттық коммуникация бөлігінде елеулі мәселелер бар: 17 елді мекенде Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік жоқ.

311 ауылдық елді мекеннен небәрі 7 ғана ӨСЖ бойынша 95%-дан жоғары қамтамасыз ету деңгейін көрсетті.


1-кесте. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ӨСЖ сәйкес объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етудің жоғары деңгейін көрсететін Атырау облысының АЕМ тізбесі


Атырау облысының ауылдық және қалалық елді мекендері арасындағы ӨСЖ қамтамасыз ету деңгейіндегі алшақтық 20,4%-ды құрайды: ауылдық жерлерде қамтамасыз етудің орташа деңгейі 65,87%-ды, ал қалаларда 86,2%-ды құрайды.

Аға сарапшы

Жанерке Рахман



Қарау саны: 73
Сақталған: 22.05.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!