2025 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық тұтынушылық инфляция наурыздағы 10,0%-бен салыстырғанда 10,7%-ға дейін жеделдеді. Ел өңірлерінде бағаның өсуімен қалыптасқан жағдайды қарастырайық.
Жылдық
мәнде бағаның ең көп өсуі Астана
қаласында (13,8%), Қарағанды (12,8%) және
Ақмола (11,8%) облыстарында
байқалды.
Көптеген
салаларда инфляция деңгейі 2024 жылмен
салыстырғанда елеулі жоғары болды.
Әсіресе Астана
қаласында
инфляцияның өсуі байқалды (13,8%),
бұнда
көрсеткіш 9,5%-дан 13,8%-ға дейін өсті.
Инфляцияның
ең төменгі деңгейі Жамбыл
(8,8%), Жетісу (8,7%), Алматы (8,5%) және Павлодар
(7,6%) облыстарында
тіркелді.
