Алматы қаласы бюджетінің 2021-2023 жылдардағы кірістері

16.05.2025

Алматы қаласы бюджетінің 2021-2023 жылдардағы кірістері 1,6 есе – 2021 жылғы 1,0 трлн теңгеден (жергілікті бюджеттердің барлық кірістерінен 11,4%) 2023 жылғы 1,6 трлн теңгеге дейін (жергілікті бюджеттердің барлық кірістерінен 12,1%) өсті.

Алматы қаласының барлық табыстарында ең көп үлесті алатын салықтық түсімдер 2021-2023 жылдары орта есеппен 82,7%-84,6%-ға - 2021 жылғы 790,1 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салықтық түсімдерден 21,5%) 2023 жылғы 1,5 трлн теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салықтық түсімдерден 24,3%) өсті.

Ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторы ұйымдарының түсімдерін қоспағанда, заңды тұлғалардан КТС түсімдері 2021 жылғы 272,2 млрд теңгеден (Алматы қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 34,5%) 2023 жылғы 480,3 млрд теңгеге дейін (Алматы қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 32,9%) 1,8 есеге ұлғайды.

ЖТС түсімдері 2 есе – 2021 жылғы 270,0 млрд теңгеден (Алматы қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 34,2%) 2023 жылғы 550,7 млрд теңгеге дейін (Алматы қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 37,8%) ұлғайды.

Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер 1,7 есе – 2021 жылғы 168,1 млрд теңгеден (Алматы қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 21,3%) 2023 жылғы 283,4 млрд теңгеге дейін (Алматы қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 19,4%) өсті.

Меншік салығынан түсетін түсімдер (мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, бірыңғай жер салығы) 16,9%-ға - 2021 жылғы 49,2 млрд теңгеден (Алматы қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 6,2%) 2023 жылғы 57,5 млрд теңгеге дейін (Алматы қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 3,9%) өсті.

Қалған салықтардан түсетін түсімдер (заңды маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны және (немесе) оған уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын ішкі салықтар, өзге де салықтар, міндетті төлемдер) 2,8 есе – 2021 жылғы 30,5 млрд теңгеден (Алматы қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 3,9%) 2023 жылғы 86,3 млрд теңгеге дейін (Алматы қаласының бюджетіне түсетін барлық салық түсімдерінен 5,9%) ұлғайды.

Қаланың барлық кірістерінің орта есеппен 13,7% құрайтын трансферттер түсімдері 27,8%-ға - 2021 жылғы 174,3 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге берілетін барлық трансферттер түсімдерінен 3,7%) 2023 жылғы 125,8 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге берілетін барлық трансферттер түсімдерінен 1,8%) азайды.

Қала кірістерінің орта есеппен 1,5% алатын салықтық емес түсімдер 1,8 есе - 2021 жылғы 15,5 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салықтық емес түсімдерден 13,0%) 2023 жылғы 28,5 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге түсетін барлық салықтық емес түсімдерден 13,9%) ұлғайды.

Қала кірістерінің орта есеппен 2,1% құрайтын негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 18,8%-ға - 2021 жылғы 20,8 млрд теңгеден (жергілікті бюджеттерге негізгі капиталды сатудан түсетін барлық түсімдерден 10,3%) 2023 жылғы 24,7 млрд теңгеге дейін (жергілікті бюджеттерге Негізгі капиталды сатудан түскен барлық түсімдерден 13,6%) өсті. 




Қарау саны: 51
Сақталған: 18.05.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!