Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі: үшінші ерікті ұлттық шолу жобасы ұсынылды
20.05.2025
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асыру жөніндегі үшінші Ерікті ұлттық шолу жобасын талқылауға арналған Орнықты даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға Үкіметтер мен Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Орнықты даму мақсаттарының қағидаттарын енгізу, бірінші кезекте, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және үздік халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталғанын, бұл жалпы алғанда елдің орнықты жаһандық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Отырыста сөйлеген сөзінде БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің міндетін атқарушы Стивен О'Малли елдің 2030 Күн тәртібіне дәйекті ұстанатынын атап өтті. Ол БҰҰ Алматыда ОДМ бойынша Өңірлік орталығының ашылуы, сондай-ақ шолуды дайындауға белсенді қатысу Қазақстанның жаһандық мақсаттарды ілгерілетудегі көшбасшылығын көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан ОДМ нысаналы бағдарларының 42,6%-на қол жеткізілді - бұл орташа әлемдік деңгейден (16%) едәуір жоғары. Ол БҰҰ жүйесі тарапынан одан әрі қолдау көрсетіледі деп мәлімдеді. Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа барлық қатысушылардың құжатты дайындауға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. Ол "Астана" халықаралық форумы шеңберінде ОДМ жөніндегі сессияға қатысуға шақырды, сондай-ақ 2026 жылы Өңірлік климаттық конференцияға қатысуға шақырды. Бұл бастама өңірлік өзара іс-қимылды нығайту және халықаралық сараптаманы жұмылдыру үшін маңызды платформа болмақ.
"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма Төрағасы Асель Сарсенбаева Шолу "Ешкімді артта қалдырмау" қағидаты рухында дайындалғанын және мемлекеттік институттардың ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғамның да көзқарастарын көрсететінін атап өтті. Құжат БҰҰ ұсынымдары мен негізгі жетістіктер ұсынылған сауалнамалардың нәтижелері негізінде анықталған сегіз басым мақсатты қамтиды. 1-ОДМ «Кедейлікті жою» шеңберінде атаулы қолдаудың цифрлық тетіктері іске асырылды, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы енгізілді және Әлеуметтік кодекс қабылданды. 3-ОДМ «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бойынша ана өлімінің тұрақты төмендеуі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің кеңеюі тіркелді.
8-ОДМ «Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу» бойынша 2024 жылы ЖІӨ-нің 4,8%-ға өсуі, экономикадағы ШОБ үлесінің 39,3%-ға дейін ұлғаюы және жұмыссыздық деңгейінің 4,7%-ға дейін төмендеуі байқалды. 12-ОДМ «Жауапты тұтыну және өндіру» нормативтік базадағы ілгеріліс көрсетеді - жаңа Экологиялық кодекс қабылданды және Мемлекеттік сатып алу туралы заң жаңартылды. 14-ОДМ «Теңіз экожүйелерін сақтау» шеңберінде Қазақстан балық ресурстарын тұрақты басқаруға бағытталған ДСҰ-ның халықаралық келісімін қабылдады.
17-ОДМ «Орнықты даму мүддесіндегі серіктестік» бойынша белсенді халықаралық ынтымақтастық жалғасып, цифрлық мониторинг құралдары енгізіліп, жасыл технологияларды ілгерілету жалғасып жатыр. Үшінші Ерікті ұлттық шолу жобасын отырысқа қатысушылар бірауыздан мақұлдады. Ол ресми түрде 2025 жылғы шілдеде Нью-Йорк қаласында Орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі Саяси форумда ұсынылады.
Қарау саны: 31 |
|
|