2025 жылғы 6 мамырда БҰҰ Даму бағдарламасымен дайындалған Адам даму индексінің (бұдан әрі – АДИ) 2025 жылғы нәтижелері жарияланды.
Рейтинг
қорытындысы бойынша Қазақстан 193 елдің
ішінде 0,837
мәнімен (2023
жылғы мәліметтер бойынша)
60-орынға
ие
болды, 2023/2024 рейтингімен салыстырғанда,
өз позициясын 7 балға жақсартты. Ел адам
дамуының өте жоғары деңгейімен
елдер тізімінде қалды.
Адам
дамуының ең жоғары деңгейімен
үздік-10
ел қатарына Исландия
(0,972),
Норвегия (0,97),
Швейцария (0,97),
Дания (0,962),
Германия (0,959),
Швеция (0,959),
Австралия (0,958),
Гонконг (0,955),
Нидерланды (0,955)
және Бельгия (0,951)
кіреді.
Рейтингті
Орталық Африка Республикасы (0,414),
Сомали (0,404)
және
Оңтүстік Судан (0,388)
аяқтайды.
АДИ
нәтижелері бойынша үш көрсеткіш бойынша
оң өзгерістер байқалды: туған кездегі
өмір сүру ұзақтығы 69,5-тен 74,4 жасқа дейін
ұлғайып, 2020 жылғы АДИ (73,6 жас) пандемияға
дейінгі көрсеткішінен асып түсті; оқудың
орташа ұзақтығы 12,4 жылдан 12,5 жылға дейін
артты; жан басына шаққандағы жалпы
ұлттық табыс 22 587 АҚШ долларынан 30 989 АҚШ
долларына дейін өсті, осылайша, елдің
рейтингке барлық қатысу кезеңінде ең
жоғары деңгейге жетті.
Мәннің
шамалы төмендеуі
"Білім алудың орташа күтілетін
ұзақтығы"
көрсеткіші бойынша байқалды – 14,8 жылдан
14 жылға дейін.
Адам даму индексіндегі Қазақстанның көрсеткіштері

2025
жылғы Адам дамуы туралы баяндамаға
сәйкес, ЖИ адамды ығыстырады деген жалпы
түсінікке қарамастан, адамдар -
ілгерілістің негізгі қозғаушысы және
шынайы "ұлттар байлығы". ЖИ әлеуеті
- бұл адамның іс-әрекетін алмастыру
емес, оны кеңейту және нығайту үшін
жағдай жасау.
Бұдан
басқа, баяндамаға енгізілген жаһандық
сауалнаманың нәтижелеріне сәйкес, ЖИ
қабылдау елдің даму деңгейіне байланысты
едәуір өзгереді. Табысы жоғары елдерде
респонденттер анағұрлым ұстамды оптимизм
көрсетеді. Олар ЖИ енгізу артықшылықтарын
күтеді, бірақ сонымен бірге автоматтандыруға,
құпиялылыққа және жұмыспен қамтуға
байланысты ықтимал тәуекелдерге
байланысты алаңдайды.
Сонымен
қатар, табысы төмен және орташа елдерде
білім беру, денсаулық сақтау және
экономикалық мүмкіндіктерге қолжетімділікті
арттыратын құрал ретінде ЖИ-ке қатысты
жоғары үміттер басым. Мұнда ЖИ көбінесе
қауіп ретінде емес, даму мүмкіндігі
ретінде қабылданады.
Баяндама
авторлары технологиялық еріксіздік
идеясынан бас тартуға шақырады және үш
өзекті бағытты ұсынады:
Адам
мен ЖИ ынтымақтастығына негізделген
экономиканы дамыту.
Адамдардың
мүдделері мен қажеттіліктерін ескеретін
инновацияларды енгізу.
Цифрлық
трансформация жағдайында барлығына
бейімделуге және өркендеуге мүмкіндік
беретін мүмкіндіктерге инвестиция
салу.