Моноқалалар: Рудный
28.05.2025
![]() Рудный қаласы облыс орталығы - Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 45 шақырым жерде, Тобыл өзенінің сол жағалауында орналасқан. 1957 жылы Соколов-Сарыбай темір кені кен орнын игерудің басталуына байланысты құрылған. Қала арқылы "Қарабұтақ – Комсомольский – Денисовка – Рудный – Қостанай" және "Рудный қаласының батыс айналма жолы" республикалық маңызы бар автомобиль жолдары өтеді. Рудный қаласының аумағы Солтүстік Торғай (Қостанай) жазығының құрамына кіреді. Қалаға іргелес аумақта жер асты суларының, құмның, кірпіш шикізатының және оолит темір кендерінің кен орындары анықталды. Қаланың минералды-шикізат базасы - Соколов, Сарыбай, Қашар темір кендерінің кен орындары. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қала тұрғындарының саны 123 536 адамды құрады. 2019 жылдан бастап 2025 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде халықтың жалпы саны 6 564 адамға азайды. 2025 жылғы қаңтар-наурыздағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 194 723 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (181 778 млн. теңге) 7,1%-ға жоғары. Нақты көлем индексі (НКИ) 104,1% құрады. Өсім темір кені концентратын, түйіршіктер мен сүт өнімдерін өндіруді ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, отқа берік материалдар, ұн және сыра өндірісінің төмендеуі тіркелді. Негізгі капиталға инвестициялар (2025 жылғы қаңтар-наурыз) 13 517 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішімен (13 447 млн. теңге) салыстыруға келеді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2025 жылғы 1 сәуірге 1 943,1 млн. теңгені, НКИ 76,7% құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, көлемнің төмендегенін көрсетеді. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қалада жұмыс істеп тұрған 7 469 ШОК субъектісі тіркелді, бұл 2024 жылғы деңгейге (7 367 бірлік) 101,4% құрайды. ШОК құрылымында жеке кәсіпкерлер басым — 6 240 бірлік (83,5%). Заңды тұлғалардың үлесі 1 176 бірлікті (15,8%) құрайды, шаруа қожалықтары — 53 бірлік (0,7%). Орташа айлық атаулы жалақы 411 228 теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезең деңгейінен (373 568 теңге) 13,2%-ға жоғары. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 1 649 адамды құрады (2024 жылы - 838 ад.). 2025 жылы инвестициялық бастамаларды іске асыру шеңберінде 16 жобаны іске асыру жоспарланды. Оның ішінде 6 жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған. Ірі жобалардың бірі - "ЗМК" ЖШС құны 2 200 млн. теңгені құрайтын темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт салу бойынша жобасы. Сондай-ақ, "Казогнеупор" ЖШС цехты қайта құру бойынша жобасы, «Vzboilers» ЖШС - мультимодульді көліктік-логистикалық орталық құру жөніндегі жылу энергетикалық компанияның жобасы, "Арасан" ЖШС құю желісіне таңбалау жабдығын орнату жобасы, "Kaz-Com Group" ЖШС цехтардын салу — алюминийді балқыту бойынша жобасы және ЖК «Паненко» жуғыш заттарды өндіру бойынша жобасы іске асырылады. Кейінгі жылдары 5 жоба, оның ішінде өнеркәсіп саласын (4 жоба) және сауданы (1 жоба) дамытуға бағытталған жобалар іске асырылады. 2024-2027 жылдар кезеңінде жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыру қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі әсер етеді. Осы бастамалар шеңберінде 1 280 жаңа жұмыс орнын құру көзделген, бұл жұмыссыздық деңгейін қысқартуға және халықтың, оның ішінде жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарының түлектері - жастар, сондай-ақ ірі қалаларға көшу мүмкіндігін қарастыратын жас мамандар арасында кетуін тежеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қалада әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу және қайта құру саласындағы инвестициялық жобалар іске асырылады. Бұл шаралар тұрғын үй қорын кеңейтуге, білім беру және спорт мекемелерін дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, сондай-ақ Рудный қаласының коммуналдық меншік объектілерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған. Аталған жобаларды кешенді іске асыру тек экономикалық дамуға ғана емес, сондай-ақ өңірдің одан әрі дамуы үшін орнықты негіз құра отырып, қала экономикасының құрылымын әртараптандыруға да ықпал етеді. Аманжолова Әйгерім ӨЗжӨСО жетекші сарапшысы
Қарау саны: 86 |
|
|