Инфляция бойынша 2025 жылғы мамырдағы қысқаша анықтама
03.06.2025
Елдегі тұтынушылық инфляция жеделдеп, жылдық көрсеткіште 11,3%-ға жетті. Ақылы қызметтер жыл ішінде 16,0%-ға артып, негізгі өсімді көрсетті. 2025 жылғы мамырда елдегі инфляция құрады: - өткен жылғы мамырға қатысты (сәуірде 10,7%) 11,3%; - ағымдағы жылғы сәуірге қатысты (наурызда 1,2%) 0,9%.
Жылдық мәндегі бағалар: - азық-түлік тауарлары 9,6%-ға көтерілді (0,9%); - азық-түлік емес тауарлар 9,0%-ға өсті (0,6%); - ақылы қызметтер 16,0%-ға қымбаттады (1,3%).
Ақылы қызметтер инфляция динамикасына негізгі үлесті қосады - 40,4% (яғни, 11,3% жалпы инфляциядан 4,6% ақылы қызметтерге тиесілі), бұл - соңғы жылдардағы жоғары көрсеткіштердің бірі. 2024 жылғы мамырда ақылы қызметтердің үлесі жалпы инфляциядан 46,1%-ды құрады.
Дәстүрлі
түрде ең көп үлес қосқан азық-түлік
тауарларының үлесі 35,6%
құрады. 2024 жылғы сәуірмен салыстырғанда,
олардың инфляцияның жалпы динамикасындағы
үлесі 27,2%-дан 35,6%-ға дейін 8,4
п.т.
өсті. Бұл ретте,
өткен аймен салыстырғанда,
азық-түлік тауарларының үлесі 2,7
п.т.
артты.
Азық-түлік емес тауарлардың үлесі 2024 жылғы мамырдағы 26,6%-дан 2025 жылғы мамырдағы 23,9%-ға дейін азайды.
- түйінді пияз – 76,3%; - қырыққабат – 67,5%; - картоп – 66,9%; - күнбағыс майы – 23,8%; - минералды және ауыз су – 16,7%; - сиыр еті – 15,3%; - қой еті – 14,3%; - кондитерлік өнімдер – 13,9%; - салқын сусындар – 12,5% - сары май – 12,3%; - балық және теңіз өнімдері; - алкогольді сусындар мен темекі өнімдері – 11,9%; - ет өнімдері – 11,7%; - жеміс және көкөніс шырындары – 10,6%. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 12,0%, күріш – 8,3% тіркелді. Азық-түлік емес тауарлар тобында зергерлік бұйымдар мен сағаттарға 33,5%-ға, жаңа жеңіл автомобильдерге 24,9%-ға, ірі электр тұрмыстық аспаптарға 20,4%-ға, аудиовизуалды жабдыққа 20,2%-ға, кілемдер мен басқа еден жабындарына 13,5%-ға, киім мен аяқ киімге 10,9%-ға, жиһаз бен үй заттарына 10,3% бағаның ең үлкен өсімі байқалды. Баллондардағы сұйытылған газ 23,1%-ға, ал отын 14,6%-ға қымбаттады.
Ақылы
қызметтер
саласында кешенді демалысты ұйымдастыру
қызметтеріне баға 62,3%-ға, байланыс
қызметтеріне 15,8%-ға, шаштараздар мен
жеке қызмет көрсету мекемелерінің
қызметтеріне 14,6%-ға, шипажайлар
қызметтеріне 14,4%-ға, жеке автокөлік
құралдарына техникалық қызмет көрсету
және жөндеу қызметтеріне 13,5%-ға, қоғамдық
тамақтану қызметтеріне 12,5%-ға, денсаулық
сақтау қызметтеріне 12,3%-ға өсті. Теміржол
жолаушылар көлігімен жол жүру 26,5%-ға,
қалалық автобуспен жол жүру 11,1%-ға, әуе
жолаушылар көлігімен жүру 10,5%-ға, таксимен
жол жүру 10%-ға қымбаттады. Тұрғын үйді
жалдау ақысы 13,6%-ға өсті.
Тарифтер суық суға 97,6%-ға, су бұруға 25,1%-ға, орталық жылытуға 19,2%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 15%-ға, ыстық суға 14,5%-ға, электр энергиясына 11,2%-ға, тұрғын үйді күтіп-ұстауға ақы төлеуге 10,7%-ға көтерілді. Қазақстанда жылдық тұтынушылық инфляция, сәуірдегі 10,7%-бен салыстырғанда, мамырда 11,3%-ға дейін жеделдеді. Бұл арада, ақылы қызметтер секторындағы инфляция бағаның жалпы деңгейіне едәуір қысым жасай отырып, ең үлкен үлесті алады.
Қарау саны: 54 |
|
|