Экономикалық зерттеулер институты FocusEconomics халықаралық рейтингінде үздік деп танылды

05.06.2025

"Экономикалық зерттеулер институты"АҚ Kazakhstan Current Account санатында бірінші орынға иеленіп, Real and External Sector және Overall Categories секторларында ерекше нәтижелерді көрсетіп, FocusEconomics Analyst Forecast Awards 2024 беделді халықаралық сыйлықтың жеңімпазы атанды.

FocusEconomics, консенсус болжамдары мен макроэкономикалық аналитиканың жетекші жаһандық жеткізушісі, жыл сайын өзінің халықаралық талдамалық қоғамдастығының үздік қатысушыларын атап өтеді. Жеңімпаздар 130-дан астам елдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша ұсынылатын болжамдардың дәлдігі негізінде анықталады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Экономикалық зерттеулер институты Қазақстанның ағымдағы операциялар шотын болжауда жоғары дәлдікті көрсетті, бұл ондаған талдау орталықтары, халықаралық банктер мен зерттеу агенттіктері арасында 1-орынға ие болуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Институт жалпы болжау дәлдігі мен қамтылуын көрсететін жалпыланған санаттарда жоғары нәтижелерді көрсетті.

2023 жылы Институт халықаралық кәсіби қоғамдастықтың тұрақты сараптамалық ұстанымы мен танылуын растай отырып, Айырбас бағамы секторында 2-орынға ие болғанын атап өткіміз келеді.

FocusEconomics Институттың жаһандық консенсус-болжамды қалыптастыруға қосқан үлесін жоғары бағалап, оның кәсібилігін, талдамалық тереңдігін және жүйелі зерттеулерге орнықты қатысуын атап өтті.

FocusEconomics сыйлығы - Институттың ұлттық және халықаралық деңгейде қолданылатын сенімді макроэкономикалық болжамдар жасау жөніндегі жүйелі және ғылыми негізделген жұмысының көрінісі.





Қарау саны: 33
Сақталған: 07.06.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!