Институт Финляндиямен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр

05.06.2025

28 мамырда Экономикалық зерттеулер институтында Басқарма Төрағасының орынбасары Шалқар Байқұлақовтың философия докторы Матти Сарен бастаған Финляндия делегациясымен — КАМК (KAMK University of Applied Sciences) политехникалық университетінің ректоры және бас атқарушы директорымен ресми кездесуі өтті.

Финляндия тарапының сапары 2024 жылғы 24 сәуірде қол қойылған Өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде өтті. Келіссөздер барысында тараптар ғылыми тәжірибе алмасуды, академиялық ұтқырлықты дамытуды, сондай-ақ бірлескен зерттеу және білім беру жобаларын іске қосуды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.

Климаттың өзгеруіне, экологиялық тұрақтылыққа, жасыл технологияға, қайта өңдеуге және жаңартылатын энергия көздеріне қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Осы салаларда елеулі тәжірибесі мен технологиялық әзірлемелері бар фин тарапы Қазақстанның орнықты дамуына жәрдемдесу мақсатында, өз білімімен бөлісуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік байланыстарды жандандыруға және ұзақ мерзімді өзара іс-қимылды дамытуға қызығушылық танытты.



Қарау саны: 21
Сақталған: 07.06.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!