Қазақстанның 2022-2024 жылдардағы мемлекеттік бюджетінің әлеуметтік шығыстары
06.06.2025
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік шығыстары білім беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарын қамтиды.
2022-2024 жылдары Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің әлеуметтік шығыстары 41,9%-ға - 2022 жылғы 13,1 трлн теңгеден (бағыттар бойынша барлық шығыстардан 61,0%, ЖІӨ-нен 12,7%) 2024 жылғы 18,6 трлн теңгеге (бағыттар бойынша барлық шығыстардан 61,4%, ЖІӨ-нен 13,8%) ұлғайды. Қазақстанның 2022-2024 жылдардағы мемлекеттік бюджетінің әлеуметтік шығыстарының құрылымы Білім беру шығындары 48,3%-ға – 2022 жылғы 4,5 трлн теңгеден (барлық әлеуметтік шығыстардан 34,5%) 2024 жылғы 6,7 трлн теңгеге (барлық әлеуметтік шығыстардан 36,0%) дейін ұлғайды. Денсаулық сақтау шығындары 18,4%-ға – 2022 жылғы 2,1 трлн теңгеден (барлық әлеуметтік шығыстардан 16,1%) 2024 жылғы 2,5 трлн теңгеге (барлық әлеуметтік шығыстардан 13,4%) дейін ұлғайды. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру шығындары 34,2%-ға – 2022 жылғы 4,5 трлн теңгеден (барлық әлеуметтік шығыстардан 34,3%) 2024 жылғы 6,0 трлн теңгеге (барлық әлеуметтік шығыстардан 32,4%) дейін ұлғайды. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік шығындары 45,5%-ға – 2022 жылғы 0,7 трлн теңгеден (барлық әлеуметтік шығыстардан 5,3%) 2024 жылғы 1,0 трлн теңгеге (барлық әлеуметтік шығыстардан 5,4%) дейін ұлғайды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары 82,3%-ға – 2022 жылғы 1,3 трлн теңгеден (барлық әлеуметтік шығыстардан 9,9%) 2024 жылғы 2,4 трлн теңгеге (барлық әлеуметтік шығыстардан 12,8%) дейін ұлғайды.
Қарау саны: 40 |
|
|