KazAID және ОЭСР дамуға ресми көмек көрсету мәселелері жөнінде семинар өткізді

05.06.2025

2025 жылғы 4 маусымда KazAID (Kazakhstan Agency of International Development) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (бұдан әрі - ЭЫДҰ) бірлесіп ұйымдастырған, дамуға ресми көмек бойынша статистикалық есептілікке (бұдан әрі - ДРК) арналған семинар өткізілді. Іс-шараға және осы тақырыпты талқылауға министрліктердің өкілдері, сондай-ақ "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ әлемдік экономиканы зерттеу орталығының өкілдері қатысты.

Іс-шара ДРК көрсетуге және ДРК туралы статистикалық есептілікті ұсынуға тартылған негізгі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Семинар спикерлері болып ЭЫДҰ даму мақсатындағы ынтымақтастық жөніндегі директоратының өкілдері – Г.Делаланд, дамуды және өзара іс-қимылды қаржыландыру мәселелері жөніндегі кеңесші және зерттеу үйлестірушісі Сэнди Сюй сөз сөйледі.

Семинар ЭЫДҰ-ның дамуға ресми көмек (ДРК) туралы статистикалық есептілігін ұсыну бойынша Қазақстан үшін артықшылықтарды ұсынуға, сондай-ақ KazAID-ке, негізгі министрліктерге және басқа да уәкілетті ұйымдарға жыл сайынғы есептілік үшін деректерді дайындау бойынша біліктілікті арттыруда қолдау көрсетуге бағытталды. Іс-шара аясында ДРК анықтамасы, статистикалық деректерді дайындау үшін қолданылатын құралдар мен жіктемелер қаралды.

Қатысушыларға дамуға ресми көмектің құрылымы, ДРК қалыптастыру тарихы, ЭЫДҰ дамуға жәрдемдесу комитетіне (ДЖК) мүше елдердің есептілік жүйелері, деректермен жұмыс циклі, сондай-ақ осы немесе өзге қызметтің ДРК өлшемдеріне сәйкес келетіні айқындалатын критерийлер туралы ақпарат ұсынылды.

Семинар сондай-ақ тәжірибелік сессияны қамтыды, оның шеңберінде қатысушылар ДРК бойынша есепті нысандарды толтыру мысалдарымен жұмыс істеді, секторларды жіктеу, мақсат кодтарын таңдау және көмек көрсету арналарын анықтау дағдыларын меңгерді. Техникалық және гуманитарлық көмекті, шәкіртақыларды, әкімшілік шығыстарды және көпжақты ұйымдарға жарналарды қоса алғанда, ДРК желісі бойынша іс-шараларға министрліктердің қатысуының үлгілік мысалдары келтірілді.

Соңында атқарылған жұмыстың түйінді қорытындылары шығарылды. ЭЫДҰ өкілдері ДРК бойынша статистикалық есептілікті қалыптастыру кезінде институционалдық үйлестіру мен ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңызын атап өтті. Деректерді есепке алу мен ұсынуға жүйелі тәсіл - халықаралық серіктестер тарапынан ашықтықты, есептілікті және сенімді арттырудың негізгі элементтерінің бірі деп атап өтілді. Қазақстанның халықаралық есептілік сәулетіне қатысуы оның орнықты даму мақсатында жаһандық ынтымақтастықтың жауапты қатысушысы ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етеді.

Іс-шара 2023 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында қол қойылған келісімнің "ЭЫДҰ мен KazAID-тің Қазақстандағы дамуға ресми көмек жүйесін (ДРК) дамыту жөніндегі жол картасы" жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді.


Анықтама үшін: ДРК - бұл дамушы елдердің экономикасы мен әл-ауқатын қолдауға бағытталған дамудың ресми көмегі.



Қарау саны: 24
Сақталған: 10.06.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!