Қазақстан IMD-2025 Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 34-орынға ие болды
17.06.2025
2025 жылғы 17 маусымда Халықаралық менеджментті дамыту институты (IMD, Лозанна, Швейцария) жыл сайынғы Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелерін жариялады. Қазақстан 69 ел арасында 34-орынға ие болып, былтырғы позицияны бір тармаққа жақсартты. Осылайша, ел сәйкесінше 35, 36 және 37 орындарды иеленген Жапония, Кувейт және Португалия сияқты экономикалардан озып келеді.
Рейтингте жетекші орынды Швейцария алады. Одан кейін Сингапур, Гонконг, Дания, БАӘ, Тайвань, Ирландия, Швеция, Катар және Нидерланды Үздік-10 елге қатарына кірді. Рейтинг төрт негізгі фактор бойынша бағалау негізінде қалыптастырылады: «Экономикалық қызмет», «Үкіметтің тиімділігі», «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым». Қазақстан олардың екеуі – «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым» бойынша оң динамиканы көрсетті, қалған екі фактор – «Экономикалық қызмет» және «Үкіметтің тиімділігі» бойынша біршама төмендеу байқалды. Бұл ретте, соңғы көрсеткіш бойынша ел бәсекелестік позициясын сақтап, 22-орынды иеленді. Қазақстанның IMD-2025 әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі орындары "Бизнестің тиімділігі" факторы аясында Қазақстан 28-орыннан 20-орынға көтерілді. Бұл жақсару, ең алдымен, "Өнімділік пен тиімділік" және "Қатынастар мен құндылықтар" субфакторлары бойынша оң динамикамен байланысты. Атап айтқанда, "Жалпы өнімділіктің нақты өсуі (СҚП), нақты ЖІӨ-нің бір жұмыспен қамтылғанға % өзгеруі" көрсеткіші 30-орыннан 11-орынға дейін жақсарды (2024 жылы – 0,4%, 2025 жылы – 2,62%). Сонымен қатар, халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс күшінің бәсекеге қабілеттілігін, шағын және орта кәсіпорындардың, сондай-ақ ірі компаниялардың жұмыс тиімділігін қоса алғанда, бірқатар сауалнама индикаторлары бойынша көрсеткіштер көтерілді. Қазақстан 18-орынға ие болған "Қатынастар мен құндылықтар" субфакторы бойынша да елеулі ілгеріліс тіркелді. Нәтиже жаһандануға ашықтықты, халықтың жаңа сын-қатерлерге икемділігі мен бейімделуін, сондай-ақ ел имиджінің бизнесті дамытуға әсерін көрсететін көрсеткіштердің жақсаруына байланысты. "Инфрақұрылым" факторы бойынша Қазақстан бес позицияға көтеріліп, 44-орынды иеленді. Өсім
барлық субфакторлар бойынша тіркелді.
Әсіресе технологиялық инфрақұрылым
және денсаулық пен қоршаған ортаны
қорғау салаларында айтарлықтай жақсару
болды.
Коммуникация құралдарының
бизнес-қажеттіліктерге сәйкестігіне,
мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің
технологиялық дамуға ықпалына және
жоғары технологияларды дамыту мен
қолдануды қолдайтын құқықтық ортаның
болуына қатысты бағалаудың өсуі атап
өтілді. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау
туралы заңдардың теріс әсерінің болмауына
және олардың бизнестің бәсекеге
қабілеттілігіне және компаниялардағы
орнықты дамудың басымдығына сақталуына
қатысты сауалнама көрсеткіштері
жақсарды.
"Базалық инфрақұрылым" және "Білім беру" субфакторлары бойынша қалыпты өсім байқалды. Бұл Қазақстанның осы салаларда салыстырмалы түрде жоғары позицияларға ие болуымен түсіндіріледі (тиісінше 31 және 38-орындар), ал одан әрі ілгерілету қатаң халықаралық бәсекелестік аясында елеулі күш-жігерді талап етеді. Қазақстан да бірқатар негізгі көрсеткіштер бойынша көшбасшылық позициясын сақтап отыр. Атап айтқанда, Ел нақты ЖІӨ-нің өсуі бойынша 8-орында, жан басына шаққандағы нақты ЖІӨ-нің өсуі бойынша 10-орында, жастардың жұмыспен қамтылу деңгейі және жұмыс күшіндегі әйелдердің үлесі бойынша 3-орында, бензиннің қолжетімділігі бойынша 4-орында және өнеркәсіп үшін электр энергиясының бағасы бойынша 9-орында тұр. Сонымен қатар, IMD телекоммуникацияға инвестициялардың өсуі, демографиялық мәселелерді шешу, инфляциялық қысымның төмендеуі және денсаулық сақтау мен жоғары технологиялық салаларға шығындардың ұлғаюы сияқты бірқатар бағыттар бойынша одан әрі даму қажеттілігін атап көрсетеді. Бұл міндеттерді шешу экономиканың тұрақтылығын және оның жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз етуге қабілетті жүйелі және ұзақ мерзімді тәсілді талап етеді. Рейтинг нәтижелерімен Халықаралық менеджментті дамыту институтының ресми сайтында толығырақ танысуға болады: http://www.imd.org/wcc/.
Қарау саны: 67 |
|
|