"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ "Жібек жолының электрондық коммерциясы" Халықаралық талдау орталықтары Альянсының жыл сайынғы конференциясына қатысты

26.06.2025

"Жібек жолының электрондық коммерциясы" Халықаралық талдау орталықтары Альянсының екінші жыл сайынғы конференциясы 2025 жылғы 25 маусымда Фудан (Шанхай) университетінің алаңында гибридті форматта өтті.

Іс-шараның мақсаты – цифрлық сауданы дамытуды ынталандыру бойынша тәжірибелік шешімдерді әзірлеу үшін талдау орталықтарының өзара іс-қимылын тереңдету. Конференцияға жетекші халықаралық зерттеу институттарының, мемлекеттік органдар мен бизнестің өкілдері қатысты.

Бұл конференцияны Шанхай Муниципалдық сауда комиссиясы, Белдеу және жол бастамасын зерттеу институты және Фудан университеті ұйымдастырды, конференция келесі көптеген тақырыптарды талқылау үшін жетекші сарапшылардың басын қосты: электрондық коммерцияны дамыту, трансшекаралық сауда, инфрақұрылым, реттеу, өсу мен ынтымақтастықтың жаңа үлгілерін іздеу, сын-тегеуріндер, мүмкіндіктер, талдау орталықтары мен халықаралық әріптестер арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету.

10-нан астам елден (Бангладеш, Қазақстан, Қытай, Куба, Сербия, Өзбекстанды қоса алғанда) 20 ұйымның өкілдері Цифрлық сауданы дамыту жөніндегі ұлттық кейстермен, сын-қатерлермен және жоспарлармен бөлісті.

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ атынан әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры Әлібек Райпов баяндама жасады. Тәжірибе алмасу сессиясы шеңберінде сөз сөйлей отырып, оларға Қазақстанда электрондық коммерцияның дамуы туралы деректер ұсынылды және жалпы сын-қатерлерді шешу үшін Альянс шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызы атап өтілді.

Ол Альянс мүшелерін бірлескен зерттеу және нақты уақыттағы статистикамен алмасу саласындағы бірлескен пилоттық жобаларға шақырды, білім мен ресурстардың синергиясы Жібек жолының бүкіл кеңістігінде трендтер орнатуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Конференция әртүрлі елдердің зияткерлік орталықтары, бизнесі мен билігі арасындағы диалогты нығайту үшін маңызды алаңға айналды, ал қазақстандық тарап ұсынған бірлескен жобалар бойынша бастамалар оң пікірге ие болды және Альянс шеңберіндегі тәжірибелік ынтымақтастық үшін жаңа перспективалар ашады.

Анықтама үшін: 2024 жылдан бері "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ "Жібек жолының электрондық коммерциясы" Халықаралық талдау орталықтары Альянсының мүшесі болып табылады.




Қарау саны: 66
Сақталған: 01.07.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!