2025 жылғы маусымдағы инфляция бойынша қысқаша анықтама

01.07.2025

Елдегі тұтынушылық инфляция жеделдеп, жылдық көрсеткіште 11,8%-ға жетті. Ақылы қызметтер жыл ішінде 16,1%-ға өсіп, негізгі өсімді көрсетті.

2025 жылғы маусымда елде инфляция құрады:

- өткен жылғы маусымға қатысты 11,8% (өткен айда 11,3%);

- ағымдағы жылғы мамырға қатысты 0,8% (өткен айда 0,9%).

Төмендегілерге жылдық мәндегі баға:

- азық-түлік тауарларына 10,6%-ға көтерілді (0,9%);

- азық-түлік емес тауарларға 9,4%-ға (0,9%);

- ақылы қызметтерге 16,1%-ға қымбаттады (0,8 %).


Инфляция динамикасына негізгі үлесті ақылы қызметтер қосады – 39,2% (яғни, жалпы инфляцияның 11,8%-ынан 4,6% ақылы қызметтерге тиесілі), бұл - соңғы жылдардағы жоғары көрсеткіштердің бірі. 2024 жылғы маусымда ақылы қызметтердің үлесі жалпы инфляциядан 46,5% құрады.

Дәстүрлі түрде ең көп үлес қосқан азық-түлік тауарларының үлесі 37,2% құрады. 2024 жылғы маусыммен салыстырғанда, олардың инфляцияның жалпы динамикасындағы үлесі 10,1 п.т. 27,1%-дан 37,2%-ға дейін өсті. Бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда, азық-түлік тауарларының үлесі 1,6 п.т. артты.

Азық-түлік емес тауарлардың үлесі 2024 жылғы маусымдағы 26,4%-дан 2025 жылғы маусымдағы 23,9%-ға дейін азайды.

Азық-түлік тауарлары арасында төмендегілерге ең жоғары баға байқалды:

- түйінді пиязға – 90,2%;

- қырыққабатқа – 67,4%;

- лимонға – 58,0%

- картопқа – 54,9%;

- сәбізге – 36,3%;

- дәндердегі ұнтақталған кофеге – 30,9%

Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына тіркелді - 9,0%, күріш – 8,3%.

Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның ең үлкен өсімі энергияны үнемдейтін шамға – 63,2%, ас үй пешіне – 57,0%, контактілі линзаларға арналған ерітіндіге – 48,2%, қан қысымын өлшейтін құрылғыға – 47,7%, ауыз суды тазартуға арналған сүзгі құмырасына - 47,3%, ноутбукке – 47,3% тиесілі.

Ақылы қызметтер саласында демалысты ұйымдастыру қызметтерінің бағасы 63,6%-ға, күндізгі стационарда емдеуге баға 45,6%-ға өсті. Тұрғын үйді жалдау ақысы 12,7%-ға өсті.

Тарифтер суық суға 96,3%-ға, су бұруға 34,6%-ға, орталық жылытуға 19,2%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 15,5%-ға, ыстық суға 15,1%-ға, тұрғын үйді күтіп-ұстауға ақы төлеуге 12,7%-ға, электр энергиясына 12,5%-ға өсті.



Қарау саны: 37
Сақталған: 04.07.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!