27 маусымда Боннда БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының көмекші органдарының 62-сессиясы өтті. БҰҰ климаттық келіссөздеріне қатысушы елдер жаһандық бейімделу мақсатына (Global Goal on Adaptation, GGA) қол жеткізудегі ілгерілісті бағалау мәселесі бойынша оңай емес келісімге келді. Делегаттар бұдан әрі халықты және экожүйелерді климаттың өзгеру салдарларынан қорғау жөніндегі шараларды бағалайтын көрсеткіштердің базалық жиынтығын келісті.
Келіссөздер
Бразилияның Белем қаласында өтетін
СОР30
климаттық
конференциясына дайындық сессиясы
аясында өтті. Климаттық бейімделуді
қаржыландыру төңірегінде, әсіресе
дамушы елдерде негізгі дау туды.
Жаһандық Оңтүстік елдерінің өкілдері
дамыған мемлекеттердің қаржылық
ресурстарды ұсыну жөніндегі міндеттемелерін
нақты бекітуді талап етті. Бұл ретте,
дамыған елдер нақты қаржылық міндеттемелерге
әкелуі мүмкін қатал тұжырымдарды
жасамауға тырысты.
Ымыраға
келу нәтижесінде, елдер тұрақтылық,
тәуекелдер және осалдық мәселелерін
қоса алғанда, климатқа бейімделу бойынша
ілгерілісті көрсететін 100-ге жуық
индикатордың тізімін келісті. Бұл
тізімге алғаш рет "іске асыру
құралдарымен", яғни қаржылық және
технологиялық ресурстарды ұсынумен
байланысты элементтер енгізілді.
Алайда,
түпкілікті тұжырым бұлыңғыр болып
шықты: құжатта "тараптар" аталғанымен,
нақты қай елдер (дамыған немесе дамушы)
қаржыландыруды ұсынуы керек екендігі
көрсетілмеді. Бұл қаржылық жауапкершілік
мәселесін ашық қалдырады және күрестің
негізгі кезеңін COP30 климаттық
конференциясына ауысады.
"Бұл
технологиялық ілгеріліс, бірақ саяси
келіспеушіліктер әлі де бар", — деп
атап өтті бақылаушылар. Олардың айтуынша,
қаржылық міндеттемелерді бөлуде
айқындықтың болмауы болашақта аз дамыған
және осал елдерде бейімделу шараларын
тиімді жүзеге асыруды қиындатуы мүмкін.
Климаттық
бейімделу халықаралық климаттық күн
тәртібінің негізгі элементі болып қала
береді, әсіресе климаттың өзгеруінің
жойқын әсеріне — су тасқыны, құрғақшылық
және қатты ыстыққа тап болған мемлекеттер
үшін. Бейімделу барысын ашық және әділ
бағалау ережелерін белгілеу Белемдегі
қараша конференциясында басты назарға
алынады, онда елдер бұл мәселені қайта
талқылайды.
Қазақстан
үшін бұл келісім халықаралық бейімделу
көрсеткіштерін ұлттық стратегияларға
біріктіруге және климаттық есептіліктің
сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қаржыландыру бойынша
нақты міндеттемелердің болмауы Қазақстан
мен Орталық Азия елдерінің халықаралық
қолдауға қолжетімділігін шектеуі
мүмкін. Қазақстанға өңірлік мүдделерді
ілгерілету және климаттық қаржыландыруға
негізделген өтінімдерді дайындау үшін
одан әрі келіссөздерге белсенді түрде
қатысу маңызды.