Қазақстанның республикалық бюджетінің кіріс бөлігі соңғы 4 жылда 64,5%-ға - 2020 жылғы 11,9 трлн теңгеден (ЖІӨ-нің 16,9%) 2024 жылғы 19,6 трлн теңгеге (ЖІӨ-нің 14,6%) дейін ұлғайды. Бюджет кірістері салықтық түсімдерден, салықтық емес түсімдерден, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерден және трансферттер түсімдерінен тұрады. Ағымдағы жылы қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексі бойынша бюджет кірістеріне арнайы түсімдер де кіреді.
Салық
түсімдері республикалық
бюджеттің кірісіне ең көп үлес қосады
- 2020-2024
жылдары орташа есеппен 59,3%. Олар 2,2 есе
ұлғайып, 2024 жылы 12,3 трлн теңгеге жетті.
Салық түсімдерінің құрылымында ҚҚС
және КТС түсімдері басым – оларға
сәйкесінше орта есеппен 42,7% және 29,3%
тиесілі.
Трансферттер
түсімдері -
республикалық
бюджетті қалыптастырудың екінші ірі
көзі. Олар
2020-2024 жылдардағы барлық кірістердің
орта есеппен 35,1% құрайды.
Трансферттер түсімдері 2020 жылмен
салыстырғанда 13,8%-ға өсіп, 2024 жылы 6,1
трлн теңгені құрады.
Салықтық
емес түсімдер республикалық
бюджеттің кірістер құрылымында 2020-2024
жылдары орта есеппен 5,6% алады. Олар 2024
жылы 22,2%-ға 1,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Негізгі
капиталды сатудан түсетін түсімдер
табыстың
ең аз үлесін құрайды – 1%-дан аз. 4 жыл
ішінде олар 2024 жылы 3,5 есе 6,2 млрд теңгеге
дейін ұлғайды.
