2025 жылғы маусымның соңында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) "G7 елдерінің экономикаларында жасанды интеллект есебінен өнімділіктің макроэкономикалық өсуі" тақырыбында жаңа шолу жариялады. Ұсынылған шолу АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Канада, Франция, Италия және Жапонияны қоса алғанда, ең ірі дамыған экономикаларға жасанды интеллект (ЖИ) енгізудің алдағы он жылдағы ықтимал макроэкономикалық әсерін бағалауды қарастырады.
Өнімділіктің әлсіз өсуі осы
елдердің экономикалық дамуына басты
қауіптердің бірі болып қала береді:
соңғы екі онжылдықта өнімділіктің
жылдық өсімі орта есеппен 1-1,5%-дан
аспады, бұл ретте, ХХ ғасырдың 50-70-ші
жылдарындағы технологиялық өрлеу
кезеңінде ол жылына
3-4%-ға дейін жетті. Бұл
аяда ЖИ маңызы бойынша электрмен немесе
интернетпен салыстырылатын жаңа жалпы
мақсаттағы технология ретінде
қарастырылады.
ЭЫДҰ бағалауы бойынша,
экономиканың негізгі секторларына ЖИ
технологияларын жедел және ауқымды
енгізуді көздейтін оптимистік сценарийді
іске асыру кезінде еңбек өнімділігінің
өсу қарқыны жыл сайынғы негізде едәуір
ұлғаюы мүмкін.
- АҚШ пен Ұлыбританияда бұл
өсім екі есеге жуық артуы мүмкін, егер
ол қазір жылына шамамен 1%
болса, ЖИ қолдану арқылы жылына
2-2,3% жетуі мүмкін.
- Германия
мен Канадада еңбек
өнімділігі ағымдағы көрсеткіштерден
жылына 0,8-1%-дан 1,8-2%-ға
дейін өсуі мүмкін.
- Францияда
қарқын шамамен 1,7-1,8%
дейін көтерілуі мүмкін, бұл ағымдағы
мәндерден екі есе дерлік.
- Италия мен
Жапонияда қазір
өнімділіктің өсуі небәрі 0,5-0,7%
құрайды, ол жылына 1,3-1,5%
дейін өсуі мүмкін.
Неғұрлым төмен сценарий
болған кезде, ЖИ ағымдағы қарқынға жыл
сайынғы өсімнің тағы 0,6-1%
қоса алады, бұл он жыл ішінде тек еңбек
пен технологияны тиімді пайдалану
арқылы ЖІӨ-нің 6-10%-ға
дейін өсуін қамтамасыз
ете алады.
Жасанды интеллект когнитивті
еңбек пен үлкен деректермен жұмыс
істеудің үлкен үлесімен секторларда
үлкен үлес қоса алады. Мысалы, қаржы
секторында, кәсіби қызметтерде,
ақпараттық-коммуникациялық технологияларда
(АКТ)
және медиада ЖИ
автоматтандыруға жататын міндеттердің
үлесі 60-80%
деңгейінде бағаланады. Бұл ретте, ауыл
шаруашылығында, құрылыста және тау-кен
өндірісінде бұл көрсеткіш 10-30%-дан
аспайды, бұл экономиканың осы сегменттеріне
ЖИ әсерін шектейді.
Баяндамада ЖИ енуі туралы
ағымдағы деректерге ерекше назар
аударылады. Бүгінгі таңда G7 елдерінің
компанияларының небәрі
3-6%-ы ЖИ-ді үнемі және
өндірістік процестердің өзегінде
пайдаланады, дегенмен,
бір реттік жобалар немесе ЖИ-мен
маркетингтік міндеттер фирмалардың
14%-на дейінгі үлесі
іске қосады. Көшбасшылар -
5-6% ену
деңгейімен АҚШ пен Канада, ал Италия
мен Жапонияда бұл көрсеткіш 2%-дан
әрең асады.
Баяндама жасанды интеллектті
енгізудің экономикалық әсерін шектеуге
қабілетті ықтимал тәуекелдерге де назар
аударады. Атап айтқанда, Баумоль
әсері көрсетіледі.
Анықтама
үшін:
Баумоль
әсері,
сондай-ақ Баумоль
"шығындар
ауруы", еңбек өнімділігінің өсуі орын
алған басқа жұмыс орындарындағы жалақының
өсуіне жауап ретінде еңбек өнімділігін
арттырмай,
жұмыс орындарындағы жалақыны арттыру
әсері.
Бағалауларға сәйкес, берілген фактордың
әсері ЖИ-тен
күтілетін әсерді шамамен алтыдан біріне
дейін төмендетуі мүмкін.
Сонымен қатар, ЖИ бастапқы
енгізу кезеңінде бизнес пен мемлекет
процестерді бейімдеуге, инфрақұрылымды
жаңғыртуға және кадрларды даярлауға
байланысты айтарлықтай шығындарға
ұшырайтындығынан тұратын "J қисығы"
деп аталатын әсердің болуы атап өтіледі.
Нәтижесінде ЖИ-тің экономикалық дамуға
оң әсері бірден көрінбеуі мүмкін, бірақ
өтпелі инвестициялар кезеңі аяқталғаннан
кейін ғана байқалады. Технологиялар
толық қуатқа шыққан сайын өсу қарқынының
жеделдеуі және экономиканың дамудың
жоғары траекториясына көшуі күтіледі.
Осы әлеуетті іске асыру үшін
ЭЫДҰ G7 елдеріне:
- көмекші міндеттерге ғана
емес, тауарлар мен қызметтердің негізгі
өндірісіне ЖИ енгізуді жеделдетуді;
- цифрлық инфрақұрылымды және
есептеу қуаттарының қолжетімділігін
дамытуды;
- техникалық мамандардан
менеджерлерге дейін қызметкерлерді
оқытуға инвестиция салуды;
- нақты макроэкономикалық
әсерлерді өлшеу және саясатты түзету
үшін ресми ЖИ статистикасын жетілдіруді
ұсынады.
Осылайша, ЖИ G7 елдерінің
экономикалық дамуын жаңарту мен
жеделдетудің негізгі факторы болуы
мүмкін. Қолайлы сценарий кезінде тек
ЖИ есебінен мұндай экономикалар
өнімділіктің орташа өсімін жылына
2-2,5% деңгейіне қайтара
алады, бұл соғыстан кейінгі дамудың
алдыңғы "алтын" онжылдықтарын қуып
жетуге немесе озып кетуге мүмкіндік
береді.