Халықаралық институттар Қазақстанның дамуы бойынша болжамдарды қайта қарады
30.07.2025
ХВҚ "Әлемдік экономиканың даму перспективалары" атты шілдедегі баяндамасында сәуірмен салыстырғанда әлемдік ЖІӨ өсімін қайта қарады: 2025 жылға болжам 0,2 п.т. (2,8%-дан 3,0%-ға дейін), ал 2026 жылға болжам 0,1 п.т. (3,0%-дан 3,1%-ға дейін) көтерілді.
Себептері:
Болжамға
сәйкес, жаһандық инфляция 2025 жылы 4,2%-ға
дейін және 2026 жылы 3,6%-ға дейін төмендейді,
бұл сәуірдегі
күтулерге
сәйкес келеді.
Әлемдік экономика үшін әлеуетті оң фактор тарифтерді төмендетуге және анағұрлым болжамды жағдайлар жасауға ықпал ететін сауда келіссөздерінде уағдаластықтарға қол жеткізілген жағдайда, жаһандық дамуды жеделдету болуы мүмкін. Экономикалық саясат геосаяси және сауда шиеленістерін төмендету, баға мен қаржылық тұрақтылықты сақтау, фискалдық резервтерді қалпына келтіру және аса қажетті құрылымдық реформаларды жүргізу есебінен сенімді нығайтуға, орнықтылық пен болжамдылықты қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Анықтама үшін: 1) 12 мамырда Қытай мен АҚШ арасында 2 сәуірден кейін жағдайдың шиеленісуі нәтижесінде белгіленген тарифтерді 90 күнге (12 тамызға дейін) төмендету туралы келісімге қол жеткізілді. 2) Болжамдардың негізінде жатқан АҚШ тиімді тарифтік мөлшерлемесі сәуірдегі анықтамалық болжамдағы 24,4 пайызбен салыстырғанда 17,3 пайызды құрайды. Әлемнің қалған бөлігі үшін тиісті тиімді тарифтік мөлшерлеме сәуірдегі анықтамалық болжамдағы 4,1 пайызбен салыстырғанда 3,5 пайызды құрайды. Қазақстан бойынша 2025 жылға ЖІӨ өсімі 4,9%-дан 5%-ға дейін қайта қаралды. 2026 жыл өзгеріссіз қалды.
АДБ
Кавказ бен Орталық Азияның экономикалық
дамуы жөніндегі болжамы 2025 жылы 5,5%-ға
дейін және 2026 жылы 5,1%-ға дейін (алдыңғы
5,4% және 5,0%-бен салыстырғанда) ұлғаю
жағына қарай қайта қаралды, бұл
Қазақстандағы экономикалық белсенділіктің
жандануына және Теңіз мұнай кен орнын
кеңейту жөніндегі жобаның іске қосылуына
байланысты. Қазақстан
бойынша өсім 2025 жылға 4,9%-дан
5,1%-ға
дейін, 2026 жылға 4,1%-дан
4,3%-ға
дейін қайта қаралды. Анықтама үшін: 1) Қазақстанда 2025 жылдың бірінші тоқсанында ЖІӨ өсімі 2024 жылдың ұқсас кезеңіндегі 3,8%-бен салыстырғанда 5,6%-ды құрады. Өсудің негізгі драйверлері көлік секторы (21,2%-ға), құрылыс (16,9%-ға), өңдеу өнеркәсібі (8,8%-ға) және тау-кен өнеркәсібі (6,2%-ға) болды. 2) 2025 жылғы 31 мамырда ОПЕК + елдері үшінші ай қатарынан мұнай өндіруді ұлғайтты, бұл Қазақстанның экономикалық өсу перспективаларын одан әрі нығайтты. Кавказ бен Орталық Азия үшін инфляция болжамы 2025 жылы 7,8%-ға дейін және 2026 жылы 6,7%-ға дейін (бұрын тиісінше 6,9% және 5,9%-ға дейін күтілген) өсу жағына қарай қайта қаралды. Негізгі себеп - Арменияда, Қазақстанда және Қырғыз Республикасында инфляциялық тәуекелдердің күшеюі. Қазақстанда салыстырмалы түрде қатаң ақша-кредит саясатына қарамастан, инфляцияның өсуі жалғасып келеді, бұл коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуімен түсіндіріледі.
Қарау саны: 27 |
|
|