2025 жылғы 29 шілдеде "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшылары "Қабылданып жатқан заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау сапасын арттыру" тақырыбында оқу семинарын өткізді. Семинарға орталық мемлекеттік органдардың шамамен 40 өкілі қатысты.
Семинардың
мақсаты - әзірленіп жатқан заң жобаларының
сапасын арттыру және қабылданып жатқан
заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық
салдарын бағалау үшін тәжірибелік
нұсқаулық беру.
Қабылданатын
заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық
салдарын бағалау - ұсынылатын реттеу
шараларының орындылығы туралы шешім
қабылдау кезінде пайдаланылатын және
орнықты әлеуметтік-экономикалық даму
үшін қолайлы реттеуші ортаны құруға
ықпал ететін халық, кәсіпкерлік және
мемлекет үшін оларды енгізу нәтижесінде
туындайтын пайда мен шығындарды кешенді
талдау.
Семинар
барысында Сараптама орталығының
директоры Тен Карина ҚР 2016 жылғы 6
сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы"
Заңына және Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру
және өткізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды
іріктеу қағидаларына сәйкес заң
жобаларына ғылыми экономикалық сараптама
жүргізу тәртібін түсіндірді (Қазақстан
Республикасы Әділет министрінің 2023
жылғы 11 шілдедегі №473, Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрінің
м.а. 2023 жылғы 12 шілдедегі №135 және
Қазақстан Республикасы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасының 2023 жылғы 11 шілдедегі №223
бірлескен бұйрығымен бекітілді).
Сараптама
орталығы директорының орынбасары Айдана
Байқанова қатысушыларға Қазақстан
Республикасының қабылданып жатқан заң
жобаларының әлеуметтік-экономикалық
салдарын бағалау жөніндегі паспорттың
құрылымын түсіндіріп, оның әрбір бөлімін
толтыру бойынша түсініктеме берді.
Семинар
аясында тәжірибелік бөлім ұйымдастырылды,
оның барысында қатысушылар мысал
негізінде әлеуметтік-экономикалық
салдарларды бағалау бойынша Паспорттың
бөлімдерін өз бетінше толтырды.
Семинар
қатысушыларға заң жобаларының
әлеуметтік-экономикалық салдарын
бағалаудың әдістемесімен және анағұрлым
нәтижелі тәсілдерімен танысуға мүмкіндік
берді, бұл - қабылданатын шешімдердің
сапасын жақсартудағы және мемлекеттік
қызметшілердің қабылданатын заң
жобаларының әлеуметтік-экономикалық
салдарын бағалау саласындағы кәсіби
құзыретін арттырудағы маңызды қадам.
