Қазақстанның
республикалық бюджетінің
тапшылығы (кірістер
мен шығындар, таза
бюджеттік кредиттеу және қаржы
активтерімен операциялар бойынша сальдо
арасындағы айырма)
соңғы 4 жылда номиналды мәнде 67,0%-ға
-2020
жылы -2,2 трлн теңгеден 2024 жылы -3,6 трлн
теңгеге дейін ұлғайды.
Бұл
ретте, ЖІӨ-ге
қатысты бюджет тапшылығы 2020 жылы ЖІӨ-ге
-3,1%-дан 2024 жылы ЖІӨ-ге -2,7%-ға дейін 0,4 п.т.
төмендеді, бұл
бюджет тапшылығының өсуімен салыстырғанда
экономиканың жылдам өсуін көрсетеді.
Қазақстанның
республикалық бюджетінің
мұнайлық
емес тапшылығы
(қарыздарды
өтеуді қоспағанда, қарыздар түсімдерін,
Ұлттық қордан трансферттер түсімдерін
және шикі мұнайға кедендік әкету бажын
және бюджет шығыстарын қоспағанда,
түсімдер арасындағы айырмашылық)
соңғы
4 жылда 43,9%-
ға
-
2020
жылғы
-7,5 трлн теңгеден 2024 жылғы
-10,8 трлн теңгеге дейін өсті. ЖІӨ-ге
қатысты мұнайлық
емес тапшылық оң динамиканы көрсетті
– 2020 жылы ЖІӨ-ге -10,7%-бен салыстырғанда
2024 жылы ЖІӨ-ге -8,1%-ға дейін 2,6 п.т.
төмендеді.
