Қазақстан фискалдық саясатты жаңғырту бағытын жалғастыруда. 2025 жылы қабылданған жаңа Бюджет кодексі салықтық жеңілдіктерге басқарылатын және бағаланатын бюджеттік саясат құралы мәртебесін бере отырып, салықтық шығыстарды жүйелі басқарудың берік құқықтық және ұйымдастырушылық негізін қалады.
Салықтық
шығыстар –
басым салалар мен әлеуметтік осал
топтарды қолдауға бағытталған салықтық
жеңілдіктер ұғымын нормативтік бекіту
басты жаңалық болды. Жеңілдіктер алғаш
рет есепке алынатын және бақыланатын
бюджеттік шығындар ретінде қарастырылады.
Осы
мақсатта
бюджеттік процеске үш деңгейлі
бағалауға негізделген салық шығыстары
туралы Талдамалық есеп енгізілді:
фискалдық
шығындарды сандық бағалау,
мәлімделген
мақсаттарға қол жеткізуді сапалы
бағалау,
мемлекеттік
саясаттың басымдықтарымен стратегиялық
байланыстыру.
Қаржы
министрлігінің деректері бойынша 2023
жылы салық жеңілдіктерінің сомасы 2022
жылмен салыстырғанда 2,1
трлн теңгеге
ұлғайып, 75,8
трлн теңгені
құрады. ҚҚС бойынша жеңілдіктер басым
болып қалады – 63,8
трлн теңге.
Айтарлықтай өсім көрсеткендер: КТС-9,9-дан
11,6 трлн теңгеге дейін (+17,6%), ЖТС – 189-дан
440 млрд теңгеге дейін. Әлеуметтік салық
бойынша 7,7-ден 4,4 млрд теңгеге дейін
төмендеу байқалады.
Егер
бұрын түскен кірістерді есептеуге баса
назар аударылған болса, енді Қазақстан
жеңілдіктердің
нақты тиімділігін бағалауға келесі
қадам жасайды.
ЭЫДҰ
тәжірибесіне бағдарлану және тиімділікті
бағалауды енгізу механикалық жеңілдіктер
беруден оларды стратегиялық басқаруға
көшуге мүмкіндік береді. Келесі
кезең-тиімділік
өлшемшарттарын дамыту, парламенттік
бақылауды күшейту және тиімсіз
жеңілдіктерді қайта қарау.
Қазақстан
салық жеңілдіктерін заңнама тұрғысынан
да, практикалық тәсілдер тұрғысынан да
фискалдық саясаттың маңызды құралы
ретінде басқаруға дайын екенін көрсетті.
Нақты
ережелерді енгізу, бағалау жүйесін іске
қосу және тиімділікке баса назар аудару
мемлекеттік қаржыны басқарудың жаңа
кезеңін ашады. Енді
ең бастысы – бұл механизмдер шартты
түрде рәсімдік деңгейде қалмай, бюджеттік
шешімдердің тиімділігін арттыру үшін
жұмыс істеуі керек.
Осипова
Эльмира
Фискалдық
саясат орталығы директорының
орынбасары