Ақтөбе облысы бюджетінің шығындары (бағыттар бойынша) 2022-2024 жылдары 1,6 есеге – 430,1 млрд теңгеден 692,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Осы жылдары бюджеттің басым
бөлігі білім беру саласына жұмсалып,
жалпы көлемнің орта есеппен 42,0% -не
жетті. Аталған кезеңде олар 1,5 есеге –
2022 жылы 182,5 млрд теңгеден 2024 жылы 279,8
млрд теңгеге дейін өсті.
Қалған
бағыттар бойынша шығындар орта есеппен
15% - тен аспайды және негізінен Ақтөбе
облысы бюджетінің барлық шығындарының
оннан бір бөлігінен аз.
2022
жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңдегі
шығындар динамикасын талдай келе,
шығыстар мынадай бағыттар бойынша
едәуір өскені байқалды:
өнеркәсіп,
сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі 7 есе: 2022 жылы 1,3 млрд теңгеден
(барлық шығындардың 0,3%) 2024 жылы 9,4 млрд
теңгеге дейін (барлық шығындардың
1,4%);
отын-энергетика
кешені және жер қойнауын пайдалану 4,9
есе: 2022 жылы 7,4 млрд теңгеден (барлық
шығындардың 1,7%) 2024 жылы 36,3 млрд теңгеге
дейін (барлық шығындардың 5,2%);
қорғаныс
3 есе: 2022 жылғы 2,1 млрд теңгеден (барлық
шығындардың 0,5%) 2024 жылы 6,1 млрд теңгеге
(барлық шығындардың 0,9%) дейін;
жалпы
сипаттағы мемлекеттік қызметтер 2,9
есе: 2022 жылғы 18,4 млрд теңгеден (барлық
шығындардың 4,3%) 2024 жылы 53,4 млрд теңгеге
дейін (барлық шығындардың 7,7%).
Шығындардың
мұндай серпіні экономикалық даму,
инфрақұрылым, энергетика және мемлекеттік
басқару салаларына басымдық берілгенін
аңғартты, бұл Ақтөбе облысының тұрақты
өсу, экономиканы жаңғырту және мемлекеттік
аппараттың тиімділігін арттыруды
қамтамасыз етуге ұмтылысын көрсетеді.
