Экономикалық зерттеулер институты төрағасының орынбасары Қайсар Нығметов VIII Орталық Азия сараптамалық форумына қатысты

18.08.2025

2025 жылғы 14-15 тамызда Ташкент қаласында «Орталық Азия – сенім, қауіпсіздік және тұрақты дамудың ортақ кеңістігі» VIII Орталық Азия сараптамалық форумы өтті, оған Орталық Азия елдерінің стратегиялық институттарының, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен академиялық топтарының, оның ішінде Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) өкілдері қатысты.

«Экономикалық ынтымақтастықтың жаңа белестері: сауда, өнеркәсіп, көлік, энергетика және ауыл шаруашылығы» сессиясы аясында Экономикалық зерттеулер институты Басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Нығметов баяндама жасады.

Қайсар Нығметов өз сөзінде Орталық Азия өңірі тұрақты экономикалық серпінді көрсетіп отырғанын атап өтті. 2024 жылы өңір елдерінің жиынтық ЖІӨ шамамен 500 млрд АҚШ долларына жетті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 67% артық. Өзара сауда көлемі бес жыл ішінде шамамен 80% өсіп, 11,6 млрд долларға жетті.

Экономика мен сауданың өсуі қарқынды дамып келе жатқан өңірлік нарықтың қалыптасуын және бірлескен экономикалық жобаларды іске асыру үшін алғышарттар жасауды айғақтайды. Өзара инвестициялардың жоғары әлеуеті сыртқы қаржыландыру көздерін толықтыратын капиталдың ішкі нарығы қалыптасқанын көрсетеді.

Орталық Азия әлемдік мұхитқа шыға алмайтын елдерден тұратын әлемдегі жалғыз өңір болғандықтан, өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту ерекше стратегиялық маңызға ие болып отыр.

Ішкі нарықтың кеңеюі жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызады. Мұндағы халықтың орташа жасы – 28,7, бұл өңірді әлемдегі ең жас өңірлердің біріне айналдырады. БҰҰ-ның демографиялық болжамдары бойынша Орталық Азия елдері халқының саны 2025 жылы 81 млн адамнан 2050 жылға қарай 113,8 млн адамға жетеді.

Өңір әлемдегі климат өзгеруінің әсеріне осал. Қазірдің өзінде климаттың өзгеруі экономикаға әсер етеді: құрғақшылық жиіледі, су ресурстары азайып, жер тозып жатыр, бұл өнімділікті төмендетеді және ауыл шаруашылығы шығындарын арттырады; төтенше температура энергия жүйелері мен инфрақұрылымға жүктемені арттырады.

Қазақстанда кейінгі сегіз жылда төтенше ауа райы құбылыстары санының өскені байқалды – 2023 жылы 203 жағдай тіркелсе, 2024 жылы жоғары деңгей сақталып (190 жағдай), өсіп келе жатқан климаттық тұрақсыздықты растады.

Орталық Азия елдері Қазақстанның өңірлік стандарттар жүйесі мысалында өмір сүру сапасы мен мүмкіндіктердің теңдігін қамтамасыз ететін ортақ бағдарға ие болуы мүмкін. Тұрғындардың инфрақұрылымға қолжетімділігіне қатысты жалпы бағдар неғұрлым теңгерімді және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге және өңірдің болашағы туралы бірлескен пайымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сөз соңында Қайсар Нығметов Орталық Азия елдерінің экономикалық кооперациясы ұлттық экономикалар өсімінің негізгі көздерінің біріне айналуы мүмкін екенін атап өтті. Өңір экономикаларының өзара толықтырылуы белгісіздіктің сыртқы күйзелістеріне, сауда-өндірістік тізбектерді әртараптандыру тұрақтылығына ықпал етеді. Ол үшін өзара энергетика, сауда, көлік байланысын дамыту және өңірдің транзиттік әлеуетін нығайтуда бірлескен жобаларды іске асыру маңызды.



Қарау саны: 53
Сақталған: 20.08.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!