Ақмола облысының 2022-2024 жылдарға арналған шығындары

21.08.2025

Ақмола облысы бюджетінің шығындары (бағыттар бойынша шығыстар) соңғы 2 жылда 1,5 есеге – 2022 жылғы 476,8 млрд теңгеден 2024 жылы 718,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Ақмола облысының бюджеті біркелкі емес құрылымға ие: 2022-2024 жылдары барлық шығындардың ең үлкен үлесіне білім беру шығындары (орта есеппен 39,5%) ие, олар соңғы 2 жылда 2022 жылғы 178,7 млрд теңгеден 2024 жылы 289,2 млрд теңгеге дейін 61,8%-ке ұлғайды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жұмсалатын шығындар (орташа есеппен 11,6%) 2 есе өсті – 2022 жылғы 49,4 млрд теңгеден 2024 жылы 97,1 млрд теңгеге дейін.

Мұндай құрылым балалардың ерте дамуын қолдауды қоса алғанда, өңірлік саясаттағы білім беру саласының басымдылығын және Ақмола облысының бюджет шығыстарының әлеуметтік бағыттылығын айғақтайды. Мәселен, 2024 жылдың соңында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 94,4% -ті құрады. Бұл ретте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қаржыландырудың өсуі халықтың базалық коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етілу көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етті: 2024 жылдың аяғында қалаларда орталық сумен жабдықтауға қолжетімділік 99%-ті, жылумен жабдықтауға қолжетімділік 68,6%-ті құрады; ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қолжетімділік 96,6%-ке жетті.

Бағыттар бойынша шығындардың қалған түрлері Ақмола облысы бюджетінің барлық шығындарының оннан бір бөлігінен азын құрайды.

Сонымен қатар, соңғы 2 жылда келесі бағыттар бойынша шығындардың барынша артуы байқалады, бұл сонымен қатар өңірдің өндірістік әлеуетті дамытуға және әлеуметтік саланы нығайтуға бағытталған басымдықтарын көрсетеді:

  • өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі – 4,9 есе: 2022 жылы 1,7 млрд теңгеден (барлық шығындардың 0,4%) 2024 жылы 8,4 млрд теңгеге дейін (барлық шығындардың 1,2%). 2024 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде Көкшетау қаласында 2 жоба іске асырылды – 400 млн теңгеге «Garanti Export» ЖШС бұршақ, майлы және дәнді дақылдарды қайта өңдеу кешені, 500 млн теңгеге «АБЗ – 2024» ЖШС асфальт зауыты;

  • денсаулық сақтау – 4,2 есе: 2022 жылғы 5,2 млрд теңгеден (барлық шығындардың 1,1%) 2024 жылы 21,9 млрд теңгеге дейін (барлық шығындардың 3,1%). 2024 жылы 510 бірлік медициналық техника, 53 қазандық сатып алынды, 17 денсаулық сақтау объектісінде күрделі жөндеу жүргізілді.



Қарау саны: 11
Сақталған: 21.08.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!