Қазақстандағы майлы дақылдарды өндіру және экспорттау перспективалары: кедергілер, сын-қатерлер мен мүмкіндіктер

29.08.2025

Экономикалық зерттеулер институтында Институт ұжымының Майлы дақылдарды қайта өндеушілердің ұлттық қауымдастығының өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шара экспорттық әлеуетке және мемлекеттік қолдау шараларына ерекше назар аудара отырып, Қазақстандағы май-тон май саласын дамытудың ағымдағы үрдістерін, сын-қатерлері мен перспективаларын талқылауға арналды.

Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимов өндіріс көлемін, өңдеу ерекшеліктерін, сондай-ақ май өнімдері экспортының динамикасын қоса алғанда, саланың өзекті жай-күйін таныстырып өтті. Кездесуге қатысушылар қайта өңдеушілердің алдында тұрған сын-қатерлерді, халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру тетіктерін, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын талқылады.

ЭЗИ Сауда және инвестициялық саясатты дамыту орталығының директоры Бауыржан Тұрлыбеков «Сыртқы сауда трендтері және Қазақстанда май-тон май өнімдерін шығару жөніндегі жобалар туралы» талдамалық шолумен сөз сөйледі. Ол сектордағы сыртқы экономикалық белсенділік бойынша деректерді ұсынды, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін белгіледі.

Кездесудің модераторы агроөнеркәсіптік саясатта тұрақты шешімдер әзірлеу үшін бизнес пен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өткен ЭЗИ төрағасының орынбасары Кайсар Нығметов болды.

Қатысушылар мұндай кездесулер әсіресе әлемдік нарықтардағы тұрақсыз конъюнктура және бәсекелестіктің күшеюі жағдайында өзекті болып табылатын пікір алмасуға, ұлттық басымдықтар мен барлық мүдделі тараптардың үйлестірілген іс-әрекеттері туралы бірыңғай түсінікті қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.



Қарау саны: 37
Сақталған: 01.09.2025






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!